Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


Королингтердің франк мемлекеті. Бенефицийлік реформа



бет8/44
Дата03.06.2022
өлшемі142,65 Kb.
#145820
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)
start-me-up, 123, ХVІІ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Вьетнам, Algoritmder zh 1241 ne derekter 1179 1201 rylymy TEST SPETsIFIKATsIYaSY
Королингтердің франк мемлекеті. Бенефицийлік реформа. Пипин Геристальскийдің ұлы Карл Мартелл (балға) елді 715 жылдан 741 жылға дейін майордом - герцог ретінде басқарды. Ол өзіне қарсы шыққан австразия шонжарларының қарсылығын басып, жеке дара билігін күшейтті. 732 жылы Карл Мартелл Пуатье түбінде арабтарға шешуші соққы беріп, олардың жолын кесті. Көптеген мамандар оны осы жеңісі үшін христиан әлемін қорғап қалушы деп есептейді. Осы жеңістен кейін оған “мартелл – балға” деген лақап ат берілді. Арабтарға қарсы соғыстың алдында жүргізген оның әскери реформасы оң нәтижесін берді. К.Мартелл атты әскерлердің санын өсірді. Ұрыстан кейінгі кезеңде К.Мартелл әскери реформаны онан сайын тереңдетті. Жаяу әскер мүлде азайтылып толық атты әскерге көшу ісі қолға алынды. (Бұрын франктерде тек жаяу әскер болатын).
Мұндай жағдайда күйзелген шаруалар әскерде қызмет ете алмады. Реформаның нәтижесінде шаруалар шын мәнісінде әскерден аласталды. Жаңа ортағасырлық феодалдық кәсіпқой әскердің негізін енді ірі және орташа жер иелері құрады. Жаңа кәсіпқой әскер - рыцарлық әскер деп аталынатын болды.
Әскери қызмет атқаратын адамдарға мемлекеттік қордан жер үлестірумен шектелмей Карл Мартелл осы мақсатта шіркеу жерлерінде пайдаланды. Батыс европа тарихында бұл тұңғыш секулеризациялау, яғни шіркеу жерлерін светтік биліктің пайдасына тәркілеу болды. Бірақ Карл Мартелл жүргізген секулеризация толық қанды формаға ие бола алмады. Ол тек шіркеу жерінің бір бөлігін ғана қамтыды.
Пипин өзінің әкесі сияқты Аквитания мен Рейннің арғы жағындағы соғыстарды жалғастырды. Оның тұсында арабтар Оңтүстік Галлиядан біржолата қуылды. Осындай жігерлі саясатының нәтижесінде Пипин франк корольдығының онан әрі өрлеуіне алғышарттар жасады.
Ұлы Карлдың тұсындағы франк империясы. Пипин Короткийдің мұрагері Ұлы Карлдың тұсында франк мемлекеті империяға айналды (768-814 жж). Ұлы Карл каролингтер династиясының ең көрнекті өкілі болды (династияның аты онымен байланысты). Ол аты аңызға айналған, европа халықтарының көптеген жырларында кездесетін тарихи тұлға. Әлемдік империя құру мақсатында Карл басқыншылық соғыстар жүргізді. Европаның түкпір-түпкірлерінде ол 50 ден астам жорықтарға тікелей қатысты. 774 жылы Карл Италияға жорық жасап, ең соңғы Лангобард королі Дезидерияны тақтан тайдырып корольдықты өз иелігіне қосып алды.
Ұлы Карл арабтарғада қарсы жорыққа шығып 778 жылы Сарагосса қаласына дейін жетті, бірақ оны ала алмай кейін қайтуға мәжбүр болды. Осы жорықтың оқиғалары атақты ортағасырлық француз эпосы “Роланд туралы жырдың” сюжеттік негізі болды. Оның негізгі қаһарманы Карлдың әскери басшыларының бірі Роланд болды. Роланд жорықтан қайтып келе жатқан кезде баскі тайпаларының шабуылынан қаза табады. Алғашқы сәтсіздігіне қарамаған Карл Пиреней түбегіне қайтадан жорықтар жасап Барселонаны жаулап алды. Осы жердегі шекаралық межеде өз иелігі Испан маркасын құрды. Ең ұзақ соғысты Карл Саксонияда жүргізді. (772 жылдан 802 жылға дейін). Саксонияда бұл уақытта әлеуметтік жіктелу барынша жүріп жатты. Саксон ру тайпа шонжарлары – эделингтер, еркін саксондар – фрилингтер, жартылай еркін адамдар лаццилар деп аталды. Саксондарда кароль өкіметі болған жоқ, діни нанымдарында пұтқа табынушылық үстем болды.
Ұлы Карлдың жаулаушылық соғыстары оңтүстік- шығыс бағыттада жүрді. 788 жылы ол Баварияны өзіне бағындырды. 778-803 жылдары Карл Паннонияда орналасқан Авар қағанатымен соғысып жеңіске жетті. Оңтүстік славяндардың (словен) Карлды қолдауы шешуші маңызға ие болды. Авария қағанаты біржолата ыдырады.
Осындай жаулаушылық соғыстардың нәтижесінде Карлдың тұсында франк мемлекетінің шекарасы айрықша кеңейді. Енді оның көлемі батыста Эбро өзенімен Барселонадан – шығыста Эльба өзені мен Балтық жағалауларына дейін жетті. Бүкіл Италия дерлік Франк мемлекетінің құрамында болды.
Карл мен оның төңірегіндегілер үшін батыс рим империясы қайтадан тұрғандай болып көрінді.
Бұл римдік державалық дәстүрлерді жаңғыртуға мүмкіндік берді. Карлдың өзіде тек франктердің королі деген титулмен шектелгісі келмеді, ол әлемдік монарх – “римдіктердің императоры” титұлын алғысы келді”. 800-жылы Карл римге келіп, папа оны “римдіктердің императоры” деп жариялауға мәжбүр болды.
ІХ ғасырдың басында Каролингтердің халықаралық беделіде өте зор болды. Араб халифтері, Шотландия корольдары, Ирландия тайпаларының көсемдері Ұлы Карлдың ықыласына ие болуға тырысты. 812 жылы Карлдың императорлық титулын (“базилевс”) кейбір ескертулермен Византияда мойындады.
Ұлы Карл 814 жылы 72 жасында қайтыс болды. Ол қайтыс болысымен, оның құрған империясыда ыдырай бастады. Өйткені бұл жеткілікті экономикалық базасы жоқ ерте феодалдық әскери монархия еді. Натуралдық шаруашылықтың үстемдігі, жекеленген облыстар мен аудандардың тіпті поместьелердің тұйықтығы, қалалар мен сауда ісінің әлсіздігі. Мұның барлығы империяның ыдырауының оқшауланған алғы шарты еді. Ұлы Карлдың кезінде, оның тоқтаусыз жүргізген соғыстарының нәтижесінде әбден байып алған ірі феодалдар енді орталық билікке бағынғысы келмеді. Екінші жағынан Карлдың жүргізген соғыстары кезінде негізгі салмақ еркін франк шаруаларына түсіп, олардың саны күрт азайды. Осылайша, Карл өзін қолдайтын әлеуметтік топтан айрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет