Лекция тақырыбы: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері. Лекцияның оқыту нәтижелері: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктерін базалық



бет5/8
Дата16.10.2023
өлшемі49,12 Kb.
#185821
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
IAWDRSELDHJN15102023224431
Мұратбек Арайлым.БӨЖ мәдениеттану, 11 сынып Қазақстан тарихы билеттері

Темперамент және iс-әрекет


Адамның жеке динамикалық бiтiстерi оның сырттай әрекет- қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттерi мен қызмет бабынан кӛрiнедi. Темперамент ерекшелiктерiнiң оқу мен еңбек барысына ықпал етуi табиғи құбылыс. Дегенмен, темперамент айырмашылықтарындағы басты қасиет - олардың психикалық мүмкiндiктер деңгейiнде емес, ӛзiндiк iске асу кӛрiнiстерiнде.
Егер iс-әрекет қалыпты жағдайда жүрiп жатса, соңғы нәтиже мен темперамент арасында ешқандай тәуелдi байланыс болмайды. Бұл ғылыми дәлелденген. Сонымен, тұлғаның қалыпты жағдайдағы әрекет нәтижесi оның шап-шаң не енжар екендiгiне қарамай, бiрдей ӛлшемде болады, себебi соңғы ӛнiм нәтижесi басқа факторларға, әсiресе сеп-түрткiлер мен қабiлет деңгейiне байланысты келедi. Темперамент ерекшелiктерi сол әрекеттi орындау тәсiлдерiн ӛзгертуге ықпал жасауы мүмкiн.
Темпераментiне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыралады. Темпераменттiң тума ерекшелiктерi тәжiрибе, әлеуметтiк ортаға және ӛз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде кӛрiнiс бередi. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция), бiр жағынан жүйке жүйесiнiң сипатына, екiншi тараптан - оқу тәрбие мен кәсiби тәжiрибеге тәуелдi (Р.М.Грановская). Мысалы, тәжiрибелi ұшқыш- тың, боксердiң, жүргiзушiнiң әрекет шапшаңдығы тума берiлген қасиет емес, жаттығу мен үйренудiң нәтижесi. Ал сол әрекеттердiң iске асу шегi жүйке жүйесiнiң мүмкiндiктерiмен анықталады.
Кӛптеген кәсiби қызметтер үйрету, оқытумен кемелденбейдi, ондайда темперамент бiтiстерi шек қояды. Мысалы, домбыраны әркiмде тартуы мүмкiн, ал шебер күшi болу - кемде-кем адамға берiлген ӛнер. Мұндайда маман дайындау үшiн кәсiби таңдаумен бiр кәсiби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерекшелiктерiне негiздеп, кәсiби мамандандырылған адамдар ӛз еңбегiнде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.
Адам iс-әрекетiнiң жемiстi болуы сол адамның темперамент ерекшелiктерiне тiкелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тiлдесу қажеттiгi кӛп жерде, бiр ӛмiр қалпынан екiншiсiне кӛшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер әрекетте сылбыр, енжар кӛрiнгенiмен, жай, бiрқалыпты, тұрақты бiр тәртiппен орындалатын қызметтерде ӛте тиiмдi келедi. Қайталануы кӛп, жалықтыратын, қарапайым iстерде меланхолик шыдамдылық кӛрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап- шалдықпайды, кӛп қайталанған әрекеттен олар жалықпайды. Ал қызмет бабы мен әдiстерi шектелген, еркiн қимылға мүмкiндiк жоқ жерде – сангвиник пен холерик типтi де шыдамайды.
Оқу мен тәрбиенi оңтайластыру мен олардың тиiмдiлiгiн кӛтеру жолында әрбiр педагог ӛз шәкiртiнiң темперамент типiн мүмкiндiгiнше нақты анықтап алған жӛн. Осы тұрғыдан мұғалiмдерге кеңес: холериктiң оқу iстерiн мейлiнше жиi бақылауға алған дұрыс. Бұл типтi оқушымен қатты сӛзбен, жекiрiп қатынас жасауға тiптi болмайды - қатынасқа сай келеңсiз жауап әрекет болуы сӛзсiз. Сонымен бiрге оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, әдiл бағалануы тиiс. Сангвиниктердi үздiксiз жаңа, қызғылықты, зейiн тоқтатып, белгiлi күш жұмсауды талап еткен iстерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсендi iс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбей жеткiзiп тұру қажет.
Флегматик қызғылықты, белсендi әрекетке келiп, жұрт назарында
болғанды ұнатады. Оны бiр iстен екiншi-сiне ауыстыра бермеген дұрыс. Ал меланхоликпен жұмыс iстеуде дӛрекi сӛз, тұрпайы қатынас қана емес, тiптi жай дауыс кӛтеру, әзiл-оспақтың ӛзi орынсыз. Онымен жiберген қате- кемшiлiктерi жӛнiнде оңаша әңгiмелескен жӛн. Оған ерекше назар бӛлiп, әрқандай iс-әрекетте кӛрсет-кен белсендiлiк ұшқыны үшiн де мезетiнде мақтап, қошеметтеп бару керек. Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүмкiндiгiнше жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик - ӛте сезiмтал, ӛкпешiл тұлға, сондықтан оған дегенде ӛте мейiрлi, жақсы ниет бiлдiре, қатынасу керек.
Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын ӛз iс-әрекетiн жүзеге келтiруi тiкелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердiң желiсiнде кӛрiне отырып, еске түсiру, қабылдағанды бекiту жылдамдығына ықпалын тигiзедi, ой жүйрiктiгi мен зейiн тұрақтылығын және оның ауыспалылығын айқындап бередi.
Әрбір адам басқа адамдардан ӛзінің даралық ӛзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің бірі, бұл гректің
«характер» деген сӛзінен шыққан. Мәнісі із қалдыру. Психологияда бұл дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән ӛзіндік писхологиялық қасиеттері мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері адамның даралық ӛзіндік психикалық қасиеттері.
Мінездің даралық ӛзгешіліктің ӛзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының ӛрнегі. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез-кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Мiнез құбылысын зерттейтiн ғылым - характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы мiнездер типiн саралап, адамның әртүрлi ӛмiр жағдайларындағы әрекет-қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мiнез сипатын нақтылаумен шұғылданып келдi. Адамның тума емес, ӛмiр барысында қалыптасатын белгiсi болғандықтан, мiнез типтерiн жiктеу кӛбiне тұлға дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негiзделедi. Осы бағытта ежелден ӛрiстеп келе жатқан, мiнез танып, әрекет- қылық болжастырудың психологиялық жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша түсiнiк:
Жұлдызнама (гороскоп) - адам мiнезiн туған күнiмен байланыстырып түсiндiредi. Жалпы қабылданған уақыт ӛлшемдерi белгiлi кезең, аралыққа бӛлiнедi, олардың әрқайсысына нақты белгi, символ берiледi. Осы символға (ағаш, от, су, жануар т.б.) тән әртүрлi қасиеттерге орай адам мiнезi суреттеледi. Мысалы, кельт жұлдызнамасын-да 22 желтоқсан мен 1 қаңтар
аралығында туылған - алмаға тектес, осыдан мұндай адам сүйкiмдi, ақ жарқын, кеуiлшең т.б., ал қазақы жұлдызнамада жоғарыда аталған күндерi туылғандар - таутеке, яғни мұндайлар - ӛжет, тұрақты, тӛзiмдi, тұйық, сыршыл келедi.
Физиогномика (phisis - табиғат, gnomon - бiлу) - адам-ның сыртқы келбетiне және сондай келбеттi тұлғаларды ұқсастығымен белгiлi топқа бiрiктiрiп, олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бiтiстерiне қарай жануармен салыстырылады да сол жануарға тән мiнез ерекшелiгi оған таңылады. Мысалы, Аристотель пiкiрiнше, адамның мұрын танауы ӛгiздiкiндей жуан да қалың болып келсе, ол ерiншектiк белгiсi; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын - ақымақтық; қой, ешкi жүнiне ұқсас шашты адам - үркек; доңыз, арыстан қылшықтарындай тiке шашты адам - ержүрек, батыл ж.т.б.
Адамның басқа да келбет кӛрiнiстерi (кӛз, ауыз, отырыс-тұрыс т.б.) негiзiнде мiнездi байқастыру осы фи-зиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия (cheir - қол, mantia - бал ашу) - адам мiнезiн алақанның терi бедерлерi, түсi арқылы болжас-тыру жүйесi.
Дерматоглифика - бармақ, алақан терiсiне тумадан түсетiн ӛрнектер арқылы адам мiнезiн анықтай-тын ғылым жүйесi.
Графология - мәнерлi әрекет - жазу таңбасына орай адам мiнезiн анықтауға бағытталған ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет