Лекция. Кіріспе. МӘдениеттану пәНІ, оның МӘні мен мақсаты жоспар: Мәдениеттану пәнінің қалыптасуы. Мәдениеттанудың пәндік ерекшеліктері мен қисындары



бет24/40
Дата09.01.2022
өлшемі219,72 Kb.
#110466
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
Лекция. Кіріспе. М дениеттану п НІ, оны М ні мен ма саты жоспар
Презентация, тест проф русс, тест проф русс, ЕП 19-15к Есіркеп Балжан Пр, Madeniet
Ұлтаралық қарым-қатынас тілі – ұғымы бір мемлекетте немесе нақты бір аймақта өмір сүретін әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара қарым-қатынасында қолданылатын ортақ тіл ретінде түсіндіріледі. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі адамдардың өз ұлтының территориясынан тыс жерде бірнеше ұлттардың тір- шілік ету ортасындағы қарым-қатынасында қолданылады. Қазақстанда ұлт- аралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілі қолданылады.

Қазақ тілі Қазақстан Республикасында тұратын барлық халықтарды біріктіретін мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында маңызды қызмет атқарады. Бұл, бірінші кезекте мемлекеттің барлық заңнамалық актілері қабылданатын тіл. Бұл сол сияқты ресми іс-шаралар, қызметтік хаттар, байланыстар жүзеге асатын тіл деп танылады.

Мемлекеттік тілдің маңызы мен рөлі туралы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан, ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс», сонымен қатар «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда «2025 жылға дейін қазақстандықтардың 95% қазақ тілін меңгеруі тиіс»,- деп көрсетілген. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу логикасына сәйкес қазақ тілі Қазақстанда тұрмыстық жағдайларда ғана емес, ол сол сияқты біздің қоғамымыздың барлық (саяси, әлеуметтік, мәдени-ағарту, ғылыми және т.б) салаларында да көшбасшылық бағытты ұстануы тиіс.

ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Бұл бағдарламаның мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын қалыптастыру болып табылады.

Адам көпұлтты ортада өз ана тілінің рөлі туралы көп ойлана бермейді. Тілге деген құрмет, құндылықты қатынас оған балама түріндегі басқа тілдің пайда болуында айрықша байқалады, сондықтан тілді таңдауда адам өзінің шыққан тегіне, сана-сезіміне жүгінеді және ана тілі адаммен мәңгі бірге болып қала береді.

Халықтың тілі – этностың пайда болуымен бірге қалыптасатын және оның өмір сүруінің шарты болып табылатын ұлттың төл болмысының, мәдениетінің маңызды компоненті ұлттық ділді жеткізіп, таратушы құрал деп саналады.

«Толеранттылық» сөзі қазір жиі қолданылады. Толеранттылық бұл басқа халықтарға деген тілектестік қарым-қатынас және тұлғаны қандай болса, сол қалпында қабылдау, халық және оның мәдениетіне құрметпен қарау (Муравьева Н.В.)

Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларға қысым жасамауының белгісі, сондықтан ол барлық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Толеранттылықтың бірнеше түрі бар. Мысалы, этникалық толеранттылық – адамның аса таныс емес өзге халықтардың өкілдеріне (мінез-құлқына, ұлттық дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына, сезімдеріне, көзқарастарына, пікірлеріне, идеяларына, наным- сенімдеріне) құрмет көрсете алуы, ал басқа діндердің және наным-сенімдердің өкілдеріне құрметпен қарау, яғни конфессионалдық толеранттылық әсіресе, біздің көпұлтты республикамыздың азаматтарына өте қажет.

Толеранттылық ұстанымдарына сәйкес 1995 жылы 16 қарашада Парижде ЮНЕСКО-ның құрамындағы 185 мемлекеттің мүшелері қол қойған Декларация қабылданған.

Азшылық ұлттардың тілдік құқықтарын қорғау туралы сөз қозғағанда, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі, Қазақстан халықтарының әлеуметтік өміріндегі рөлін ұмытуға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет