9-лекция. Математикалық жарыс Математикалық жарысты 4-6 тақырыптық сабақтан кейін жүйелі түрде жүргізіп отыру керек, бұл бір жағынан 1-2 айдың өзіндік қорытындысы болады. Үйірмені мұндай формада ұйымдастыру барысында оның барлығы түгелдей жарысқа, ойынға айналады.
Мұндай жарыстар және ойындар жиі қолданылады:
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета командалық жарыс болып табылады. Ол спортзалда немесе көшеде өткізіледі. Ұзындығы 50 м болатын алаңды ұзындығы 10 м болатын бөліктерге бөлу қажет. Әр бөліктерде төрешілер тұрады. Әр мүшесі төрешіден тапсырма жазылған конвертті алып төрешінің белгісі бойынша конверттен тапсырма жазылған үлестірмелер таратылады.