Лекция тезистері 3 кредит


Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?



бет60/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

7. Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?
І. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселелеріне қатысты психологиялық және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқу.
II. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау.Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді. Мысалы: Мақсат: «Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру». Оның міндеттеріне:
1.Оқушылардың сабақтан тыс зияттық-танымдық (интеллектуалдық) әрекеттерін ұйымдастыру.
2. Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.
3. Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым-қатынас жасауға ынталандыру.
4. Оқушыларды қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әр түрлі әйрекетерін ұйымдастыру.
III. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекiшілерінің тәжірибелерімен танысып, пән мұғалімдері және ата- аналарымен пікір алмасу.
IV. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп, тану.
V.Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мерекелерді анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
VI. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды анықтау.
VII.Жоспарлау. Оқушыларды немесе олардың белсенділерін жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.
Мектептің және сыныптың ерекшелігі, сипатына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекеттер барысында жоспарлау тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылға құрылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет