Лекция тезистері 3 кредит


Мектеп пен отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін интеграциялау



бет57/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

4. Мектеп пен отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін интеграциялау.
Әрбір дүниеге сәби әкелген ана өзіне жүктелген жауапкершіліктің аса маңызды екенін сезінуі керек. Баланың болашақта қандай адам болатыны және Ақыреттегі жағдайы тәрбиеге байланысты. Сондықтан, ана бұл баланың қандай адам болатыны бірінші Аллаһқа, екінші маған байланысты деп түсінгені абзал. Ал енді «тәрбие деген не?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
1. Тәрбие мақсаттарының iшiнде, оның ең биiк, арманға ұқсас тиесiлi мiндетiн бейнелейтiн тұрақты, өзгермейтiн бiреуi – дүниеге келген әрбiр адамға жан-жақты және үйлесiмдi дамуды қамтамасыз ету. Осындай тұжырымдамаларды қайта өрлеу дәуiрiндегi педагог- гуманистер мен философтарда кездестiремiз, бiрақ оның түбiрi антикалық философия iлiмдерiнде жатыр. Түрлi кезеңде жан-жақты, үйлесiмдi даму түсiнiгiне әртүрлi мағына берген.
Қайта өрлеу дәуiрiнiң педагог-гуманистерi Ф. Рабле, М. Монтень жан-жақты үйлесiмдi дамудың мазмұнына тән сұлулығын, өнер, ән, әдебиетке деген сүйiспеншiлiктi қосқан. Мұндай тәрбие жекелеген адамдар тобына емес, барлық адамдар үшiн тән болды. Социал-утописттер Т. Мор, Т. Компанелла, Р. Оуэн, Сен-Симон, Ш. Фурье идеяларында жан-жақты, үйлесiмдi даму басқа бағытта болды. Олар жан-жақты, үйлесiмдi даму процесiн еңбекпен байланыстыруды ұсынды. XVIII ғасырдың ағартушылары К. А. Гельвеций, Д. Дидро бұл идеяны дамыта отырып, жан-жақты, үйлесiмдi даму ұғымына ақыл-ой және адамгершiлiктiң кемелденуiн қосты.
Орыс революционер-демократтары А. И. Герцен, В. Г. Бе­линс­кий, Н. Г. Чернышевскийдiң ойынша халықтың жан-жақты тәрбиесiн экономикалық және саяси қанаушылық жойылғаннан соң ғана толығымен шешуге болады деп көрсеттi. Тұлғаның жан- жақты және үйлесiмдi қалыптасуында тәрбиенiң мақсатын таратудағы қиындықтар мен қателiктер алға қойылған мақсаттың жартылай жойылуын, орта бiлiм беретiн мектептердiң мiндеттерiн нақтылап және қайта қарауды талап еттi, бiрақалға қойылған мақсаттың мұлдем болдырмауына жол бермедi. Жан-жақты, үйлесiмдi тәрбиеге жүйелi балама болмады. Ол әлі де болса алға қойылған мақсат болып қалып қойды. Қазiргi мектептер жiберiлген қателiктердi есептей отырып, сол мақсатқа жетуге ұмтылу ұстiнде.
Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектептердiң алға қойған мақсаты – тұлғаны ақыл-ой, адамгершiлiк, эмоциялық және дене дамуын жетiлдiру, шығармашылық қабiлеттерiн ояту, адамгершiлiк қарым-қатынастарын қалыптастыру, баланың жас ерекшелiктерiн ескере отырып, оның өркендеуiне түрлi жағдай жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет