Лекция Хроматография грек тілінен аударғанда түс, бояу дегенді білдіреді



бет6/10
Дата17.04.2024
өлшемі103,12 Kb.
#200972
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция 1 перевод
Отбасы татулыгы, Шешендік туа біткен қасиет пе әлде үйренуге болатын өнер ме, 1838жылы Кенесары кандай бекініс басып алды
Лекция 2-3.
Сапалық сараптамада жиі қолданылатын хроматографиялық әдістерді қарастырайық. Егер қозғалмайтын фаза сұйық болса және зерттелетін қосылыс осы сұйықта еритін болса, онда ол қозғалмалы және қозғалмайтын фаза аралығында таралады. Мұндай хроматографиялық жүйе таралушы хроматография деп аталады.
Егер қозғалмайтын фаза зерттелуші қосылысты адсорбциялауға қабілетті қатты зат болса, онда мұндай хроматография адсорбционды хроматография деп аталады.
Фазалардың агрегаттық күйіне, әрекеттесу типі мен сипаттамасына қарай 1-кестеде көрсетілгендей жіктеледі.
1-кесте
Хроматография анализ түрлері

Түрі

Қозғалмалы фаза

Қозғалмайтын фаза


Форма

Таралу механизмі


Газды


газ-адсорбционды

газ-сұйықтықты


Сұйықтықты

қатты-сұйықтықты

сұйық-сұйықтықты

ионалмасушы


жұқа қабатты

қағазды


Ситалы (гель

өткізуші)


Газ
Газ


Сұйықтық
Сұйықтық


Сұйықтық
Сұйықтық

Сұйықтық
Сұйықтық

Сұйықтық

Қатты
Сұйық


Қатты
Сұйықтық


Қатты
Қатты

Сұйықтық
Сұйықтық

Сұйықтық

Колонка
Колонка


Колонка
Колонка


Колонка
Жұқа қабат

Жұқа қабат


Қағаз парағы

Колонка

Адсорбционды
Таралушы

Адсорбционды


Таралушы
Ионалмасушы
Адсорбционды Таралушы
Таралушы

молекула өлшеміне қарай



Қозғалмайтын фазаның орналасуына байланысты колонкалы және жұқа қабатты хроматография болып бөлінеді.
Колонкалы хроматографияда қозғалмайтын фаза ішкі диаметрі мен ұзындығы алдын-ала белгілі труба тәрізді хроматографиялық колонкаға орналастырады. Жұқа қабатты хроматографияда қозғалмайтын фаза инертті қабатқа орналастырылады.
Сынаманы хроматографиялық жүйеге енгізу тәртібіне қарай фронтальді (қарсы алдынан), элюентті және ығыстырушы хроматография болып бөлінеді.
Егер еріген қоспаны хроматографиялық колонкаға үздіксіз енгізетін болса, онда аз сорбцияланатын таза күйдегі бір ғана зат бөлінеді. Басқалары колонкадан қоспа түрінде алынады. Бұл әдіс фронтальді хроматография деп аталады.
Элюентті режимде сынама қозғалмалы фаза ағынына енгізіледі. Қозғалмалы фаза құрамы енгізгенге дейін де кейін де өзгеріссіз қалады. Колонкадағы қозғалу процесі кезінде қоспа компоненттері аймақтарға бөлінеді. Таза элюентпен алынған бұл аймақтар колонкадан кезекпен бөлінеді.
Ығыстырушы әдісте сынаманы енгізіп, белсенділігі аз элюентпен бөлгенде элюент құрамы өзгереді, яғни ол зерттелуші қоспа компонентеріне қарағанда қозғалмайтын фазамен жақсы (күштірек) әрекеттеседі. Бұл әдісте жеке компонент аймақтары аралас болады.
Сынаманың барлық компоненттерін таза күйінде алу үшін қолданылатын элюентті хроматография кеңінен таралған.
Сұйық хроматографияда элюент ағысының изократикалық және градиентті тәртібі пайдаланылады.
Изократикалық режимде элюент құрамы сараптама барысында өзгермейді, ал градиентті режимде элюент құрамы белгілі бағдарламалар бойынша өзгеріп отырады.
Таралушы хроматография. Қозғалатын және тұрақты бір-бірімен араласпайтын екі сұйық фазалар арасындағы зерттелуші жүйенің әртүрлі жеке компоненттерге таралуына негізделген. Зерттелетін ерітінді колонкаға қозғалатын еріткіш көмегімен енгізіледі. Қозғалмайтын фаза инертті тасымалдаушы бетінде жұқа қабат түрінде болады. Ол таралушы зет пен қолданылатын еріткішке қатысты индифферентті болады және колонкада орналасады. Колонкада екі сұйық фаза арасында әрбір компоненттің таралу коэффициентіне байланысты қайта таралуы жүзеге асады.

Мұндағы С және С - қозғалмайтын және қозғалатын фазалардағы компоненттің жалпы концентрациясы
Таралушы компоненттер сәйкес аймақ түзе отырып, колонкадан өтеді. Жеке компонент аймақтарының орын ауысу жылдамдығы қозғалатын сұйықтық жылдамдығынан кем. Анық хроматограмма алу үшін компоненттердің D өлшемі мәндерінде үлкен айырмашылық болу керек.
Егер тасымалдаушы гидрофильді қасиетке (силикагель, целлюлоза) ие болса, онда қозғалмайтын фаза ретінде су, ал қозғалатын фаза органикалық еріткіш болады.
Егер тасумалдаушы гидрофобты зат болса, онда қозғалмайтын еріткіш ретінде полярсыз заттар (бензол, керосин), ал қозғалатын фаза ретінде органикалық заттар немес су қолданылады.
Қағазды хроматография (қағазда жасалатын хроматография) таралушы хроматографияға жатады. Инертті тасымалдаушы ролін арнайы хроматографиялық қағаз атқарады: оның талшықтары бір бағытта және қалыңдығы бірдей біртекті.
Хроматографиялық қағаздың тығыздығына байланысты бірнеше түрін ажыратады. Егер еріткіш қағаз брйына тез таралса, онда сараптама уақыты қысқарады, бірақ компоненттердің аймаққа таралуы толық болмауы мүмкін. Сондықтан қағазды таңдау бөлудің нақты тапсырмасына байланысты болады.
Қағазды хроматографияда қозғалмайтын фаза су болады. Бұл ауаның жұқа ылғалды қабатымен қапталған қағаз талшықтарының ылғал тартқыштығымен түсіндіріледі. Қозғалатын фаза сумен араласпайтын болуы керек. Бұл мақсатта қолданылатын органикалық еріткіштер (ацетон, н-бутанол) алдын-ала сумен қанықтырылады.
Компоненттердің таралуы келесі тәсілмен жүргізіледі. Қағазға тамызылған компоненттер қозғалатын фазаға өтеді және таралу коэффициентіне сәйкес қағаз капиллярлығына байланысты әртүрлі жылдамдықпен орын ауыстырады. Нәтижесінде қағаз бетіннің белгілі аймағында әрбір компонент концентрленеді, яғни хроматограммада жеке компоненттердің сәйкес аймақтары түзіледі. Қағаздағы аумақтардың орын ауысуы органикалық ерітіндінің қозғалмайтын сулы фаза арасындағы компоненттердің кезекпен таралуы түрінде көрініс табады.
Компоненттердің таралу қабілеттілігін сандық бағалау үшін коэффициенті енгізілді, ол ерігент заттың араласу аумағының фронт еріткішінің араласуына қатынасына тең. Сәйкесінше белгілі уақытта қағаздың кез келген бөлігінде қозғалатын фазамен тепе-теңдікте болатын еріген заттың салыстырмалы орын ауыстыру жылдамдығын сипаттайды.
коэффициенті көптеген факторларға тәуелді: зерттелетін зат пен еріткіш таралатын тасымалдауыштың табиғатына, тәжірибе шартына және т.б. Хроматография кезінде барлық параметрлер тұрақты болса, онда тарлушы компонент көрсеткіші болып табылады. мәнінің айырмашылығы көп болған сайын заттың таралуы тиімдірек болады.
Орындалу техникасына байланысты қағазды хроматография бөлінеді: бір жүйелі, екі жүйелі, дөңгелек типті. Бір жүйелі хроматограммада қозғалатын фаза ретінде бір ғана еріткіш қолданылады.
Күрделі қоспаларды бөлуде екі жүйелі хроматографияға жүгінеді. Ол кезегімен қағазға перпендикуляр бағытта өтетін екі қозғалатын жүйеден тұрады.
Дөңгелек типті хроматограммада дөңгелек қағаз қолданылады. Қозғалатын фаза дөңгелектің ортасынан щетіне қарай қозғалады. Аумақтар эллипс түрінде болады, фазаның қозғалу жылдамдығы қағаз талшықтарының орналасуына тәуелді.
Қағазды хроматография әдісі органикалық және биохимиялық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Оламиндер, алкалоидтар, қанттар, көмірсулар, глиеридтер, амин қышқылдары, протеиндер, дәрумендер, гормондар, антибиотиктер және т.б. заттарды бөлуде қолданады. Артықшылығы: зерттелетін зат химиялық жағынан өзгермейді, бұл биологиялық зерттеулерде маңызды.
Жұқа қабатты хроматографияның қағазды хроматографиядан мынандай артықшылықтары бар: бөліну тез өтеді, сорбент қабаты қатаң реактивтерге тұрақты, анықтау дәлдігі айтарлықтай жоғары (0,1 – 0,005мкг).
Ұзындығы 15-20см, ені 4-20см болатын пластинкаға жұқа қабатты сорбент орналастырады. Осы қабаттың стартты сызығына жеке заттар немесе оларың қоспасының сынамасы қойылады. Еріткіштің көтерілу шекарасын белгілейді. Пластика перпендикуляр бағытта болады және кептіреді. Оны сәйкес айқындағыштармен анықтаған соң компоненттер мен қоспалар боялған дақ түрінде пайда болады.



А –старт сызығы

В – дақтың ортасы

С – фронт сызығы

1,2 – жеке заттар

3 – компоненттер қоспасы.

Содан кейін дақтың ортасынан старт сызығына дейингі аралықты (АВ) және еріткіштің фронт сызығынан старт нүктесіне дейінгі аралықты (АС)өлшейді.


Осы аралықтардың бір-біріне қатынасы тұрақты болады, ол хроматограммадағы заттың жағдайын сипаттайды. Оны Rf деп белгілейді. Бөлінудің нақтылығы сорбент пен оның белсенділігін дұрыс таңдауға байланысты. Сорбент ретінде алюминий оксиді, силикагель, кальций гидроксиді мен сульфаты, магний силикаты, целлюлоза мен ионттер қолданылады. Бір ғана еріткіш қолданылады (гексан немесе хлороформ), бірақ көбінесе екі немесе одан да көп еріткіштер жүйесі (гексан-ацетон, метанол – NH4OH) пайдаланылады. Хроматографияланған заттар люминесценция көмегімен, йод буымен өңдеу немесе реактив айқындағыштарымен анықтайды.
Жұқа қабатты хроматография синтетикалық пестицидтерді табуға және ізін анықтауға ұсынылады. Оны қолдану арқылы 1л жүзім шырынынан 30мкг гексахлоранды анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет