Лекция тақырыбы: Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата11.09.2023
өлшемі282,93 Kb.
#180750
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Лекция № 1МЕН (1)

4. Менеджер және кәсіпкер


Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының 
өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай 
іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, 
дамыған теориясымен және маркетинг тәжірибесімен, жаңа технологияны 
жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен 
сипатталады.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар: «Менеджмент - бұл жұмыс істеп 
тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез 
келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы 
бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек 
басшылар. 
Басқару ұғымының туындауы еңбек бөлінісінің пайда болуымен 
туындауымен байланысты. Мұның өзі жалпы процестің қарым – қатынасы 
басқарушы функциямен қамтамасыз етіледі, сондықтан басқару қоғамдық 
еңбекке тән. Өндіріс масштабы өскен сайын басқару ролі де атқарады.
Сондықтан, әлеуметтік жүйелердегі басқару кең ұғымда қызмет түрі мен 
мақсатына тәуелсіз кез-келген ұғымдағы басқару ретінде қарастырылады. 
Барлық мекемедегі басқару нақты функциядан орындауға мүмкіндік беретін 
қызмет ретінде түсіндіріледі. Нақты функцияларды пайда алуға бағытталған 
мекемелердегі басқару менеджмент деп аталады.
Менеджер

ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, 
экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін 
кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез 
келген адам да менеджер.
Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ 
қызмет міндеті болады.
Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды
ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы - жазбаша немесе ауызша сөзі; 
немесе цифр тілі.
Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім 
сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау 
және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа 
біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін 
айқындай алуы тиіс.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі - келіссөз жүргізе 
білуі - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы 
тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе 
алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен 
қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда 
компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.
Менеджмент кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) 
туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, 
қызметтерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын 
оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді 
қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы. 


Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатнастарға 
жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау 
және қолдану болып табылады. 
Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. 
Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпаративтік бизнеспен мүлікке 
билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына 
алатын тұлғаны менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині 
американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарна қол жеткізудегі 
материалдық және адамдық ресурстарды әлде қайда тиімді пайдалануды 
және интеграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді. Басқаша айтқанда, 
менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін 
басқарудың теориясы мен іс тәжірибесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет