Лекция тақырыбы: Қарттық кезең психологиясы Лекцияның оқыту нәтижелері: Пән бойынша қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы, дамудың әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет


Геронтология – қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата14.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#196745
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
VHKXNJWQGZKG12122023114952
Документ Microsoft Word
Геронтология – қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-
құлық ерекшеліктерін зерттейтін сала сы. 
Қай қоғамда болмасын, ең басты құндылық 
– 
адам мен оның өмірі. Еңбек 
белсенділігі жоғары, дені сау ұлты бар мемлекеттің болашағы да зор саналады. 
Сондықтан бүгінгі таңда адам ағзасының қартаю үдерісін зерттейтін геронтология 
ғылымы ең қызықты ғылымдардың біріне айналған. 
Қартаю жөніндегі ғылым – геронтология (грек сөзі gerontos- кәрі, қартайған адам) 
адам қартаюының қалыпты үдерісін, кәрілік өзгерістердің даму қарқыны мен сипатына 
әсер ететін оның негізгі белгілері мен факторларын, адам организмінің қартаю 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 


2-кесте. 
Біздің еліміздегі қабылданған жас шамалық кезеңінің схемасы 
Кезеңдері 
Шекарасы 
Нәресте кезеңі 
1-10 күн 
Емшек емізу кезеңі 
10 күн -1 жыл 
Ерте балалық шақ 
1-3 жас 
Алғашқы балалық шақ 
4-7 жас 
Екіншілік балалық шақ 
Ер балаларда 8-12 жас қыз балаларда 8-11 жас 
Жасөспірім жас 
Ер балаларда 13-16 жас қыз балаларда 12-15 жас 
Бозбалалық жас 
Ерлерде 17-21 жас: әйелдерде 16-20 жас 
Біріншілік жетілу кезеңі
немесе ересектік кезең 
Ерлерде 22-35 жас; әйелдерде 21-35 жас 
Екіншілік жетілу кезеңі немесе 
ересектік кезең 
Ерлерде 36-60 жас; әйелдерде 36-55 жас 
Қарттық кезең 
Ерлерде 61-74 жас; әйелдерде 56-74 жас 
Кәрілік кезең 
Ерлерде және әйелдерде 75-90 жас 
Ұзақ жасайтындар 
Ерлер мен әйелдерде 90 жас және одан жоғары 
Геронтология ілімі ХХ ғасырдың басында өз алдына ғылыми ілім ретінде 
қалыптасқан тіршілік ету ұзақтығын, яғни организм өмірінің ұзақтығын анықтау 
механизмі жөніндегі биология ғылымымен тығыз байланысты. Осы тұрғыда 
американдық ғалым Р. Пирл, сонымен қатар белгілі геронтологтар А. Комфорт және Б. 
Стрелердің алатын орны ерекше. Ресейде бұл ілімнің алғашқы қалыптасуы Пирлдің 
шәкірті, профессор В. В. Алпатов еңбектерімен тығыз байланысты. Кейбір геронтологтар 
тіршілік ету ұзақтығының биологиясын геронтология ілімінің бір тарауы деп есептейді. 
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, 
ауруханаларда геронтология және гериатрия кабинеттері (Алматы, Қарағанды, т.б.) 
ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың 
әлеуметтік-гигиеналық себептері мен клиникалық белгілері анықталды; адам жасының 
ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді. 
Егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына 
сипаттама берілді. Физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштердің қалыпты деңгейі 
анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі 
ұсынылды. 
Геронтология мен гериатрия ілімі тығыз байланысты, ол кәрі және қарттық 
жастағы адамдардың ауруларын зерттейді. Геронтологияның негізін қартаю үдерісінің 
биологиясы құрайды, дегенмен қартаю мәселесі кешенді үдеріс: биомедициналық, 
психологиялық, антропологиялық, әлеуметтік, экономикалық негізді құрайды. Кәріліктің 
алғашқы анықтамасы және оның себептері ескі дәуірге жатады. Ұлы дәрігер Гиппократ 
(б.д.д. ІV-V ғ.) кәрілік деген ұғымды табиғи жылулықтың кетуі және организмнің кеуіп 
қалуының нәтижесі деп түсінді. Философ Платон кәрілікке орта жастағы адамның өмір 
сүру салты әсер етеді деп көрсетті. Кәрілікті баяулату рецептері ежелгі Қытай және ежелгі 
Индия медициналарында келтірілген. 
Адам денсаулығы және оның өмір жасының ұзақтығы организмнің қартаю 
сипатымен тығыз байланысты. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын 
клиникалық медицинаның гериатрия (грек.geron және iatreia – емдеу) деп ата латын бөлімі 
зерттейді. 
Геронтология кезеңін дәстүр бойынша 3-ке бөлеміз. 
1. Мосқалдық кезең (ерлер үшін 60-74 жас, әйелдер үшін 55- 74 жас); 
2. Қарттық кезең (70-90 жас); 


3. Ұзақ жасайтындар (90 жастан жоғары). 
Ресейде және бүкіл дүниежүзінде геронтологияның негізін салушы әйгілі орыс 
ғалымы И. И. Мечников. Геронтология ілімі жаңа заманғы түсінікте ХХ ғасырдың 
ортасында қалыптасты. 1958 жылы медицина ғылымының академиясында Ресейде бас 
ғылыми-зерттеу геронтология институты ұйымдастырылды. Қазіргі кезде Ресейде 
геронтология ғылыми-зерттеу институты, аймақтық орталықтар, Мәскеуде Ұлттық 
геронтология орталығы жұмыс істейді. 
Қазіргі заманғы геронтологияның негізгі міндеті: мезгілінен бұрын қартаюдың 
алдын алу, денсаулықты және белсенді ұзақ өмір сүруді сақтау, қартаю ерекшеліктерін, 
қартаю үдерісіне қоршаған ортаның, оның ішінде антропогенді (өмір сүру салты, еңбек, 
әлеуметтік жағдай) факторлардың әсерін зерттеу болып та- былады. 
Геронтология ғылымындағы ең басты бағыттардың бірі – адам өмірін ұзарту. 
Дәрігерлік көмек пен өмір сүру деңгейінің жақсаруы арқасында қазір жаһан бойынша 
адамдардың өмірі біршама ұзарды. Ғалымдардың пікірінше, индивидум деңгейінде дұрыс 
диета сақтау, қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау және темекі, арақ-шарап сияқты 
қауіпті улы факторлардан аулақ болудың арқасында да өмірді аздап ұзартуға болады. 
Əйтсе де бұл факторлар көбінесе кәрілікті жеңуге емес, «кездейсоқ» ажалды жеңуге ғана 
бағытталған. 
Қартаюдың табиғатын анықтаумен геронтология ғылымы айналысады. Бұл ғылым 
физиологиялық өзгерістермен қатар, қарт адамдардың қоғамдағы әлеуметтік рөлін де 
терең зерттейді. Геронтологияның мақсаты – кәрілікке байланыс- ты туындайтын 
кейбір кемшіліктерді жеңу. Өйткені әрбір жас тобының әлеуметтік мәртебесі мен 
қоғамдағы орны сол топтың экономикалық «жетістіктерімен» тығыз байланысты. 
Мысалы, ауыл шаруашылығы саласында қарт адамдардың мәртебесі жоғары. Олардың 
өмірлік тәжірибесі жоғары бағаланып, олардың біліміне деген сұраныстың арқасында қарт 
адамдар қоғамның белсенді мүшесі болып қала береді.
Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, 
жас психологиясының бір сала- сы геронтологиялық психологиясы зерттейді. Ол 
қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерін (қимыл 
белсенділігінің баяулауы, күш қуаты азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп 
төмендеуін қарастырады. Психика функцияларының (зерде, ес, зейін және т.б.) өзгерістер 
біржақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психика- сына интеллектуалдық және 
эмоциялық ішкі әлемге кету, өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, 
өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. 
Алайда қартаюды тек регрессивті құбылыс деп қарамау керек, қартаю дамудың бір кезеңі. 
Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі төмен болады. Мысалы, қанағаттану, парызын 
өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік т.с.с. қасиеттермен қатар кемелденген 
адамдардың даналыққа жетуі. Қарт адамның шығармашылық белсенділігі жоғары 
болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психологиялық ерекшеліктері мен өзгерістеріне 
ерте кезден назар аударса, геронтология ғылымы пән ретінде егде жастағы адамның 
көбеюі; олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің 
сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгерулеріне, яғни жеке адамның даму 
мәселелеріне, т.б. байланыстар пайда болады. 
Қарттық кезең (психологияда) – адам өмірінің соңғы даму кезеңі. Қарттық жас – адам 
өміріндегі заңды кезең. Бұл кезеңдегілердің ерекшеліктері, адамның циклдік өмір 
жүйесіндегі айрықша рөлі, қарттық кезең өзіндік дамудың жалпы перспективасын 
белгілеп көрсетеді. 
Қарттық кезеңнің алдында, егер осы жастағылардың мінез- құлық позициясы 
жеткіліксіз болса, онда олар өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Осыған байланысты Л. 
С. Выготский қарттық кезеңде метаморфоз заңының болуы керек екенін көрсетті, кейін 
қарттық кезеңде олардың тек қана жойылған қабілетін сипаттау ғана емес, ең алдымен 
сапасы тамаша психикасын сипаттау керек, егер оның дамуында сапасы шынжыр болса 


ғана деп көрсетті. 
Д. И. Фельдштейн, қарттық кезеңде бұрынғы зардаптары шығып, аяқтары қақсайды 
деп көрсеткен. Мүмкіншілік болса, адам өмірі ұзарады, соның ішінде индивидтің ішкі 
өзіндік даму- ында санақ болуы керек. Жасы келген адамда тек қана тәжірибелік алып беру 
ғана емес, сонымен қоса болашаққа деген жарыстар да болады. Қарттар өз өмірінің 
қарттық кезінде күтім болмаса, өзіндік ойынан аулақ болса (тастап кетсе), істері аяқсыз 
қалса (бітірусіз), онда олардың даму қоры шектелген. Бұл қор, адам дамуының бүкіл 
өмірлік дистанциясы созылғанда қалыптасады. Даму кезеңі, бұл кәрілікпен байланысқан 
болашақты білдіреді, яғни кәріліктен белсенді түрде адамгершілік қарым-қатынас тен- 
денциясы арқылы шығарады, ол құрмет пен таңдануға байла- нысты. 
Бұл кезеңнің қызықтысы, кәрілік кезеңде оларда толық әрі аяқталған мінез-құлық 
позициясы жоқ. Геронтолог ғалымдар кәрілік – бұл біріншіден, биологиялық феномен, 
яғни бұл психологиялық өзгеріспен бірге жүреді деп санайды. Көптеген зерттеушілер 
оның барлық жоғалу жиынтығы – экономикалық- әлеуметтік, индивидуалдық болады, 
яғни бұл даму кезеңіндегі автономия болуы мүмкін. 
Кәрілік жастағы өзгеріс – биологиялық үдеріс, ол тікелей жас мөлшерімен 
байланысты болып келеді, ал егер әлеуметтік кезең болатын болса, адам зейнетке 
шығады, оның әлеуметтік стату- сы өзгереді, жүріс-тұрысы өзгереді, соңында 
психологиялық кезеңінде өзгеріске душар болады. Бұл кәріліктің механикалық өзіндік 
регуляциясын анықтауға негіз болады. Сондай-ақ кәрілердің проблемасы – биологиялық 
жүйенің функционалдық сәйкестігі, яғни өзіне лайықты психологиялық және өзін қоршаған 
әлеуметтік кеңістігіне бейімделуінсіз бұл орындалмайды.
Қартаю - бұл жаңа әлеуметтік рөлге көшу, яғни жаңа жүйелік топпен өзіндік қарым-
қатынас орнайды. Дәл қазіргі уақытта кәрілік кезеңіне ғылыми қызығушылық тууда, бұл 
кезең жайлы білім өмірде ешқандай күмән туғызбайды. Геронтопсихология – бұл қазіргі 
даму психологиясының ең жас бөлімі. Қарттық кезеңнің проблемасына деген 
психологиядағы қызығушылықтың басты екі себебі бар. Біріншіден, қарттық кезең 
жаппай өшу үдерісі емес екендігін көп ғылымдар зерттеді. Б. Г. Ананьев геронтологтар 
қарттық кезеңде адам мүгедектік үдерісіне жақын болады, сонымен қоса өзге де үдерістер 
мен мүгедектік күшке қарсы факторлар жүзеге асады деген қорытындыға келді, дейді. 
Геронтология ғылымы жаппай және бір мезгілдегі қартаюдың бұрынғы мазмұнын 
өзгертті, ұзақ өмір сүру проблемасына өте үлкен назар аударды. Қазіргі күнде 
геронтологтар қарттық кезеңдегі организмнің өзіндік бейнесін қайта құруын тексеруде, 
ерекше қабілет функцияларының жалпы орынға өтуін сақтайды. Витаукт (vita – өмір, 
aucfem – ұлғайту) организмнің өмірге деген қайраткерлігін тұрақтандырады, көптеген 
өзгерістерді қалпына келтіріп және олардың орнын толтырады, жаңа қабілет 
механизмдерін құрады. Оның екі себебі бар:
біріншісі – даму психологиясының қарттық кезеңіне деген қызығушылық; 
екіншісі - қызығушылық пен геронтологиядағы қарттық кезеңді зерттеу мен 
интенсивті дамумен байланысты, әлеуметтік-экономикалық факторлар себепшісі болады. 
Даму психологиясының 90%-ы балалар психологиясын зерттеумен шұғылданады. 
Қарттық кезең бұл өте қиын проблемалардың түрі. Геронтология ғылымының дамуына 
үлес қосқан атақты ғалымдардың бірі И.В.Давыдов оның категорияларын көрсетті, 
қарттық кезеңіне жету ешқандай күнтізбеде көрсетілмегенін айтады. Сонымен қатар, 
Еуропа бюро аймағында БДСҰ (Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы) қарттық кезеңнің
басталуы ерлерде 61 мен 74 жас, ал әйелдерде 55 – 74 жас аралығы деп көрсетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет