Лекция Обучение в структуре целостного педагогического процесса



бет1/2
Дата30.11.2023
өлшемі126,29 Kb.
#194293
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
11апта дәріс


10 Дәріс. Тұтас педагогикалық үрдіс құрылымындағы оқыту
10 лекция Обучение в структуре целостного педагогического процесса
Мақсаты – Оқытудың мәнін таным процесі ретінде ашып көрсету және оның заңдылықтары мен принциптерімен таныстыру.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Біртұтас педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту
2. Оқыту процесінің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық қызметінің бірлігі
3. Оқушылардың танымдық қызметінің кезеңдері
4. Білім берудің заңдылықтары мен түрлері
5. Оқытудың түрлері


1. Біртұтас педагогикалық процестегі оқыту процесін дидактика бөлімі қарастырады. Дидактика- педагогиканың маңызды саласы ретінде оқыту процесін қарастырады. Дидактика («didaktikas» - оқытушы, «didasko» - оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Кейінірек бұл ұғымды чех педагогы Ян Амос Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің «Ұлы дидактика» еңбегінде оның неігіздерін анықтайды. Я.А. Коменскийдің ойынша, дидактика «Нені оқыту?» және «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап береді. Қазіргі ғылым бойыеша дидактика - Кімді? Қашан? Қайда? Неге оқыту?- деген сұрақтарды қарастырады.
Дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқытудың барысы, нәтижелері. Дидактика жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі және т.б. проблемаларды зерттейді.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ, беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс - әрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйрену, оларды туындатқан жағдаяттар мен оларды орындау шарттары және нәтижелері. Жекеленген дидактика оқыту әдістемесідеп аталады. Ол әр түрлі оқу пәндерінің оқытылуын, мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін қарастырады.
Дидактиканың негізгі қарастыратын мәселесі – оқыту.
Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын – ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.
Оқыту білім беру мекемелерінде оқыту процесі арқылы іске асады. Оқыту процесі- бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет.
Оқыту процесі - білім, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс - әрекет барсы (Ж. А. Әбиев).
Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту процесі- бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуі барысында шәкіртттерге білім беру міндеттерін шешу процесі (М.Р. Қоянбаев).
Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері:

  1. оқыту – мақсатты процесс;

  2. оқыту – таным процесі;

  3. оқыту - даму негізі

  4. оқыту – екі жақты процесс;

  5. оқыту - жоспарлы процесс;

  6. оқыту – бұл күрделі процесс.

Оқыту – мақсатты процесс, оның басты мақсаты, әдіс – тәсілдері, мазмұны, міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. В.А. Сластенин оқыту – педагогпен басқарылатын танымның ерекше процесі деп анықтады. Тапнымдық іс -әрекет – бұл сезімдік қабылдау, теоретикалық ойлау, практикалық іс - әрекеттің бір бөлігі. Оқытудың міндеті – оқушыны айналадағы ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.
Оқыту - даму негізі. Оқыту процесі ағзаның өзіндік дамуына жүйелі түрде көмек жасап, жеке бастың жан – жақты дамуын жетілдіреді. Оқывтуда бала логикалық ойлау болмасының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес іс - әрекет жасауға дағдыланады. Оқыту баланың рухани жетілуін қамтамасыз етеді. Ол бала дамуының алғышарты.
Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс - әрекеттердің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады.
Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарлы, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады.
Оқыту – күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу, ақыл – ой мен шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асады.
Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалык дайындылығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғылым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне; үшіншіден, мұғалім мен оқушылар арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты.
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл - ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Төменеде оқыту процесінің құрылымы көрсетілген:
1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны)
2. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру).

  1. Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті)

  2. Оқыту әдістері.

  3. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың
    техникалық қүралдары.

  4. Оқыту нәтижесі.

Оқытудың құрамдас бөліктері: білім, іскерлік, дағдылар.
Білім — адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.
Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетінің іске асырылуы. Білімсіз қандай болса да іскерлік болуы мүмкін емес.
Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы - жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.нде қалыптасады.
Сонымен, оқыту процесінде іскерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет