Лекция. Математикадан сыныптан және мектептен тыс жұмыстар


-лекция. Математикадан қалалық және аудандық олимпиадалар



бет7/12
Дата08.02.2022
өлшемі42,79 Kb.
#119672
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекциялар
Лекциялар, диф вопросы
7-лекция. Математикадан қалалық және аудандық олимпиадалар.
Қалалық олимпиадаларды өткізудің негізгі мақсаттары:

  • Математиканы оқуға деген қызығушылығын арттыру.

  • Математикадан ең қабілетті балаларды анықтау.

Аудандық олимпиадаларда төмендегі жоспар бойынша өткізіледі:

  • Ұйымдастыру комитетін құру;

  • Олимпиада мәтінін құрастыру;

  • Әділ қазылар алқасын құру;

  • Олимпиаданы өткізу;

  • Тапсырмалар шешімдерін тексеру;

  • Олимпиаданы қорытындылау жүлдегерлер мен жеңімпаздарды анықтау;

Олимпиаданы өткізу жөніндегі ережелер:

  1. Мақсаттары:

  • Математикадан ең қабілетті оқушыларды анықтау;

  • Математика пәніне қызығушылығын ояту;

  • Үйірме жұмыстары мен факультативтің белсенділігін арттыру;

  1. Мерзімі мен өткізілетін орны

17 сәуір 2020 ж сағ 9:30 №15 дарынды оқушылар мектебі.

  1. Ұйымдастыру комитетінің құрамы

  • №15 мектебінің директоры немесе қалалық білім бөлімінің қызметкерлері;

  • Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң физика-математика кафедрасының профессоры

  • Қалалық білім бөлімдері математика бөлімінің бірлестік жетекшісі

  • Оқушылар сарайының әдіскері.

Қалалық (аудандық) олимпиадалар мәтіндеріне қойылатын негізгі талаптарды қарастырайық:

  • Мәтіндегі тапсырма саны 4-тен 6-ға дейін болуы керек (көбінесе 5)

  • Барлық тапсырмалар күрделі немесе оның өсу ретімен орналасуы керек.

  • Алғашқы 1-2 тапсырма олимпиадаға қатысушылардың көпшілігі үшін қол жетімді болуы керек, олардың арасында ең қарапайым «олимпиада» тапсырмалары мен қатар, жоғары деңгейлі мектеп оқулықтарының тапсырмалары және бақылау жұмыстары болуы мүмкін.

  • Келесі 2-3 тапсырма қиынырақ болуы керек, олардың ең болмағанда біреуін қатысушылардың көпшілігі шеше білуі керек, ал қалғанын қатысушылардың жартысына жуығы шеше білуі керек.

  • Соңғы 1-2 тапсырмаларда мектепте оқытылмайтын материалдар қамтылуы мүмкін.

  • Ұсынылған тапсырма ретінде олимпиаданың жылын қамтитын тапсырма болу керек.

  • 5-6 сыныптарға 1-2 жеңіл тапсырмаларды қосу қажет.

  • Берілетін тапсырмалар мектептегі математика курсының әртүрлі бөлімдерімен қатар (екі сөзден тұратын есептер, екі теңдеулер және т.с.с болмауы керек) және таза «олимпиада» (шешудің арнайы әдістерін қолдана отырып) болуы керек, оларды шешу барысында әртүрлі әдістер мен идеяларды қолдану қажет.

  • Әртүрлі сыныптарға арналған олимпиадалардың тапсырма мәтіндері бірдей есептерден және сонымен қатар бір идеяны қолдана отырып, бірақ тапсырмалары әр сынып дәрежесіне қарай біртіндеп күрделене отырып шешілуі мүмкін.

  • Есте сақтауы қиын формулаларды қолдана отырып, күрделі есептеулермен формулаларды формальды қолдануды қажет ететін есептер олимпиадалардың мәтіндеріне қойылмайды.

  • Мәтінге олардың шешімдерін басқа нүктелермен бағалауға мүмкіндік беретін сұрақтарды көптеп қосқан жөн.

  • Бір облыстың әртүрлі аудандары дайындық және оқу қабілеті жағынан айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін болғандықтан және кейбір мәселелер жай зерттелмегендіктен, ондай кезде қалалық олимпиаданың әділ қазылар алқасы аудандарға жоғары жақ ұсынған олимпиада мәтіндеріне өзгертулер енгізуге құқығы болуы қажет.

Олимпиаданы өткізу
Ұйымдастыру комитетінен басқа олимпиадаларды өткізуге қазылар алқасы да қатысады. Қалалық (аудандық) олимпиаданың қазылар алқасына ұйымдастыру комитетінің мүшелері және мектеп мұғалімдерімен бірге осы аймақтың ЖОО-ның оқытушылары, студенттер кіреді. Әр сынып параллельдері үшін өз қазылар алқасы құрылады. Әділ қазылар алқа мүшелерінің саны олимпиадаға қатысушылар санына байланысты. Оның құрамы: 3–7 адам.
Міндетті талап қазылар алқасының төрағасының олимпиадаға қатысушылар арасында оқушылары болмау керек.
Мектептер санына байланысты мектептен бір және үш қатысушы қатыса алады.
Олимпиаданың жұмысты орындаудың шамамен ұзақтығы 5-6 сыныптар үшін 1,5–2,5 сағат, 7-8 сыныптар үшін 2,5–3 сағат, 9 сыныптар үшін 3–4 сағат, 10–11 сыныптар үшін 4 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет