Лекция түрі ақпараттық (дәстүрлі) мазмұндау арқылы түсініктемелі көрнекілі әдісті қолданумен жүргізіеді


Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі144,66 Kb.
#94960
түріЛекция
1   2
Байланысты:
12. Дәріс. тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстары
12. Дәріс. тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстары, Физика, 16.11 9 сынып
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы



Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың басқа белгісі олардың қаржылық қызметінің сипаты – коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.


Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын бюджеттік қаржыландыруға есептелген. Егер мекеме коммерциялық және коммерциялық емес қызметті үйлестіретін болса, онда соңғысы тиісті қаржылық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі қаржыландырылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу, алынған табыстарды немесе пайданы бөлу.
Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқықтық тәртіпті қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда) алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.
Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде бекітіліп берілген, онда заңи тұлға ұғымы айқындалады. Заңи тұлға - деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңи тұлға бола алады.Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық сер­іктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге нысанда (мысалы, діни бірлестікте) құрылуы мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заң­намаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жекеменшік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңи тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.
Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылықтық құрылымдар қалыптасуы мүмкін:
1. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:
республикалық – Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуме­ттік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – тиісті аумақ халқының әлеумет­тік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.
2. Заңи тұлғалардың жекеменшігіне негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілер: әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар;
3. Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген шаруашылық жүргізуші субъектілер;
4. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңи тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар;
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жекеменшіктік шаруашылық жүр­гі­зуші субъектілер;
6. Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.
Сонымен бірге, квазимемлекеттік сектордың субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде олардың қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен аффилиирленген болып табылатын тәуелді және өзге заңи тұлғалар бөлінеді Қазақстан Республикасының заңнамасымен меншіктің барлық нысандарының теңдігі және меншік субъектілері құқықтарының тең қорғалуы кепілденіледі.Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасы заңнамасымен кепілденілген.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін ажырата білген жөн.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан Республи­касы Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілер­дің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен – мемлекеттік, жеке меншікпен (әр түрлілігімен) анықталады. Мөлшері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер шағын, орта және ірі болуы мүмкін.
Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында параметрлері анықталған. Мәселен, Қазақстанда жекеше кәсіпкерліктің субъектілеріне дара кәсіпкерліктің, макробизнестің, шағын және орта кәсіпкерліктің, ірі бизнестің субъектілері жатады.
Шағын кәсіпкерліктің субьектілері заңи тұлға құрмай – ақ жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын дара кәсәпкерлер және жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің орташа жылдық құны 60мың айық есептік көсеткіштен (АЕК) аспайтын жекеше кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңи тұлғалар болып табылады. (АЕК келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді).
Орта кәсіпкерліктің субьектілері заңи тұлға құрмайтын жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан жоғары жекеше кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан жоғары, бірақ 250 адамнан артық емес және бір жиынтық активтерінің орташа жылдық күні 325 мың АЕК ден жоғары жекеше кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жаңа тұлғалар болып табылады.
Ірі кәсіпкерліктің субьектіліре жұмыскерлерінің орша жылдық саны 250 адамнан артық немесе бір жылдағы активтерінің жалпы құны 325 мың АЕК ден жоғары жекеше кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жаңа тұлғалар болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің әр түрлі сыныптамалық сипат­та­маларының сан алуандығы, олардың мүмкін болатын үйлесуі қаржы жүйесінің бұл буынының қаржылық механизмін күрделілендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметті айқын заңнамалық реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылық үдерістерді бақылауды қажет етеді.


Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер [1-10]
Қосымша әдебиеттер[11-22]
Бақылау сұрақтары:

  1. Сатудан түсетін түсімдер және ҚЕХС сәйкес оның бөлу

  2. Өнімдер, жұмыстар және қызмет көрсетудің өзіндік құны туралы түсінік

  3. Түрлі ұйымдастырушылық нысандардағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдасын бөлу

  4. Қаржылық жоспарлау жүйесіндегі бюджеттендіру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет