Лекция тақырыбы: Ересектік, орта және кемел жас кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктері Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата12.12.2023
өлшемі440,29 Kb.
#196368
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жас14

Кемел шақ кезеңі 


Кемел шақ кезеңін адамның жасы және рухының жай-күйі бойынша 
ежелгі гректер «акмэ» уақыты деп атаған, бұл қандай да бір нәрсенің шырқау 
шыңын, ең жоғарғы дәрежесін, адам тұлғасының ең жоғарғы гүлдену, «өзіне 
теңдестірілу» 
сәтін 
білдірген. Отандық 
психолог 
Н.Н. 
Рыбников 
«акмеология» терминімен жас ерекшеліктері психологиясының кемел 
жастағы тұлғаны – адамның барлық өмірлік күштерінің гүлдену кезеңін 
зерттейтін арнайы бөлімін белгілеуді ұсынды.
Кемел шақ кезеңі – тұлға өмір жолының шырқау шыңы,әсіресе, адамның 
дені сау, күш-қуаты, сергектігі, білімі, тәжірибесі жетілген кезінде. Адам бұл 
уақытта кәсіби шеберліктің шыңына және қоғамда белгілі бір орынға қол 
жеткізеді. Оның пікірімен әріптестері де, басшылары да санасады. Қағида 
бойынша, бұдан бұрынғы жас кезеңдеріне қарағанда, оның күш-қуаты азая 
түседі, бірақ кәсіби міндеттерін ол мол тәжірибесінің, өз жұмысын 
ұйымдастыра және айналасына көмекшілер жинай білуінің есебінен табысты 
шешеді.
Жүйелі түрде дамитын адам өмірінің елуінші жылдарының ортасында 
екінші шығармашылық шарықтау шегіне жетеді. Ол өзінің өмірлік 
тәжірибесін жинақтап қорытып, оны ретке келтіре алады және оны өз 
жұмысына ендіру үшін оның өмірлік күштеріәлі де жеткілікті болады. Бұл 
жас - барынша көп және ауқымды жетістіктер кезеңі. 
Адамның ересектік шақ дағдарысында табатын құндылықтары - саналы 
болмыстың құндылықтары. Кемел жастағы адам оларды өзінің өмір туралы 
түсініктеріне сәйкес деп мойындап немесе олардың орнын басатын ретінде 
дамытып қана қоймай, сонымен қатар, осы құндылықтарды сақтап, олардың 
иеленушісі болып табылады, оларды өзінің жеке өмірінде іске асырады. 
Кемел шақ кезеңінің басталуы – өте қызу уақыт. Биологиялық тұрғыдан 
өмірлік күштердің сарқылу уақыты басталады. Әйелдерде, бұдан басқа, 
репродуктивті кезеңнің анық көрінген аяқталуы осы жылдарға дөп келеді. 
Өмірлік күштердің сарқылуы дене ұлпаларының инволюциясына негізделеді. 
Адам денесінің әрбір мүшесінің өз өмір қисығы болады.
Кемел жастағы әрбір адам сондай-ақ өз тәжірибесінен өкпе ұлпасының 
икемділігі азая түсетіндігін біледі; бұл кетіп бара жатқан трамвайдың немесе 
автобустың соңынан қатты жүгіргеннен кейін адамның, бұрынғымен 
салыстырғанда, ұзағырақ дем алысын қалпына келтіре алмауынан анық 
көрінеді. Бүкіл бұлшық еттер де икемділігін жоғалтады; бұл кемел жастағы 
адамның сол бір жұмыстың өзіне жас кезіндегіге қарағанда көбірек күш-қуат 
жұмсауына алып келеді.
Бұл өзгеріс біртіндеп келеді. Көбінесе бұны ол анық көрінетін белгілі бір 
жағдайда, кенеттен байқайды. Ең маңызды және ең белгілі өзгеріс– 
эндокринді бездердің өзгеруі. Еркек пен әйелдің жыныс бездері қызметінде 
инволюция үдерісі басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет