Лекция Кіріспе. Сумен жабдықтау және суды әкетудің негізгі мақсаттары


Судың ағу бағытын белгілеу және торабтың сенімді қызметі



бет13/56
Дата12.10.2019
өлшемі4,02 Mb.
#49759
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
умк транспортирование каз


1.3 Судың ағу бағытын белгілеу және торабтың сенімді қызметі
Тармақталған торда су шығын нүктелеріне тек бір баңытпен ғана барады. Ал айналмалы торда оның бағыты күрделірек болады. Судың ағу бағыты, әрине, су құбыр торабының кескін үйлесіміне байланысты (2.13 сурет) болып, құбырларды бойлап әржаққа көлденең және перпендикуляр желілермен мекенжайдың түпкір-түпкіріне апарылады. Судың бағытын анықтауда және оның сенімді қызметін қамтамасыз ету үшін мынадай екі принципті орындау қажет:

1. Су шығын нүктелеріне өте қысқа жолмен жеткізілуі тиіс;



2. Су құбырлары бір-бірін алмастыра алу керек.



2.13 сурет. Судың ағу бағыты
Судың ағу баңытын осы принциптерге сүйеніп анықтап алғаннан кейін, әрбір учаскеден өтетін шығынды тауып, оған лайықты болатын диаметрді, арын жоғалуын және судың ағу жылдамдығын гидравликалық есептеу арқылы табуға болады.

Қала су құбыры суды тұтынушыларға қажетті мөлшерде және керекті арынмен жеткізумен қатар, сенімділік қабәлетіне де ие болуы тиіс.

Іимараттар мен жүйелердің сенімділік жұмысы деп олардың белгілі бір мерзімде пайдаланылу қабілеттілігін жоғалтпайтының түсінеміз.

Сумен жабдықтау жүйесі құбырларда немесе оның басқа элементтерінің кездесетін дағдарыстар (апаттар) себебінен мекенжайға суды белгілі бір мөлшерде жеткізбеуі де мүмкін.

Құрылыс қағидалары сумен жабдықтау мекенжайларын сипат жағынан үш сенімділік категориясына бөледі (кесте 2.5).
Кесте 2.5


Сенімділік категориясы

Қажетті өтеу дәрежесінің кемуі

Сумен жабдықтау мекенжайлары

I

II
III




1-3 тәулік су көлемін 30% дейін кемітетін.

1 ай аралығында су көлемін 30% дейін кемітетін немесе 3-5 сағаттай үзіліс жасауға рұқсат ететін.


1 ай су көлемін 30% дейін кемітетін немесе 1 тәул. Бойы болатын.

Тұрғындар саны 50 мыңнан арттық қалалар. Металлургия, мұнай өндіруші, мұнай, химиялық өнеркәсіптер, электрстарциялар.
Тұрғындар саны 50 мыңға жуық қалалар. Көмір, мұнай өңдеу, машина құрылыс өнеркәсіптері, топтасқан және ауыл шаруашылық су жүйелері.

Тұрғындар саны 500 елді мекендер. Шағын кәсіпорындар.




1.4 Құбырлардың диаметрлерін анықтау
Су құбыры торабының жеке учаскелерінің диаметрлері сол учаскелерден өтетін есепті шығындарға лайықтап алынуы керек. Дөңгелек құбырларының диаметрін гидравликадан белгілі мына формула арқылы анықтауға болады.

немесе , (2.17)

Мұндағы Q – есепті шығын, л/с; V – ағу жылдамдығы, м/с.

Су құбыры торабының учаскелеріндегі құбырлар диаметрін анықтаған кезде, әдетте шығын көлемі белгілі болып, ал судың жылдамдығы үнемділік жағын ойластыра отырып алынады.

(2.17) формуласындағы судың жылдамдығы артқан сайын құбырдың диаметрі кемиді де, ал керісінше жылдамдық кеміген құбырдың диаметрі үлкее түсетінін байқаймыз. Демек, су құбыры торабының құрылыс және пайдалану судың ағу жылдамдығына тәуелді.



Құрылыс құнын (Сқұр) және пайдалану кезіндегі бір жылдық шығынды (Спай) біле отырып, қагдайда бір Т уақыт аралығындағы (есепті мерзім) жалпы шығынды анықтауға болады:

(2.18)

Мұндағы Т – құнын өте мерзімі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет