Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Герман тайпаларының жылжуы



бет5/44
Дата03.06.2022
өлшемі142,65 Kb.
#145820
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)
start-me-up, 123, ХVІІ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Вьетнам, Algoritmder zh 1241 ne derekter 1179 1201 rylymy TEST SPETsIFIKATsIYaSY
Герман тайпаларының жылжуы. Германдықтардың орналасуы Германияның солтүстік, теңіз жағалаулары, Ютландия және Оңтүстік Скандинавия болды. Оңтүстікке қарай кельттер, шығысына славяндар мен балттар орналасты. Герман жаулаушылығының алғашқы толқыны кимверлер мен тевтондардың үлкен жылжушылығын тудырды, ширек ғасырда жарты Еуропаны қамтыды (шеткілері: Ютландия, Венгрия, Испания) және б.э.д. 102 – 101 жылдары Батыс Алып маңында Гай Мари оларға тойтарыс берді. Олардың шабуылының екінші легіне б.з.д. І ғ. 60-жылдарында свевтер Ариовистің басқаруымен Шығыс Галлияға орнығуға ұмтылды. Оларды б.э.д. 58 жылы Цезарь талқандайды. Алайда бұл уақытта германдықтар орталық Рейнде мықтап орналасқанда, жүзжылдықтың аяғында Дунайда жергілікті кельттердің көпшілік бөлігін ассимиляциялады. Германдықтардың оңтүстік бағыттағы жылжуларын римдіктер тоқтатты, одан кейін б.э.д. І ғасыр аяғынан олардың жаулаушылығы негізінен шығыс және оңтүстік – шығыс бағыттарында, жоғарғы Эльба мен Одер, орталық, оның кейін төменгі Дунайда жүрді.
Алайда Батыс Рим империясының үкіметі Шығыстан әскери көмек алып жағдайды тез арада түзеді. Вестготтармен келісім жасалып, Аларихтың мұрагері Атаульф император Гонорияның қарындасына үйленіп және Аквитания жеріне орналасуға келісім алды. 412 жылы вестготтар Галлия мен Испанияда империя жауларына қарсы күреседі. Бірте – бірте Оңтүстік – Батыс Галлияға федерат түрінде еніп империя территориясында 418 жылы алғашқы варварлық мемлекет негізделеді.
Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы. Юлий Цезарьдың «Галль соғысы туралы жазбаларындағы» және онымен замандас басқа антиктік авторлардың шығармаларындағы деректер германдықтардың біздің заманымызға дейінгі І ғасырдың орта кезінде тайпалық құрылыста өмір сүргендігін дәлелдейді. Әр түрлі герман тайпаларының қоғамдық даму деңгейі біркелкі болған жоқ. Бір қатар тайпалар, әсіресе Солтүстік Германия мен Ютландияда, сол кездің өзінде – ақ отырықшы өмір сүрген. Бұл тайпалардың шаруашылығында егіншілік басты роль атқарды. Жер өгіз жетілген соқамен өңделіп отырылды. Біздің заманымыз басталғанға дейін – ақ германдықтарда жеңіл доңғалақты соқа қолданылған. Кейбір герман тайпалары біздің заманымызға дейінгі І ғасырда ие болған территорияға түбегейлі отырықтанған жоқ, бұл ішінара Цезарь соғыс жүргізген германдықтарға қатысты. Оларда римдік қолбасшының байқауына қарағанда, мал шаруашылығы мейлінше маңызды болған. «Олар егіншілікпен оншама ынта қойып шұғылданбайды, - деп жазды Цезарь – және негізінен сүтпен, құртпен және етпен қоректенеді». Герман тайпаларының жер өңдеу мәдениеті сол кездегі римдік жер өндеу мәдениетінен анағұрлым артта болғанымен, Цезарь жазып отырған тайпаларда да маңызды роль атқарған. Мұндай тайпалардың қоныс аударуы тіпті де номадтардың әдеттегі көшпенділігі емес еді. Олардың оқтын – оқтын ілгері қарай жылжып отыруы жаңа жерге деген мұқтаждықтарынан еді, бұл егіншіліктің экстенсивті сипатымен байланысты болатын. Германдықтар да, қоғамдық дамудың дәл сондай сатысында тұрған басқа тайпалардағы сияқты, бұл кезде көбінесе егіншіліктің тыңайту жүйесі қолданылды. Мұндай жүйе жағдайында құнарлылығын қалпына келтіру үшін жердің едәуір бөлігін ұзақ уақытқа тыңайтуға тастап, жыртылатын жер учаскелерін үнемі ауыстырып отырды.
Германдықтар деревня – деревня болып қоныстанды, оларда әдетте рулық қауымдар тіршілік етті, дұшпандарының қорғану үшін, олардың балшық дуалдары мен тосқауылдары бар бекіністері болды.
Германдықтардағы негізгі шаруашылық ұясы қауым болды. Маркстік – лениндік тарих ғылымы қауымының бір ізділікпен бірін – бірі алмастырған үш: 1) қандық – туыстық, 2) егіншілік және 3) көршілік формасы болғанын ажыратады. Цезарьдың кезінде германдықтарда қандық – туыстық қауым өріс алған болатын. Ол үшін коллективті өндіріс пен барлық жерге колективтік меншік тән болды. Қауымның мүшелері жерді бірлесіп өңдеп отырды, жер жыл сайын (немесе бірнеше жылда бір рет) рулар – сол тайпаның қан жағынан туыс бірлестіктері арасында – қайта бөлініп отырылды. «Және олардың ешқайсысының – дейді Цезарь германдықтар туралы – дәл өлшеп берілген жер учаскесі немесе жеке меншік иелігі жоқ; бірақ лауазымды адамдар мен ақсақалдар руларға және бірге тіршілік ететін туысқандардың топтарына қандай және қанша жер беруді лайық көрсе, соның сонша жерді бөліп беріп отырады, ал бір жылдан кейін оларды басқа орынға кетуге мәжбүр етеді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет