Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары


Бүгінгі таңда Қазақстандық қоғамда қазақстандықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруіне бағытталған үштілділік



бет25/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар
Презентация, тест проф русс, тест проф русс, ЕП 19-15к Есіркеп Балжан Пр, Madeniet
5. Бүгінгі таңда Қазақстандық қоғамда қазақстандықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруіне бағытталған үштілділік саясаты жүргізілуде. Үштілділік саясаты ана тілін ұмытуды емес, керісінше, қазақ тілін бірінші орынға қоюды алға шығарады. Қазіргі уақытта көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

Мұны тәуелсіз Қазақстанда қабылданған алғашқы заңдардың бірі «Қазақстан республикасындағы Тіл туралы Заңда» ( 11.07.1997ж.) Қазақстан халықтарының барлық тілдері еліміздің тарихи-мәдени мұрасы және ұлттық игілігі деп айтылуынан түсінуге болады.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылдың 29 маусымында №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мемлекеттік тіл саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері және бағыттары атап көрсетілген.

Қазақстанның екітілділіктен үштілділікке өтуі заңды құбылыс. Орыс және ағылшын тілдері қарым-қатынас құралы ғана емес, олар сонымен қатар әлемдік білім алудың тиімді жолы болып есептеледі.

Бірнеше тілді меңгеру Қазақстанның әлемдік қауымдастықта экономикалық және мәдени интеграциялануына белсенді мүмкіндік береді.

Бұл мақсатқа қол жеткізу Қазақстанда үштілді білім жүйесін қолданғанда ғана мүмкін болары сөзсіз. Қазақстанда аталған жүйені қалыптастыруға мүмкіндіктер баршылық. Көптілді білім берудің ұтымды жақтары да көп болады.

Қазақстанда сауатты тіл саясатын жүзеге асыру азаматтық бірлікті сақтауға, әртүрлі этностар мен халықтардың өкілдерімен достықты нығайтуға және тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға ықпал етеді. Сол себепті қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде кезең-кезеңмен ендіру қарастырылған.

Біздің еліміз көпұлттылығымен және көпхалықтығымен ерекшеленеді. Көпұлтты Қазақстан жағдайында тілдердің үштұғырлығы қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды факторы болып табылады.



Тілдердің және мәдениеттердің алуан түрлілігі – Қазақстанның ұлттық игілігі. Осыған орай қазіргі әлемдегі білім беру жүйесінің алдында тілдерді оқытудың нәтижелілігі, көптілділік деңгейін жетілдіру, көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселесі өзектілік танытып отыр. Өзінің төл мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерді тануға ұмтылушы индивидті көпмәдениетті тұлға деп айтады.

Төл мәдениетті терең білу - басқаларға қызығушылықтың іргетасы, ал өзгелердің мәдениетімен танысу рухани байлық пен дамудың негізі деп саналады. Мемлекеттік тілді білу және бірнеше тілдерді меңгеру еліміздің азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін танытатын факторлардың бірі болып табылады. Әр қазақстандықтың аз дегенде үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады.

Қазақстандағы үштілділік идеясын Елбасы алғаш рет 2004 жылы көтерді, сөйтіп оған бірнеше рет қайта оралды.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2006 жылдың қазан айындағы ХІІ сес- сиясында Елбасы аз дегенде үштілді меңгеру біздің балаларымыз үшін аса қажет екендігін қайта атап көрсетті.

Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында Елбасы «Үштұғырлы тілдер» саясаты» атты мәдени жобаны таратуды кезең-кезеңмен бастауды ұсынды. Осы кезден бастап, өзінің танымалдығымен, тиімділік деңгейімен басқа елдерге үлгі болатын, Тәуелсіз Қазақстанның тілдік саясатының жаңа есептік кезеңі басталды.

Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ықпалдасуы: бүгінде кімде-кім басымдылық танытушы тілдер арқылы білім негіздерін меңгерсе, соған барлық есік ашық деген қарапайым ақиқатты түйсінуден тұрады.

Үштілділікті дамыту қазақстандық қоғамда бірыңғай саяси, идеологиялық, мәдени платформаның болуымен шарттас келеді. Бұл платформа: мемекеттік тіл ретінде қазақ тілін, орыс тілін ұлтаралық қатынастар тілі ретінде және ағылшын тілін ғаламдық экономикаға табысты ықпалдасу мақсатында оқып үйренумен сабақтасады.

Көптілділік - қазіргі жастардың көпмәдениеттілік тәрбиесін дамыту жолы. Көптілді білім беру – бұл тұлғаның бір мезгілде бірнеше тілді меңгеріп, адам- зат тәжірибесінің әлеуметтік маңызды «фрагменті» ретінде тіл білімі мен оны үйрену дағдысын, сөйлеу әрекетін нақты көрсете алатын, мәдениет пен тілге деген эмоционалды-құндылықтық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін, көптілді индивидтің мақсатты, ұйымдасқан, нормаға сәйкестенген оқытудың үштілділік үдерісіндегі тәрбиесі мен дамуы.



Көптілді тұлға дегеніміз - бұл бірнеше тілдерді белсенді тасымалдаушы. Сондықтан «лингвистикалық сана-сезімі дамыған индивидті» көпмәдениетті тұлға деп атайды [7]. Полилингвиалды тұлға қалыптастыру – полимәдениетті білімдік ортаның дамуының негізгі бір бағыты. Көпмәдениетті тұлға тарихи сана-сезіммен қатар географиялық сана-сезіммен, ғаламдық ойлау сана-сезімімен және сол сияқты туған өлкесін, отанын,туған жерін, туған ошағын жақсы білуі тиіс.

Көптілді білім – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Көпмәдениетті тұлға – рельефті тарихи сана-сезімі қалыптасқан индивид.

Көпмәдениеттілік тәрбиесі – бұл тек басқа мәдениетке толерантты сыйластық қарым-қатынас қана емес, бұл оқушының жеке интеллект ретінде рухани дамуы үшін маңызды процесс ретінде қарастыруға болады.

Көпмәдениетті тұлғаның негізгі көрсеткіштері ретінде эмпатия, кикілжіңге тұрақтылық, толеранттылық сияқты субъектілердің диалогқа түсуіне толық мүмкіндік жасауға қажетті сапалар алынады.

Қорыта айтқанда, тіл – ұлттың әлеуметтік құрылым ретінде пайда болуы мен қалыптасуының құралы, мәдениеттің түйінді құбылысы және ұлттық тұтастықтың механизмі деп саналады.


Лекция №8 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ. ЭТИКЕТ

Жоспар:

1. Этикет – мәдениет нормалары.

2. Шығыс этикеті: Исламдағы этика мен этикет.

3. Кәсіби этика.



4. Сөйлеу мәдениеті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет