Лекция Обучение в структуре целостного педагогического процесса



бет2/2
Дата30.11.2023
өлшемі126,29 Kb.
#194293
түріЛекция
1   2
Байланысты:
11апта дәріс

Оқыту процесініңқозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын таным және практикалық міндеттер мен оқушылардың нақты білімі мен іскерлік дәрежесі жэне ақыл-ой дамуытның арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді шешуге оқушылардың шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт - ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.
2 Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар: оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.
Оқытудың білім беру функциясы- бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезеңде білімді толық игеру үшін негізгі талаптарды іске асырылады. Олар:
• Білімнің толықтығы - негізгі идеяларды түсіну үшін оқыту процесінің негізгі кезеңдерін, яғни танымдық іс - әрекетінің кезеңдерінің іске асыруды қамтамасыз ету;

  • Білімнің жүйелілігі, үйлесімділігі, қисынды бірізділігі;

  • Білімнің ұғымдылығы - оқушылардың өз бетімен ізденіп, білімді
    меңгеру үшін олардың ойын дамыту;

  • Білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін бұрынғы білімді
    шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.

Сонымен, оқытудың білім беру функциясы қазіргі кезде ғылым негіздерін, іскерлікті, дағдыны игерген жоғары білімді адамды дайындауға әлеуметтік міндетті шешуге бағытталуы қажет.
Оқытудың тәрбиелік функциясы– оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландыра отырып, жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастырып, дамыту. Оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттьщ, Ф.А.Дистервергтің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф.Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал деп тұжырымдайды.Н.И.Пирогов пен К.Д.Ушинский алғаш рет педагогика тарихында оқытудың тәрбиелік сипатын, оның ғылыми мазмұнына тәуелді деді.К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оқу тәрбиенің құдіретті кұралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып оқыту, Ушинскийдің айтуы бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамытып, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми-теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдык нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, акыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесінде тығыз байланыста өткізіледі. Сонымен, оқыту оқушыларды терең біліммен қаруландырады, ғылыми көзқарастарын дамытады және тәрбиелейді.
Оқытудың дамыту функциясы.Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл – ойы, сана –сеземі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамына, іскерліктері шыңдалып, қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Тұлға жан –жақты дамиды. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту негізінде даму іске асады.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным-қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Дамытып оқыту - бүл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті - «Ең жақын даму зонасын» жасау.
Педагогика ғылымында «Дамыта оқыту» мәселесі 1960 жылдан басталды. Л.В.Занков оқыту процесіндегі ойды дамыту принциптерінің жиынтығын негідеді: теориялық материал көлемін ұлғайту, қиын деңгейде, жылдам темппен оқыту; оқу процесін оқушыылардың терең, саналы меңгеріуін қамтамасыз ету. И.Л.Лернер, М.И.Скаткин оқытудың дамытушылық әдістерінің жүйесін ұсынды. В.В.Давыдов пен Д.Б.Эльконин оқытудығы мазмұндық жалпылау тұжырымдамасын құрды. И.П. Гальрерин, Н.Ф.Талызина т.б. ақыл – ой әрекетініңкезеңдік қалыптасу теориясын негіздеді. Осы сипаттағы ғылыми ізденістер мен педагогикалық тәжірибелердегі жалпы идея оқытудың дамытушылық ықпалын мәнді кеңейту болды.
Даму өз алдына жеке болып бөлінбейді, ол оқытудың білім беру, тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Жеке тұлғаның толық интелектуалды, әлеуметтік және адамгершілік дамуы – бұл білім беру, тәрбиелеу, дамыту қызметтерін бірлікте жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.
3. Оқыту, білімдер жүйесін меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындар және кезеңдер арқылы іске асады:
1) оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажеттілігін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді тудыру;
2) жаңа оқу материалын қабылдау;
3) ұғыну;
4) білімді бекіту;
5) білім мен дағдыны практикада қолдану;
6) оқушылардың білім мендағдысын тексеру, бағалау.
1- кезеңде мақсаты мен мотивін анықтау - белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Ол түрткіден (мотив) тұрады. Мотив - әрекеттің себебін, оны неге жасау керегін анықтаса, мақсат –нәтиженің қандай болу керектігін анықтайды. Баланың оқудағы негізгі мотиві – қызығу. Оқу жұмысының қызықты болуы – қызығуға байланысты.
2-кезең қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Түйсік – ол сырқы әлеммен байланыстырушы, олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, миымызда бейнеленуі.
3 – кезең – ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғым қарапайым және ғылыми болып екіге бөлінеді. Ұғымның қалыптасуы өте күрделі пароцесс, ол оқушыларды белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді. Ойлау- талдау (анализ), синтез (жүйелеу), абстракция (дерексіздендіру), жалпылау сияқты операциялардан тұрады.
4 – кезең – бекіту – бұл оқушылардың берік ұғынуының тиімді әдіс – тәсілдері. Сабақта жаңа материалды қабылдаудан кейін бекіту әр түрлі практикалық, лабараториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.
5 - кезең – білі мен дағдыны практикада қолдану - білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші – практика екені белгілі. Егер оқушы білімді практикада қолдана алмаса, оның білімі үстірт болады. Білімді практикада қолданудың екі тәсілі бар: жаңа білімді ұғыну үстінде және жаңа оқу міндеттерін шешу үшін қолданылады.
6- кезең – бағалау, тексеру. Бұл оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс құралы. Мұғалім оны жаңа сабақты меңгеру, ұғыну, бекіту, практикада қолдану кезеңінде іске асырылады.
Бұл аталған кезеңдер өзара байланыста, біртұтастықта жүзеге асады.
Оқыту – бұлжекеленген құбылыс немесе дағды емес,ол оқушылардыңоқуғақабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Іске тартылғанпедагогикалықтетіктердің ішінде мыналарды атап өтугеболады:
• оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігінмойындаужәнеоныңәдістерін таңдау;
• жүйелі ойлануға үйрету;
• шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеужәнеанықтау;
• оқуүдерісі үшінжәнеөзін-өзітану әдісі ретіндеоқуды жақсы көру;
• тілді,есептеуді жақсы игеружәнекеңістіктік ойлауқабілетінің болуы;
• сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік.
Осының барлығын мектеп тәжірибесінде жүзеге асыру үшін «оқуды үйрету»дептүсінетін құбылысты жәнемұғалімоқушыларғаосындай оқутетіктерінқалайбереалатынынқарастырамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет