Лекция Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориялық негіздері. Еңбекке баулу пәнінің мазмұны. Лекцияның жоспары: 1 Бастауыш сынып еңбекке баулу пәнінің негізгі ерекшеліктері


Құрастыру жұмыстарында 1-2 сынып оқушылары конструктордың жиын-тықтарынан бұрауышпен, кілтпен түрлі бұйымдар құрастыруға үйренеді



бет3/3
Дата13.01.2022
өлшемі1,35 Mb.
#111638
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
3-лекция
Инструментоведение 5

Құрастыру жұмыстарында 1-2 сынып оқушылары конструктордың жиын-тықтарынан бұрауышпен, кілтпен түрлі бұйымдар құрастыруға үйренеді.

  • Құрастыру жұмыстарында 1-2 сынып оқушылары конструктордың жиын-тықтарынан бұрауышпен, кілтпен түрлі бұйымдар құрастыруға үйренеді.
  • Ал 3-4 сыныпта осындай бұйымдарды белгілеу, өлшеу,қию, желімдеу арқылы қағаздан, қатырма қағаздан жазық немесе көлемді ойыншықтар жасауға үйренеді.


Еңбекке баулу пәнін оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жалпы сипаттамалары

Оқыту - адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттің барысы.

Арнайы педагогикалық мағынада тәрбиелеу - қоғамда тұлғаның, оның қатынастарының, өзіне тән белгілерінің, сапаларының, көзқарастарының, сенімдерінің, тәртіп тәсілдерінің дамуы мақсатында бағытталған ықпал барысы және нәтижесі.

Кең мағынада тәрбиелеу – мақсатқа бағытталған оқытудың және тәрбиелеудің әсерімен адам тұлғасы дамуының барысы және нәтижесі.

Тұлғаны қалыптастыру - орта, тұқым қуалау және тәрбиенің ықпалымен адам тұлғасының даму барысы және нәтижесі.

Оқу барысы ресми анықталған оқушылар тобымен, сыныппен, оқу жоспарымен, бағдарламалармен жүргізіледі. Тәрбиенің барысы былай қатаң шектелмеген, ол тек басшылыққа алуға ұсынылған үлгі бағдарламамен жүреді. Бұл қоғамдық, саяси, мәдени-көпшілік, көркемөнер, еңбектік түрлі іс-әрекет барысында жүреді.

Оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің ерекшеліктері мен өзара байланыстары. Оқу-тәрбие барысының біртұтастығынан оқыту және тәрбиелеу әдістерінің бірлігі ретінде педагогикалық әдістер жайында айту заңды деп есептейміз.

Бұл тұрғыда қараудың негізі К.Маркс еңбектерінде дамытылған адам іс-әрекет қағидасы болып табылады. Осы қағидаға сәйкес кез-келген іс-әрекетте ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау болады.

Оқыту және тәрбиелеу әдістері тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері болғандықтан, әдістерді ұстаздар мен тәрбиеленушілер іс-әрекет ұйымдастыру, ынталандыру мен іс-әрекеттің себептерін туғызу, бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері деп үш топқа бөлген жөн.

Енді тәрбиелеу және оқыту әдістерінің өзін топқа бөлу жағдайларына тоқталайық. Тәрбиелеу әдістері:

- тұлға санасын қалыптастыру әдістері (көзқарастарды, сенімдерді, мұраттарды). Бұл лекция, әңгіме, баяндау, пікір таластыру, конференциялар және т.б. арқылы жүзеге асырылады;

- іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірбиесін қалыптастыру әдістері. Бұлар педагогикалық талап, тапсырмалар беру, тәрбиелік жағдайды (күйлерді) туғызу;



- іс-әрекетке және тәртіпке ынталандыру әдістері. Бұлар мадақтау, жарыс, жазалау. Осылайша үш топқа бөлінеді.

Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет