Сабақ тақырыбы Су тіршілік көзі



Дата23.08.2017
өлшемі0,62 Mb.
#24803
түріСабақ

Сабақ жоспары

қазақ тілі L2




Мектеп: Ақтөбе қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі ФМБ

Уақыты:

Мұғалімнің аты - жөні: Нурлибекова Елена Бауыржанқызы

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

Су, оның музыкада, әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі

Сабақ тақырыбы

Су – тіршілік көзі

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың белгілі бір мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

А2 Тыңдалған мәтіндер бойынша өз пікірін дәлелдеу және қорытындылау

А6 Сөйлеу мәнерін бағалау



Сабақтың мақсаты

Дебаттағы негізгі идеялар бойынша өз ойларын ортаға салып дәлелдейді

Әртүрлі тақырыптар бойынша өз ойын әсерлі жеткізеді және өзгенің пікірін бағалайды



Тілдік міндеттер

Оқушының жеке сөздік қоры жаңа ұғымдармен толығады, сөйлеу дағдыларының дамуына мүмкіндіктер беріледі, сұхбаттасушымен еркін пікір алмасуға дағдыландырады, түсінікті жеткізе білу дағдысын дамытады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин


10 мин

3 мин

Сабақтың ортасы

3 мин


5 мин

2 мин


5 мин

Сабақтың соңы

5 мин

5 мин


Сергіту сәті:

«Жаңбыр түрлерін бейнелеу».

Оқушылар шеңберге тұрып, мұғалімнің қимылдарын қайталайды. Жаңбырдың тамшылағанын, үдегенін, нөсерлегенін, қатты жауғанын, күн шығып, шуағын төккенін көрсетеді.


Үй жұмысын пысықтау.

Топтық жұмыс. «Суды үнемдеу» тақырыбына жарнама жасау.

Жұмыстарын қорғауға 2 мин. уақыт беріледі.
Табыс критерийі:

1. Мазмұндылығы

2. Безендірілуі

3. Тартымдылығы

4. Насихаттылығы

5. Тіл тазалығы
(Әр топта ноутбук болады)

«Сэндвич» әдісі бойынша оқушылар топтарды бағалайды.
«Су – тіршілік көзі» деген ребусты шешу арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.




Сабақ мақсатын қояды. Бағалау парақтары таратылады.



  • Осы сабақ тақырыбына байланысты, балалар, бүгінгі сабағымыздың міндеті – берілген мәселені шешу.

Мәселе: Су іздеп келе жатқан адамға көмектесу.

(Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдайды)
Бір күні туған жерін сағынған бір жолаушы жолға шығады. Елін сағынғаны соншалық арнайы жолмен жүрмей, тура жол іздейді. Сөйтіп, ол жолды қысқартамын деп елсіз шөл далаға тап болады. Біраз жолды жүріп өткен жолаушы аузы құрғап, шөл қыса бастайды. Оның үстіне шақырайған күн көзінің ыстығы өтіп барады. Қатты шөлдеді, әрі қарай жүруге шамасы келмеді. Бір тамшы суға зар болды. Шарасыз қалған жолаушы осыдан шығар жол іздеді.
Тапсырма: Осы әңгімені қалай жалғастырар едің?

Өз жолдарыңды таңдап, сол жолдың дұрыстығын дәлелдеп шығу керек.
БОЛЖАУ әдісін қолдану.

  • Сіздерге үш шешу жолы ұсынылады:


1. Су іздеп, жақын арадағы елді мекенге немесе теңіз, көлге жету.

2. Кейін қайту. Еліне оралу.

3. Көмекке адам шақыру.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс. Берілетін уақыт: 5 минут
«Үш шапалақ» әдісі бойынша бір-біріне қолдау көрсету.

Жолаушы үшін ең тиімді жолды таңдап, бір қорытындыға келу.

  • Судың қажеттілігін сездік пе?

  • Бір тамшы судың қадірін түсіндік пе?

  • «Бір тамшы су» деген өлең шумақтарын еске түсіріп жіберейікші.

(Оқушылар өлең шумақтарын айтады)
Олай болса, су туралы мына нақыл сөздерге назар аударайық.
Тапсырма: Нақыл сөздердің арасында қалып қойған сөздерді тауып, ағылшын тіліне аудару.

Түнде судың бетін-лицо-ашық қалдыруға болмайды.



Бұлақты-родник- жер, тұрақты жер.

Сулы жер — нұрлы-луч- жер.

Сусыз өмір түссіз аспанмен-небо- тең.

Су — табиғат-природа- ажары.

Су — тазалық досы - друг

Сусыз өмір-жизнь-life жоқ.



  • Сабағымызды қорытындылай келе, сусыз өмір жоқ екенін мойындап, су – өмір нәрі дегіміз келеді, яғни

СУ - ТІРШІЛІК КӨЗІ

Үй тапсырмасы: «Су - тіршілік көзі» деген тақырыпқа ойтолғау жазу

Рефлексия. Оқушылар кері байланыс парақшасын толтырады, оқиды, тақтаға іледі.



Интербелсенді тақта

музыка


Ғаламтор материалдары

слайд


ноутбук

Суреттер


Слайд

Бағалау парақшалары

Қазақ халқының аңыз әңгімелері

Интербелсенді тақта

ActivInspire

Кері байланыс парақшасы



Қосымша мәлімет

Рефлексия

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?



Бұл бөлімді сабақ бойынша

ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз.

Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру

арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізді білдіріңіз

Оқу мақсаты қолжетімді болды. Айтылым дағдысы сабақтың өн бойында жүріп отырғандықтан, оқушылардың тілі бірталай жаттықты деп ойлаймын. Балалар судың қадірін білді және оны үнемдеу жолдарын өздері ұсынды. Сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыптасып, әр оқушы өз деңгейінде қазақша сөйледі. Уақыт бойынша үлгердім және жоспарлаған тапсырмаларды да оқушылар дер кезінде істеп отырды. Сабақ жоспарынан ауытқушылық болған жоқ, себебі кластың деңгейін жақсы білгендіктен, сол уақытқа сай тапсырма әзірлеп келген болатынмын. Оқушылар бірін-бірі толықтырып отырды. Сабақ жоспарлағанда алдыма қойған мақсатыма жеттім.


Қорытынды бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және

оқыту жайлы ойланыңыз)?

1: Берілген жағдаят бойынша шешу жолын іздегенде оқушылар белсенді болды.
2:Үй жұмысын қорғаған кездерінде қызығушылықпен кірісіп кетті.

Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік

берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

1: Оқушылар нақты аргументтер келтіріп, өз ойларын білдіріп, өмірмен байланыстырса деймін.
2: Оқушылар ребуты өздері құрастырса, әрине , уақыт болса.
Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім?

Оқушылар суды үнемдеу үрдісін құптайды және шамалы да болса, өз үлестерін қосқылары келеді. Жалпы табиғатты қорғауға деген ынта-ықыластары жоғары екенін байқадым.

Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?

Мақсатымыз бір болғандықтан, келесі сабағымызда бірлесе отырып, яғни топтық жұмыстар жасаймыз деп ойлаймын. Бұның өзі көп көмегін берері сөзсіз.

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет