Лекция тақырыбы: Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Лекцияның оқыту нәтижелері



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата11.09.2023
өлшемі282,93 Kb.
#180750
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Лекция № 1МЕН (1)

Инвестициялық менеджмент
дегеніміз барынша төмен шығындарда 
келешекте табыс алу мақсатында инвестициялық ресурстардың қимылын 
басқару, инвестициялық процестерді басқаруды қағидаларының, әдістерінің 
жиынтығы.
Инвестициялық процеспен байланысты басқару қызметі әр түрлі 
деңгейлерде жүргізіледі: мемлекеттік деңгейінде, территорияда, аймақта, 
салада, кәсіпорында. Мемлекет деңгейі масштабында және бөлек 
шаруашылық субъектілер шеңберінде инвестициялық қызметті басқарудың 
ерекшеліктерін туындатады. Бірақ барлық деңгейдегі менеджмент шектеулі 
ресурстарды тиімді пайдалануды бағалаудың біріңғай әдістемелік базасына 
негізделеді. 
Инвестициялық менеджмент бір қатар қызметтерді атқарады: 
− жоспарлау – басқару процесінің кезеңі, онда инвестициялық 
стратегияны және инвестициялық саясатты әзірлеу жүргізіледі. 
Инвестициялық стратегия шаруашылық субъектінің өндірістік−шаруашылық 
қызметінің жалпы саясатымен тікелей байланысты және ағымды кезеңде 
және келешекте оның тұрақтылығын және сенімділігін қамтамасыз етуге 
бағытталған; 
− ұйымдастыру – әзірленген инвестициялық стратегяны және саясатты 
жүргізу үшін қаржы қаражаттарының қажеттілігін, меншік және тартылған 
ресурстар арасындағы қатынасты, тартылған қаражаттардың нысандарын 
анықтау талап етіледі. Стратегиялық инвесторларды, ең тиімді 
инвестициялық жобаларды және портфельдерді, жалпы инвестициялық 
процесті басқаруды ұйымдастыру алгоритмін іздестіру қажет;
− бағыттау – инвестициялық қызметтен тиімді нәтижені алу үшін 
инвестициялық процестің әр кезеңінде инвестициялық саясаттың 
қарастырылған мақсаттарына және міндеттеріне жетуге бағытталған
инвестициялық 
нарықта 
коьюнктураның 
өзгерісімен 
байланысты 
қабылданған шешімдерді жөндеуге бағытталған барлық іс әрекеттерді және 
шараларды бақылауды және бағыттауды жүргізу. 
Инвестициялық менеджер өз саласында білікті маман болуы қажет. Ол 
инвестициялық менеджменттің теориясын, бухгалтерлік есепті, микро− және 
макроэкономиканы, техникалық және фундаменталды талдаудың 
қағидаларын, математикалық модельдеуді, негізгі заң және нормативтік 
актілерді, соның ішінде салық салу суұрақтарында білуі қажет. Менеджер 
қажетті ақпараттың жинауын ұйымдастырып, оған талдау жасап, соның 
негізінде бизнес−жоспар құра алатындай болуы қажет. Менеджердің 
міндетіне инвестициялық жобалардың және бағдарламалардың тиімділігін 
бағалау, қажетті инвестициялық шешім қабылдау және оны табысты 
орындауға жеткізу кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет