Лекция. Математикадан сыныптан және мектептен тыс жұмыстар


-лекция. Математикадан өткізілетін олипиада. Мектептегі математикалық олипиадаға дайындық



бет5/12
Дата08.02.2022
өлшемі42,79 Kb.
#119672
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекциялар
Лекциялар, диф вопросы
5-лекция. Математикадан өткізілетін олипиада. Мектептегі математикалық олипиадаға дайындық.
Мектептегі математикалық олимпиада ереже бойынша 5-сыныптан бастап әрбір параллель сыныптардың оқушылары үшін жеке өткізіледі. Негізгі мақсаты:

Оқушыларды, яғни олимпиадаға қатысатын оқушылардың жұмысын бағалау және тексеру үшін әділ қазылар алқасы құрылады, оның құрамына төраға және қазылар алқасының мүшелері енеді. Қазылар алқасының төрағасы көбіне мектеп математика пәнінің мұғалімінің әдістеме бірлестігінің төрағасы (кафедра меңгерушісі) мүшелері математика пәнінің мұғалімі, ЖОО-ның оқытушылары (сол мектепте сабақ беретін), жоғары сынып оқушылары, педагогикалық ЖОО-ның студенттері (сол мектепте іс-тәжірибе жинақтаудан өтіп жатқан).
Мектеп олимпиадаларының өткізілу уақыты «Оқу жылында ҚР-ның олимпиаданы өткізу жөніндегі нұсқауларына» сәйкес белгіленеді, ереже бойынша 8–11 сыныптар үшін желтоқсан (қараша), ал 5–7 сыныптар үшін (қаңтар) ақпан.
Мектеп математика пәнінен өткізілетін олимпиадаға қойылатын негізгі талаптар:

  • Олимпиадаға ұсынылатын есептер саны 4-тен 7-ге дейін (1–3 тапсырма арқылы жеңімпазды анықтауда қиындықтар туындайды, ал 7 есептен артық тапсырма оқушылар үшін күрделі).

  • Жұмыстың мәтіндегі барлық есептер қиындығына байланысты өсу ретімен орналастырылады.

Олимпиадаға қатысушыларға ескертпелер, нұсқаулар:

  • Барлық есепті оқып шығып, қандай ретпен орындайтыныңды белгіле. Ең соңғы есеп қиын болатынын ескеріңдер.

  • Егер есептерді шығару сізге оңайға түссе, онда есептің шартын түсінбедіңіз немесе бір жерден қате жібердіңіз.

  • Егер есептің шешімін таба алмасаң, оның шартын ықшамдауды ойлан (кішілеу санды алу керек, дербес жағдайын қарастыру керек, т.с.с) немесе есепті «соңынан» шығаруды қарастырыңыз. «Қарсы жору» әдісін қолданыңыз. Айнымалының орнына сан қойып есепте, т.с.с.

  • Бір есепке қарап отыра берме: жағдайды бағала. Егер есептің шешімін табудың ең аз жолы болса, әрі қарай жалғастыр. Егер ойың жан-жаққа шашырап кетсе, онда есепті қалдыру керек (ең болмағанда уақытша).

  • Егер шаршағаныңды сезсең — бірден демал (терезеге қара, көзіңді жұм).

  • Есептің шешімін тапсаң, бірден есепті рәсімдеу керек. Бұл басқа есептерді тексеруді талдауға және қалған есептерден ойыңды бөледі.

  • Жұмысты тапсырмас бұрын жазылған жұмыстың қазылар алқасына түсінікті ме екенін тексеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет