Лекциялар 10с Лабораториялық сабақтар 5с СӨЖ 15с обсөЖ 15с Барлық сағат саны 45с Қорытынды бақылау емтихан



бет7/8
Дата17.04.2017
өлшемі1,79 Mb.
#13999
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Лабораториялық сабақ


4-ші кредит

Жетісай 2005ж.

Курс бойынша лабораториялық сабақтардың мақсаты:

Студенттерді Омыртқалылар зоологиясы пәні бойынша жануарлар әлемінің алуан

түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысы, зат алмасу процесін, тіршілік ету

ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи даму

заңдылықтарын табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру.

Лабораториялық сабақтардың негізгі міндеттері:

А) Омыртқалылар зоологиясын оқыту пәні бойынша олардың алуан түрлерін зерттей

отырып, олардың ерекшеліктерін ер түрлі зерттеу мақсаттарын, әдістерін оқып үйрену.

Б) Жануарларды зерттеу: олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және олардың

табиғаттағы қорын сақтау міндеттерін толық меңгеру.

В) Омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысын анықтай білу.

Г) Ылғалды препратты дайындай алу.

Д) Ұсақ және ірі объектілерді зерттеуге және олардың препараттар жасауға дағдылану.

Е) Микроскопта көрсетілген керіністі сала білу.
Лабораториялық сабақтар:

Лабораториялық сабақ №1

Тақырыбы: Құстардың сыртқы және ішкі органдарының құрылысы.

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Құстар-Аvеs

Өкілі: Көгершін - Columbiformes

Лабораториялық жұмысқа қажетnі материалдар: 10% формалин ерітіндісінде сақталған

Көгершін, Көгершіннің ішкі органдары бейнеленген плакаттар.

Тапсырмалар:

1. Құстардың сыртқы пішіні және құрылысымен танысыңыздар.

2. Сыртқы пішінін альбомдарыңызга бейнелеңіздер.

3. Сыртқы органдарын бейнелеңіз.


Пысықтау сұрақтары:

1. Құстардың профессивті белгілерін атаңыз

2. Құстардың морфологиялық ерекшеліктері

3. Құстардың тері жамылғысының ерекшеліктері

4. Ет системасы

5. Құстардың ас қортыту жүйесінің маңызды ерекшеліктері?


Лабораториялық сабақ №2

Тақырыбы: Құстардың ішкі қаңқасының құрылысы

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Құстар-Аvеs

Өкілі: Көгершін - Columbiformes
Пракгикалық жұмысқа қажетті материалдар: Көгершіннің тұтас каңқасы, Көгершіннің үлестірмелі материалдары, Көгершіннің ішкі қаңқасы бойынша дайындалған плакаттар.

Тапсырмалар:



  1. Көгершіннің ішкі қаңқасының ерекшеліктерімен танысу.

  2. Көгершіннің бас сүйегінің құрылысымен танысып, альбомдарыңызға схема түрінде бейнелеп, жеке сүйектерін белгілеңіздер

3. Қаңқа бойынша омыртқа жотасының құрылысы және оның бөліктерге жіктелуімен танысыңыздар. Альбомдарға схема түрін бейнелеңіз.

Пысықтау сұрақтары:



  1. Көгершіннің ішкі қаңқасының құрылысына сипаттама беріңіз.

  2. Көгершіннің бас сүйегінің құрылысы ерекшеліктері.

  3. Құстардың қанаттары мен иық белдеуінің қаңқасының құрылысы.

  4. Құстардың аяқтарының құрылысы.

  5. Құстардың омыртқа жотасының ерекшеліктері

Лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Құстардың орталық жүйке жүйесі

Практикалық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Құстар-Аvеs

Өкілі: Көгершін - Columbiformes

Практикалық жұмысқа қажетті материалдар: Құстардың бас миының ылғалды препараты, орталық жүйке жүйесі бойынша дайындалған плакаттар

Тапсырмалар:

1. Құстардың орталық жүйке жүйесінің құрылысымен Көгершіннің бас миы бойынша танысу.

2. Көгершіннің бас миының схемасын альбомдарыңызға бейнелеп, белімдерін белгілеңіздер.

Пысықтау сұрақтары:

1. Құстардың орталық жүйке жүйесінің бауырымен жорғалаушылармен салщвяңа құрылыс ерекшеліктері қандай?

2. Құстардың миы қандай белімдерге бөлінеді?

3. Құстардың ми бөлімдерінің қызметі.

4. Орталық жүйке жүйесінің маңызы қандай?
Лабораториялық сабақ №3

Тақырыбы: Қырсыз төсті құстарды анықтау

Практикалық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Құстар-Аvеs

Өкілі: Көгершін - Columbiformes
1-отряд үсті: Қырсыз тестілер - Ratitae

Практикалық жұмысқа қажетті материалдар: Жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарларды анықтауыш (оқулық).

Тапсырмалар:

1. Африка түйеқұсының Америка түйеқұсынан айырмашылығы

2. Австралия түйеқұстары немесе қазуарлардың қанатсыздардан немесе кивилерден басты айырмашылықтары

3. Қырсыз төсті құстардың белгілі бір органдарының айырмашылықтарын альбомдарыңызға салыстармалы түрде бейнелеп түсіріңіздер


Пысықтау сұрақтары:

1. Түйеқұс тәрізділерге жалпы сипаттама беріңіз

2. Африка түйеқұстарының ерекшеліктері

3. Австралия түйеқұстардың құрылысының ерекшеліктері

4. Кивилердің ерекшеліктері
Лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Қырсыз тесті құстарды анықтау

Практикалық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Құстар-Аvеs

Өкілі: Көгершін - Columbiformes

Практикалық жұмысқа қажетті материалдар: Жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарларды анықтауыш (оқулық).

Тапсырмалар:

1. Қырлы төсті құстардың 20 отрядын анықтаңыз.

2. Қырлы төсті құстардың 20 отрядының бір-бірінен айырмашылыгы неде?
Пысықтау сұрақтары:

1. Ұзынқанаттылар мен қаз тәрізділерге жалпы сипаттама беріңіз.

2. Ескек аяқтылар мен балшықшылар отрядтарының сипаттамасы.

3. Дегелек тәрізділер мен қаз тәрізділердің ерекшеліктері.

4. Жыртқыш құстардың тіршілік ету аймағы.

5. Құстардың экологиялық топтарға беліңіз.

Лабораториялық сабақ №4

Тақырыбы: Сүтқоректілердің құрылысы. Дене пішінінің ерекшеліктері, терісінің құрылысы және посткраниальді скелеті. (2 сағат)

Материал мен құрал-саймандар: сүтқоректілердің тұлыбы, терінің микропрепараты, мысықтың немесе егеу құйрық тышқанның скелеті, микроскоптар, оқулықтар, таблицалар.

Мақсат: сүтқоректілердің сырт пішінінің ерекшеліктерін, терісінің құрылысын және посткраниальді скелетін зерттеу.

Міндет: Сүтқоректілердің сыртқы құрылысының ерекшіліктерін анықтап, терісінің, жүнінің құрылысын құрылысын және оның дамуын ұғыну.

Омыртқа жотасының, аяқтары мен оның белдеулерінің және төстің құрылысын зерттеу.

Системасы:

Тип хордалылар:

Тип тармағы Омыртқалылар­ –

Бөлім жақ сүйектілер

Класс үсті Төртаяқтылар –

Класс сүтқоректілер –

Класс тармағы Нағыз аңдар –

Инфра класс Плацентті немесе жоғарғы сатыдағы аңдар –

Отряд жыртқыштар –

Өкілі мысық –

Отряд кеміргіштер –

Өкілі егеуқұйрық –

Тақырыпты түсіндіру және тапсырма беру. Сүтқоректілердің денесінің формасын қарау. Сүтқоректілерде бірінші рет кездесетін /пайда болған/ құлақтың жарғағын, танауды, көзді, оның астыңғы және үстіңгі қабақтарын, еріндерін табу.

Малдың түгі дегеніміз не, түктің түрлері және ол жануарлардың денесінде қалай орналасқан, қызметі. Саусақтың тенрісін микроскоппен қарап, оның эпидермис, кутис, тері асты майлы клетчатка қабаттарын ажырату. Тері асты клетчатка қабаты мен онда жиналған майдың маңызы. Түктің дамуы мен ерекшеліктері. Балықтың қабыршағының, құстың қауырсынының, жануарлардың түгінің даму процесін салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсету. Сүтқоректілердің терісінде қандай бездер барын анықтау, олардың құрылысы және олар бөліп шығаратын заттар. Омыртқа жотасы қандай бөлімдерден тұрады және әр бөлімде қанша омыртқа болатынын анықтау. Омыртқалылардың құрылысы және бір-бірімен жалғасу ерекшеліктері. Иық және жамбас белдеулерінің құрылысы.


Лабораториялық сабақ №5

Тақырыбы. Сүтқоректілердің қаңқасын анықтау, құрылысы түсіндіру.

Материалдар мен құрал-саймандар: жаңада жансыздандырған үй қояны (егек құйрық, тышқан), оларды соятын құралдар, шағын ванналар, түйреуіш, мақта, салфетка, оқулықтар, таблицалар.

Мақсат: үй қоянының ішкі органдарының жалпы топографиясын зерттеу.

Міндет: ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару мен жыныс жүйелерінің құрылысының ерекшеліктерін ажырату

Тақырыпты түсіндіру және және тапсырма беру. Үй қоянын ванночкаға шалқасынан салып, терісін аналь тесігінен иек астына дейін кесіп, сосын оны денесінің екі жағына жайып түйреуішпен бекітеді. Сүтқоректілерге тән терінің астына жиналған майға көңіл аудару. Сосын құрсақ пен көкірек қуысының еттерін ортасынан, төсті қоса жару. Көкірек қуысын ашып, көк етті (диафрагма) кескеннен кейін ішкі органдардың орналасуына көңіл аудару.

Ас қорыту жүйесін зерттеуді ауыз қуысынан бастайды: етті еріндерін және ұрттарының, таңдайын және жұмсақ таңдай пердесін, тілін тауып, олардың қызметін анықтау. Тістердің құрылысына көңіл аударып, олардың әртүрлігін және аттарын білу. Жұтқыншақтан әрі ас қорыту жүйесінің бөлімдерін, олардың қызметін зерттеу. Тыныс алу жүйесін зерттеуді танаудан бастайды. Кеңсірікті, хоанды (ішуі танау тесігі), көмекейді тексереді. Көмекей мендысып аппаратының құрылысымен жете танысу. Өкпенің құрылысымен танысып, ауа жүретін түтіктерге көңіл аудару. Өкпе ауаға қалай толатынын жете түсіну. Бүйректерді, олардан басталатын несіп каналын және қуықты табу. Бүйректі жарып, оның сыртқы қыртыс және ми тәрізді қабаттарына көңіл аудару. Бүйрек қай типке жатады және ең соңында қандай зат бөлінетінін анықту. Үй қоянының анықтап, оның жыныс бездері мен жыныс түтікшелеріне көңіл аудару.

Сұрақтар:

1. Сүтқоректілердің күрделі азу тістерінің пайда болуы туралы қандай болжамдар (гипотеза) бар?

2. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің күрделі қарнының құрамы қандай, ас қалай қорытылады?

3. Сүтқоректілердің өкпесінің құрылысындағы ерекшелік неде; көк еттің (диафрагма) тыныс алудағы қызметі қандай?

4. Плацента дегеніміз не, хорион ше? Плацентаның қандай типтері бар?

5. Сүтқоректілердің ұрығы қалай қоректенеді?
Лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Сүтқоректілердің құрылысы. Қан айналу және нерв жүйелерінің құрылысының ерекшеліктері.

Материал мен құрал-саймандар: сүтқоректілердің жүрегінің муляжі (нақнұсқасы), егеуқұйрық тышқанның иньекцияланған қан айналу жүйесі, мидың муляжі, оқулықтар, таблицалар.

Мақсат: сүтқоректілердің қан айналу және нерв жүйелерінің ерекшеліктерін зерттеу.

Міндет: сүтқоректілердің жүрегінің құрылысымен жеке танысу, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің негізгі қан тамырларын табу, мидың бөлімдерінің құрылысындағы ерекшеліктерімен жеке танысу және олардың функциональді байланыстарын анықтау, ми нервтерін табу.

Тақырыпты түсіндіру және тапсырма беру. Сүтқорктілердің жүрегінің құрылысымен танысып, оның қай бөлігінен қандай қан тамырлары тарайтынын анықтау керек. Үлкен қан айналым шеңберінің қандай қантамырларымен қан басқа, алдыңғы және артқы аяқтары мен ішкі органдарына жеткізіледі. Веноз қан тамырлар жүйесінің ерекшеліктері: дененің алдыңғы және артқы бөліктерінен веноздық қан қандай қантамырлары арқылы жиналады.

Үлкен қан айналым шеңберіндегі веноздық қан жүректің қай бөліміне құйылады. Кіші қан айналым шеңбері қандай қан тамырларынан құралған және ол жүректің қай бөлімдерімен байланысты.

Мидың бөлімдерін зерттеп, оның әр бөлімнің құрылысындағы ерекшеліктерін және аумағын (көлемін) анықтау. Мидың қай бөлімдері не себепті жете дамыған. Үлкен жартышарлардың ми қыртысы дегеніміз не?, алғашқы ми қыртысы қандай өзгеріске ұшырады? Аралық және орталық ми бөлімдерінің құрылысындағы ерекшеліктер. Төрт төмпешік ми дегеніміз не? Мишықтың құрылысы мен қызметі. Ми бөлімдерінің қызметтерінің бір-бірімен байланысын ажырата білу және олар шеткері нерв жүйесімен қандай қарым-қатынаста (бауырымен жорғалаушылармен салыстыр).

Қан айналым жүйесінің (веноздық және артериальдық) және мидың суретін бүйірінен, астынан салу керек.
Сұрақтар:

1. Сүтқоректілердің қан айналым жүйесінің құрылысындағы ерекшеліктер (бауырымен жорғалаушылар және құстармен салыстыр)

2. Ми иірімдері дегеніміз не және олар неге пайда болады?

3. Сүтқоректілердің эволюциясында олардың қандай белгілері ерекше маңызды болады?

4. Сүтқоректілердің жоғары дәрежелі нерв қызметінің ерекшеліктері?

5. Сүтқоректілердің шығу тегі?


Лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Сүтқоректілердің құрылысы. Қырсыз төсті құстарды анықтау

Практикалық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Құстар-Аvеs

Өкілі: Көгершін - Columbiformes
1-отряд үсті: Қырсыз тестілер - Ratitae

Практикалық жұмысқа қажетті материалдар: Жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарларды анықтауыш (оқулық).

Тапсырмалар:

1. Африка түйеқұсының Америка түйеқұсынан айырмашылығы

2. Австралия түйеқұстары немесе қазуарлардың қанатсыздардан немесе кивилерден басты айырмашылықтары

3. Қырсыз төсті құстардың белгілі бір органдарының айырмашылықтарын альбомдарыңызға салыстармалы түрде бейнелеп түсіріңіздер


Пысықтау сұрақтары:

1. Түйеқұс тәрізділерге жалпы сипаттама беріңіз

2. Африка түйеқұстарының ерекшеліктері

3. Австралия түйеқұстардың құрылысының ерекшеліктері

4. Кивилердің ерекшеліктері

5. Сүтқоректілер туралы жалпы сипаттама.


Лабораториялық сабақ

Тақырыбы: Сүтқоректілердің құрылысы. Қырсыз тесті құстарды анықтау

Практикалық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Құстар-Аvеs

Өкілі: Көгершін - Columbiformes

Практикалық жұмысқа қажетті материалдар: Жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарларды анықтауыш (оқулық).

Тапсырмалар:

1. Қырлы төсті құстардың 20 отрядын анықтаңыз.

2. Қырлы төсті құстардың 20 отрядының бір-бірінен айырмашылыгы неде?
Пысықтау сұрақтары:

1. Ұзынқанаттылар мен қаз тәрізділерге жалпы сипаттама беріңіз.

2. Ескек аяқтылар мен балшықшылар отрядтарының сипаттамасы.

3. Дегелек тәрізділер мен қаз тәрізділердің ерекшеліктері.

4. Жыртқыш құстардың тіршілік ету аймағы.

5. Құстардың экологиялық топтарға беліңіз.

6. Сүтқоректілер туралы жалпы сипаттама.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.



«Сырдария» университеті
«Жаратылыстану» факультеті

“Биология” кафедрасы


“Омыртқалы жануарлар” пәні бойынша 05 01 13

мамандықтарының студенттері үшін.




Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат
Bio -> Лекция: 15 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ: 30с обсөЖ : 30с
Bio -> «Химия тарихы» пәні бойынша
Bio -> Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100
Bio -> «биология» кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет