Лекция тақырыбы: Қарттық кезең психологиясы Лекцияның оқыту нәтижелері: Пән бойынша қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы, дамудың әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет


Қартаюдың психоаналитикалық сипаты



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата14.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#196745
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
VHKXNJWQGZKG12122023114952
Документ Microsoft Word
 
Қартаюдың психоаналитикалық сипаты.
Карл Юнг «Адамның өмірінің екінші кезеңі» деп атаған ілімінде келесі 
проблемаларды көрсетті. Ол үшін өмірдің екінші кезеңі критикалық айналым сәті, яғни 
индивидтің өзіндік дамуында жаңа мүмкіндіктер ашылады. Қарт кісілерге «әлеуметтік 
протезде» әлеуметтік көмек жүйесін ұсыну қажет. Бұл жұмыс бойынша Адлердің 
проблемалық шешімі, идеялары көрсетілген. Даму психологиясының геронтопсихология 
саласына көп үлес қосқан ғалымдардың бірі – Э. Эриксон. Өзіндік дамудың сегіз 
стадиясын көрсеткен.
Өмір циклінің әрбір кезеңінде спецификалық тапсырмалар жалпыға ортақ 
байланысқан. Əрбір кезеңі әлеуметтік-бағалы мақсатты анықтайды. Өмір жасындағы 
сегізінші кезең – қарттық, мінез- құлықтың өзгеруімен сәйкес өзгереді. Өзімшілдік пайда 
болады. Э. Эриксонның теориясы өзге де ғалымдардың қызығушылығын тудырды. Р. 
Пэкон мен Р. Пэк «сәтті қарттық» деп көрсетті, яғни адам өзіндік дамуында негізгі үш 
тапсырманы орындау керектігін көрсетті («Эго» дифференциясына қарсы рөл). Адамдар 
өздерін тек қана өзінің жұмысына және отбасына арнайды, бұл зейнет- ке шығар жол
жұмыс ауысымы немесе балалардың үйден кетуі, олар да жағымсыз эмоция тудырады. 
Екіншіден, бұл трансцен- денция жан дүниесіне қарсы. Соңғы трансценденция «Эго» 
- «Эго» өзгерісіне қарсы, негізгісін меңгеруші, маңызды белгілер көрсетіледі. 
Қартаю мәселесі нақты моральдық деңгейде айқындалады. Адамзаттың дәстүрлі 
бағалылықтарының барлығы - нәтижесінде қартаюмен тікелей байланысты. Бұл жерде 
ерекше атап айтатын дүние - бұл қартаюдың әлеуметтік аспектісі. Бұл әлеуметтік аспект 
өз артынан нақты моральдық мәселелерді алып келеді. Қартаю - ол әлеуметтік 
рөлдердің жаңа жүйеге көшуі. Яғни, топтық және тұлғааралық қарым-қатынастардың 
жаңа жүйеге өтуі. 
3. Кәріліктің әлеуметтік-психологиялық типтері 
Қартаюдың түрлері өте көп, оның айқындалу төңірегі де өте кең. Ф. Гизенің 
типологиясында қарттар мен қартаюдың үш типі көрсетілген: 

келеңсіз қарт адам 
– өзінің бойындағы қартаю белгілерін мойындамайды; 

экстраверт қарт адам 
– яғни, қартаю кезеңін сыртқы әсер арқылы немесе 
қоршаған ортадағы өзгерістер арқылы мо- йындайды (мысалы, өсіп кеткен жастар, жастар 
мен қарттардың көзқарастарының бөлек болуы, жақын адамдарының қайтыс болуы, 
отбасындағы орнының өзгеруі, техника төңірегіндегі өзгерістер, әлеуметтік өмірінің 
өзгеруі және т.б.). 

интроверт қарт адам 
– яғни, қартаю кезеңін бастан қиын кешіру. Адам қоршаған 
ортадағы жаңалықтарға қызығушылық білдірмейді, өткен өмірі туралы көп ойланады, аз 
қимылдайды, тыныштыққа ұмтылады және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет