Лекция көз тию сглазить көзқарас точка зрения бие кобыла


Батыр қай шайқаста 207 рет ұрысқа кірген?



бет3/3
Дата19.12.2021
өлшемі0,63 Mb.
#103545
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
6-сынып. 21-сабақ

3.Батыр қай шайқаста 207 рет ұрысқа кірген?

А) Курск шайқасы

В) Мәскеу түбіндегі шайқас

С) Берлин шайқасы

Д) Сталинград шайқасы
2-тапсырма. Сөздердің синонимдерін анықтаңыз


сабырлы




майдан




ұстаз




дүниеге келу




қаһарына міну




ептілік




қылыш




ықпал ету




әйгілі





3-тапсырма. Мәтін бойынша берілген ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз

Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

Бауыржан Момышұлы қаңтар айының 24 күні туған.







Бала кездегі лақап аты «Шаңтимес» болған.







Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Бразилия еліне барды.







Алғашқы еңбек жолын экономист болып бастаған.







1928-1930 жылдары бастауыш мектепте сабақ берген.







Осы дәрістің стенограммасы кейін «Ұшқан ұя» деген атпен кітап болып басылды.







1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды С.Мұқанов, Қ.Сәтбаев соғыс туралы әңгіме-дәріс өткізуге шақырып, кездесу ұйымдастырады.







Қаржылық сауатты Момышұлы әскери саланы да тастамай қатар алып жүрген.








Соғысқа дейінгі жылдары әскерде өнерімен талайды тәнті еткен.








4-тапсырма. Мәтін бойынша негізгі ақпаратты анықтаңыз. Тірек сөздерді табыңыз

Үй тапсырмасы
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз

2-тапсырма. Балаға қатысты тағы қандай қазақтың салт-дәстүрлерін білесің? Ақпарат тауып жазып кел.

2-мәтін

Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі – ер балаға айдар шаш және кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта «Айдарлы бала – айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, онын қарын шашын алып, төбесіне бір ерімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.

Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген үғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.

Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.



1. Мәтін мазмұны бойынша тірек сөздердің реттілігі

 1. Қайта жаңғырған дәстүр.

 2. Батырлар да айдар қойған.

 3. Ер балаға айдар мен кекіл қою.

 4. Өзге елдердегі айдар қою дәстүрі.
А) 1, 3, 4, 2

В) 3, 1, 2, 4

С) 1, 2, 3, 4

Д) 4, 3, 2, 1


2. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімі

А) Бала аурудан тез сауығып кетеді

В) Баланың дос-жарандары көп болады

С) Бала дәулетті, бай адам болады

Д) Тіл мен көзден сақтайды
3. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?

А) Үйленген кезде

В) Бала сырқатынан айыққан кезде

С) Мүшел жасқа келген кезде

Д) Жеті жасқа толған кезде
4. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырым(-дар)

 1. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды.

 2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған.

 3. Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар.


А) Біріншісі мен екіншісі

В) Тек біріншісі

С) Тек үшіншісі

Д) Екінші мен үшінші


5. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырым(-дар)

 1. Айдар шаш қою – ежелгі салт-дәстүріміздің бірі.

 2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.

 3. Наурызбай батырдың айдары болған.


А) Біріншісі мен үшіншісі

В) Үшеуі де бұрыс



С) Екіншісі мен үшіншісі

Д) Үшеуі де дұрыс

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет