Лекция тақырыбы: Ересектік, орта және кемел жас кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктері Лекцияның оқыту нәтижелері


Интеллектуалды даму және әлеуметтенуің психологиялық



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата12.12.2023
өлшемі440,29 Kb.
#196368
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жас14

4. Интеллектуалды даму және әлеуметтенуің психологиялық 
мәселелері 
Ересек адамның индивидуалды қасиеттері балаларға қарағанда жекелік 
сипатқа ие. 
Әлеуметтік ересектік- бұл адамның белсенді еңбек іс-әрекеті. 
Онда 
адам іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасады және өзінің шығармашылық 
мүмкіншіліктерін іске асырады. Әлеуметтік ержетуде (оны азаматтық деп те 
атауға болады) негізгі роль адамның өндірістік, қоғамдық және мәдени 
өмірге араласуында. 
Оқыту әртүрлі жас кезеңдерінде түрліше болады. Мысалы: ересектік 
жаста адамдардың көбі еске сақтаудың төмендеп кеткеніне, жұмысқа 
қабілетінің нашарлағанына, тез шаршайтындығына шағым жасайды. 
 
Бірақ, 
Б.А. Греков деген ғалым 30-70-90 жастағы адамдардың есіне салыстыру 


жүргізіп, тек 90 жастағылардың ғана еске сақтау қабілеті төмендейтінін 
айтты.
Ересектік кезеңдегі барлық басқа өзгерістерді жекелей ерекшеліктерімен 
түсіндіреді. 
Ересектік кезеңде мазмұндық еске қарағанда, механикалық және бейнелі 
ес тез төмендейді. Ал мазмұндық ес 70 жастан асқанша тұрақты болып 
келеді. Осы кезеңдегі адамдардың кәсіби дамуын қарастыратын болсақ
көптеген мамандықтағы адамдар өздерінің кәсіби шыңдалуы әртүрлі кезеңде 
болатындығын көрсетті. Мысалы: ұшқыштардың, кәсіби спортшылардың, 
балет артисттерінің және т.б. кәсіби шыңдалуы ересектіктің алғашқы 
сатысында басталады, одан кейін оларда тұрақтану кезеңі болады. Ал басқа 
мамандықтарда, мысалы, дәрігер-хирург, авиадиспетчер, т.б. мамандарда 
кәсіби шыңдалуы ересектіктің орташа немесе тіпті соңғы кезеңіне келуі 
мүмкін. 
Барлық осындый жағдайларда кәсіби өнімділік шеберлікке, білімге, 
тәжірибеге және функционалды дайындыққа байланысты. 
 
Орта жастағылар психологиясы 
Отандық психология ондаған жылдар бойы ересек адамнан гөрі баланың 
дамуына көбірек көңіл бөлді. Тұлғаның жетілу кезеңіндегі дамуы ең күрделі 
және жеткіліксіз зерттелген мәселелердің бірі болып табылады. 
Терминологияның көмескілігі, уақыт шекараларының бұлыңғырлығы және 
ересектік кезеңдерін, атап айтқанда, орта өмір кезеңін сипаттау бұл мәселенің 
күрделілігі мен дамымағандығын көрсетеді. Дәстүрлі психология негізінен 
психотерапевтік тәжірибедегі жағдайларды сипаттайды (Дж.Холлис, 2002; 
Шехи Г., 1999; Юнг КГ, 1996; Ялом И., 2004 және т.б.). Отандық психологияда 
орта жас (жетілгендік) негізінен акмеологияға сәйкес кәсіби және тұлғалық даму 
тұрғысынан зерттелді (Бодалев А.А., 1999; Деркач А.А., Зазыкин В.Г., 2003, 
т.б.). Дегенмен, өмірдің ортасында (35-45 жас) өмір сүрудің жеке 
ерекшеліктерін зерттеу бойынша эмпирикалық зерттеулердің жетіспеушілігі 
анық байқалады.
Адам білімінің әртүрлі салаларындағы сарапшылар әзірлеген көптеген жас 
классификациялары бар (және әртүрлі себептермен). Мысалы, ежелгі қытай 
классификациясы бойынша жетілу 4 кезеңге бөлінеді:
- 20 жастан 30 жасқа дейін - некеге тұру жасы;
- 30-дан 40-қа дейін - мемлекеттік міндеттерді атқару жасы;
- 40-тан 50-ге дейін - өз адасушылықтарын білу;
- 50-ден 60-қа дейін - шығармашылық өмірдің соңғы кезеңі.
Пифагор жастарды жыл мезгілдерімен салыстырды және сәйкесінше, 
жетілу жаз (20-40) және күз (40-60) кезеңдерін қамтиды. 
Жас кезеңділігі Д.Б.Бромли (1966) төртінші циклге жетілуді жатқызады 
және оларды төрт кезеңге бөледі:
1) ерте есею 21-25 жас;
2) орташа кәмелеттік жас 25–40 жас;
3) кеш ересектік 40–55 жас;
4) зейнеткерлік жасқа дейінгі 55-65 жас. 


Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму кезеңдері мыналарды қамтиды: ерте 
есейген (20-дан 40-45 жасқа дейін), орта есейген (40-45 жастан 60 жасқа дейін) 
және кеш есейген (60 жастан жоғары). 
Жеке дамудың кезеңдік схемасы (Б.Б. Бунак, 1965) жетілуді дамудың 
екінші (тұрақты) кезеңіне жатқызады, ол екі жасқа бөлінген екі кезеңді 
қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет