Лекциялар 10с Лабораториялық сабақтар 5с СӨЖ 15с обсөЖ 15с Барлық сағат саны 45с Қорытынды бақылау емтихан



бет3/8
Дата17.04.2017
өлшемі1,79 Mb.
#13999
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

Лекцияның қысқаша курсы

4-ші кредит

Жетісай 2005ж.

Лекция 1. Тақырыбы: Құстар (АVЕS)

Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы. Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларға бейімделіп, мінез-қылықтарын өзгертеді.

б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температураның жоғарғы және тұрақты болуына әкеліп соққан.

в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, не өрмелеу қабілетін жоймаған.

г) көбеюі біршама жетілген (жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).

Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000 аса түрі бар. Құстар морфологиялық жағынан денесінің қауырсынмен қапталуымен алдыңғы аяқтарының қанатқа айналғанымен, сүйектерінің ішінде қуыс болумен, ми сауытының шүйдесінің болуымен жүрегінің төрт камералы оның оң жағында бір ғана орта доғасының болуымен сипатталады. Құстардың тісі болмайды, олардың қызметін мүйізді тұмсықтары атқарады.

Құстардың дене құрылысы. Тері жамылғысы және оның туындылары.

Құстардың терісі жуұқа, оның сыртқы эпидермис қабаты нашар жетілген. Тері қабатында ешқандай бөздері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құйымшақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құйымшақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін құстарда болмайды.

Құстардың көпшілік түрлерінің денесі бір тегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды. Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты қауырсын жауып тұрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады. Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пер бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұтшалардан және оған орнаған кішкене екінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешіктері болады. Осы ілмешектер өзара байланысып бір серіппелі тақташа желпеуіш құрайды.

Қауырсындарды орналасу жеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды - қақпа қауырсындар, құйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаұшы қауырсындар. қанатының үстін жауып жататын қауырсындарды - қанат үстін жабұшы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады.

Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ - мамық қауырсындар орналасады. Кейбір мамық қауырсындардың сабағы ете жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мұндай мамық қауырсындарды - нағыз мамық қауырсындар деп атайды. Мамық қауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тәрізді қауырсындар да кездеседі. Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына 1-3 ке дейін түлейді.

Ет системасы. Құстардың бұлшық еттері олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден балаларға, амфибийлерге, және рептилилерге қарағанда құстардың бұлшық еттері біршама жіктеліп барып күрделенеді. Ол ұшу көзіндегі күрделі қозғалысқа жүруге, өрмелеуге, тамағын табуға мүмкіндік береді. Екіншіден аяқтарын қозғалуға икемделген көлемді бұлшық еттер дене скелетіне орналасып, екінші сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бұлшық еттері болады.

Скелетінің ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден алдыңғы аяқтарының, иық және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; екіншіден, барлық скелетінің жеңіл, әрі мықты болуы. Сүйектерінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде қуыстың болуынан, ал беріктігі даму кезеңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйектерінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстардан сүйектерінің жігін байқау мүмкін емес.

Омыртқа жотасы - мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ-құйрық белімдерінен қалыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқаларын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардың тез қимыл жасауын қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқаларының құрылысына ұқсас болып келеді, оларды атланг және эпистрофей деп атайды.

Кеуде омыртқалары (3-10) бір-бірімен сегіз және құйымшақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда болатын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қабырға көкірек және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мұндай құрылыста болуы арнаулы бұлшық еттерінің жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алуда маңызы зор.

Бел омыртқалары өзара бір-бірімен, мықын сүйектерімен және сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары сегіз-құйымшақ омыртқаларымен қосылып кеткен. Соның нәтижесінде (10-22) тек қана құстарға тән күрделі сегізкөз-құйымшақ қалыптасады, жая омыртқалары құстарда рептелилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен жүргенде денесінің салмағы артқы екі аяғына түседі. сондықтан күрделі сегізкөз организмге тірек қызметін атқарады. Құстарда бос қозғалмалы құйрық омыртқалар 6-9 болады. Құйрық омыртқалары бірден құйыршық сүйегіне айналады - мұны құйрық сүйек немесе пигостиль деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше құйыршық омыртқаларынан тұрады. Құйыршық сүйектері құйрық қанаттары бекитін тірегі болып есептеледі.

Құстардың бас сүйегі. Желке бөлімі төрт сүйектен құралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры біреу ғана болады. Есту капсуласы үш құлақ сүйегінан қалыптасады. Ересек құстарда бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің түбі негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, таңдай және қанат тәрізді сүйектерден қалыптасады. Бас сүйегінен үстіңгі жағынан - қос танау, тебе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы - жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт жағынан - бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы сүйектермен қосылады, соның нәтижесінде құстарға тен төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы буынды сүйектен және тері тектес - тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады. Есту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады.

Қанаттары және иық белдеуі - ұшуғы бейімделуге байланысты ерекшеліктер болады. Иық белдеуі жауырыннан, каракоидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптастырады. Жауырынның тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Каракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы теспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы буғаналары бірігіп кетеді, мұны "айыр" сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді.

Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады.

Артқы аяқтары және оның белдеуі. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойыналысып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйектері бірігіп кеткен. Шап сүйектері өте жіңішке шыбық тәрізді болады. Олар шонданай сүйегінің сырт жағына орналасқан. Жамбас сүйектерінің ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты құрайды, оң және сол жамбас сүйектерінің құрсақ жағына қараған ұштары бір-біріне қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды.

Артқы аяқтары - ортан жілік, асықты жілік, сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі- ортан жілік деген бір үлкен сүйектен, екінші бөлімі-асықты жілік және оның шыбығынан, үшінші- сирақ және саусақтардан тұрады. Құстардың саусақтарының саны көпілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.

Құстардың ішкі құрылысы.

Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін құстардың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұстауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін құстардың тұмсығы дәнді шоқырып теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсықты болып келеді.

Құстардың ауыз қуысынан түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі қысқа, ері қатты болса, қаздардың тілі - етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі - өте ұзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.

Сілекей бөздері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың сілекей бөздері жоқтың қасында. Сұр қарлығаш өздерінің сілекей бөздерінен шыққан сілекейінен ұя жасайды.

Кейбір құстардың еңешінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын кеңістік болады, оны - жемсау деп атайды. Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатын “сүт” деп аталатын майлы бөртпе тәрізді зат шығарады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.

Өңеш қабырғасы жұқа безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды қорытатын ас қорыту шырыны болады. Безді қарыннан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, біріншіден - етті қарынның қабыршағы себепші болса, екіншіден - құстың жұтқан ұсақ тастары да әсер етеді. Құстардың аш ішегі едеуір ұзын болады. Он екі елі ішектің иінінде ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішек пен тік ішектің аралығы жіктелмеген оларды бір-бірінен ажырату қиын.

Тыныс алу органдарының - өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі. Кемекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады.

Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек қана құстарға тән ерекшелік. Төменгі кемекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.

Көмекей қуысына оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары болады. Ал осы жерде кеңірдектің төменгі тарамдалған жерінен ішкі дыбыс жарғақтары да келіп түйіседі. Дыбыс жарғақтары бекіген арнаулы еттердің жиырылуынан яғни тітіркенуінен олардың формалары мен қалыптасуы өзгереді де дыбыс түрліше құбылып шығады.

Құстардың өкпесі тығыз көпіршікті дене тәрізді болып көккірек қуысының арқа жақ қабырғасына бекиді. Бронхылары өкпе ішіне еніп, бірнеше ұсақ тарамдарға бөлінеді. Олардың кейбір салалары өкпені тесіп етіп, ауа қапшықшалармен жалғасады.

Бронхылардың тарамдары жұқа қабы бар ауа қапшықтарын құрайды. Мұндай ауа қапшықтарының көлемі өкпенің көлемінен бірнеше есе үлкен болады. Ауа қапшықтары түрлі ішкі органдарының аралығында орналасады. Ауа қапшықтарының ең басты маңызының бірі құстар ұшқанда олардың тыныс алу механизмін реттейді. Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп және кішірейуі арқылы тыныс алады.

Сезім органдары. Құстардың есту органдары ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Бірақ, құстардың құлақ қуысы рептилилердікінен гөрі күрделі. Евстахиев түтігі жұтқыншақ қуысына жалпы бір тесікпен келіп жалғасады. Есіту сүйегі біреу болады, дабыл жарғағы тері жамылғысының астында, сыртқы құлаққа ұқсас ояздау жерге орналасқан. Кейбір түн құстарында бұл ояз жердің қуысы үлкен, оның айналасында дыбысты күшейтуге бейімделген жұқа тері қабаты болады. Құстар жақсы естиді. Құстардың құлағы, көзімен бірге негізге сезім органдары болып саналады.

Құстардың көру органы да жақсы дамыған: әсіресе түн құстарының және қыран құстардың көз алмалары үлкен. Көзі кірпік еттерінің әсерімен көз хрусталигінің формасын өзгерту арқылы және көз алмасымен оны қоршап тұрған белокты қабығының формасын өзгертетін сақиналы бұлшық еттердің ерекетінен көретін болады. Құстарда төменгі және жоғарғы қабақтардың болуымен бірге бүкіл көзін жауып тұратын үшінші қабағы да болады. Құстардың кейбір түрлерінде иіс органы жақсы дамыған (Жаңа Зиландияның Киви дейтін құсында).

Нерв системасы. Рептилилермен салыстырғанда құстардың орталық нерв системасы біршама күрделі. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңарлары басқа ми бөлімдеріне айрықша үлкен. Алдыңғы миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған. Бас миының көру бөлімі және мишығы соншалықты үлкен, керісінше иіс бөлімі өте кішкене болады. Аралық миы мен эпифизі нашар дамыған. Мишықтың үлкендігінен ортаңғы мидың көру бөлімі бір бүйіріне таман ауысып орналасқан. Мишық үстіңгі жағынан алдыңғы ми сыңарларымен түйіседі де, арт жағынан сопақша миды бүркөп жауып жатады. Құстардың бас нервтері он екі пар болады. Жұлыны иық және бел маңайында жалпақ болады.

Зәр шығару органдары. Құстардың ұрықтарында мезонепрос - дене бүйрегі болса, ересектерінде метанепрос - мықын бүйрек деп аталатын бүйрегі болады. Денесімен салыстырғанда, құстардың бүйрегінің көлемі, рептилилер мен сүт қоректілердің бүйрегінвн де үлкен болады. құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесінде зат алмасу процесінің актив жүруіне байланысты. Несебі зәр шығару системасы арқылы тез ағып етеді.

Жыныс органдары. Құстардың жыныс жүйесінде өздеріне тән ерекшеліктер болады. Олар іштей ұрықтанады. Ұрықтану құстардың мекиендерінің жұмыртқа жолының ішінде жүреді. Аталықтарында жұп аталық безі, жұп тұқым жолы болады. Ал мекиендерінің жыныс мүшелері, яғни аналық безі де, жұмыртқа жолы да, сыңар жолы да тек сол жағында ғана болады. Оң жағындағы жыныс мүшелері жойылған.


Лекция 2. Құстардың систематикасы.

Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000 аса түрі бар.

1 класс тармағы - нағыз құстар

1 отряд үсті - қырсыз тестілер немесе түйеқұс тәрізділер. Бұл отряд үстіне 4 отряд кіреді.

1- Африка түйеқұстары.

2- Америка түйеқұстары немесе нанду

3- Австралия түйеқұстары немесе қазуарлар.

4- Қанатсыздар немесе кивилер.
2 отряд үсті. Пингвиндер.

1- отряд. Пингвиндер.


3 отряд үсті. Қырлы тесті құстар. Бұл отряд үсті өзіне 20 отрядты біріктіреді.

1- Гагар тәрізділер.

2- Паганкалар.

3- Ескек аяқтылар.

4- Дегелек тәрізділер

5- Қаз тәрізділер

6- Күндізгі жыртқыштар.

7- Тауық тәрізділер.

8- Тырналар


  1. Сутартарлықтар.

  2. Дуадақтар.

11-Балшықшылар

12-Чистиктер

13-Көгершіндер.

14- Көкетер.

15-Тотылар.

16-Ешкіемерлер

17- Ұзын қанаттылар.

18- Тоқылдақ тәрізділер

19-Жапалақтар.

20- Торғай тәрізділер.

Класс тармағы: Нағыз құстар(Neornithes) немесе (Ornithurae)

1. Отряд үсті тармағы. Қырсыз тестілер немесе түйеқұс тәрізділер (Ratitae) Бұл топқа жататын құстардың өзіндік ерекшеліктері бар: Бір жағынан олардың қарапайым құрылыстылығы болса, екінші жағынан ұшпай жердің бетімен адымдап немес жүгіріп жүруіне байланысты жоғары маманданған белгілерінің болуы. Қарапайым құрылысты белгілеріне мыналар жатады: аптерийлерінің болмауы, қауырсындарының топқа бөлініп жіктелмеуі, желпуіш қауырсындарының болмауы; осыған байланысты бұлардың қауырсындарының тек қана денесін суықтан сақтау қызметін атқаратындығы. Бұл құстардың төсінде терісінің қатты сүйелі болады. Төсі кішірек келеді және оның қыры болмайды. Жауырыны және коракоидасы бірігіп бір сүйекке айналып кеткен. Бұғанасының жұрнағы қалған. Жамбас сүйектері мен бас сүйектері есейе келе бір-бірімен жымдасып бірігіп кетеді. Құйрық безі болмайды. Бірден бір қозғалыс мүшесі басқа органдармен салыстырғанда әлдеқайда ұзын ері мықты болып келетін екі артқы аяғы. Тез қозғалуына байланысты саусақтарының саны 3, немесе 2 -ге қысқарған. Сүйектерінің ішіндегі ауа қуысы нашар жетілген. Еркектерінің шағылыс мүшесі болады.

Қырсыз тесті құстар осы заманда Африка, Аравия, Австралия. Оңтүстік Америка және Жаңа Зеландияда таралған.

2 отряд Африка түйеқұстар (Struthioniformes). Осы замандағы құстардың ең ірісі деген бірғана түрге жатады. Ересек аталықтарының бойының биіктігі 260 - 275 см болады. Орта салмағы 50 кг. Өте ірілерінің салмағы 90 кг жетеді. Бұлардың ерекшелігі - аяғының саусағы екеу ғана болады. Шап сүйектері бірігіп кеткендіктен, жабық жамбас сүйектерін құрайды, қанаттары едеуір үлкен. Бұл түйеқұстар қазіргі кезде Аравия мен Африқаның шөлді-далалы аймақтарында кездеседі. Өте тез жүгіреді, жүгіргенде адымы 2-3 метрді алады. Негізгі қорегі - өсімдіктер, кейде ұсақ жануарлар, көміерушілер, рептилилер, насекомдар болып табылады.

2-отряд. Америка түйеқұстары немесе нанду (Rheiformes).

Америка түйеқұстары Африка түйеқұстарынан гөрі кішірек келеді. Түсі сұр-қоңыр және үш саусақты болады. Бойының биіктігі 150 см, ал салмағы 20 кг жуық. Қанаттары едәуір жақсы жетілген. Көбірек тараған түрі кәдімгі нанду. Бұлардың бірнеше он шақтысы бірігіп топтасып жүреді. Кебею көзінде бір аталығына 5-7 аналығы келетіндей болып, ұсақ топтарға жіктеледі. Нанду полигам. Ұрықтанған аналығы жұмыртқаларын бір ұяға салады. Жұмыртқаларын аталықтары ғана басады. Олар жұмыртқадан шыққанан кейін де балапандарын ертіп жүреді. Бір ұяда 30 - 40 жұмыртқа болады. Инкубация периоды 42 күнге созылады. Нандуды кейбір жерлерде жартылай ұйқ ұстары есебінде өсіреді.

3- отряд. Австралия түйеқұстары немесе Кзуарлар (Casuaruformes)

Бұлар ірі, үш саусақты, сыртынан қарағанда байқалмайтын шамалы қанаты бар құстар. Басқа түйеқұстарға қарағанда бұлардың аяқтары қысқарақ келеді. Бас жағындағы қауырсындары қысқа нашар жетілген. Қауырсындарының қосымша сабағы болады.

Казуарлар туысына жаңа Гвинейға және Австралияның көрші бөлімдеріне тараған бірнеше түрлері кездеседі. Казуарлардың басы жалаңаш, және басымен мойынның үстіңгі бөлімдері ашық айқын түсті болады. Басында мүйізденген айдары бар. Олар ыстық жақтың ағашты бөлімдерінде тіршілік етеді.

4 - отряд. Қанатсыздар немесе Кивилер (Apterygiformes)

Бұлар қырсыз тестілер ішіндегі ең ұсағы. Дене мөлшері ірі тауықтай, салмағы 2 – 3 кг. Денесі тығыз, мойны, аяғы түйеқұстарға қарағанда қысқарақ, төрт саусақты болады. Тұмсығы ұзын, аздап төмен қарай иілген. Танау тесігі тұмсығының ұшына таман орналасқан. Қауырсындары ұзын тарқатылған сияқты болады. Қанаттары жоққа тән, құйрығы болмайды. Негізінен құрттармен, насекомдармен, кейде өсімдіктермен де қоректенеді. Иіс органдары басқа құстарға қарағанда жақсырақ жетілгендіктен, соның көмегімен жемін іздеп тауып жейді. Баяу көбейеді. Көбінесе бір, кейде екі ірі жұмыртқа салады. Бір жұмыртқасының салмағы 450гр болады.
Пингвиндер отряд үсті тармағы (Jmpennes).

Қырлытөсті құстар (Garinatae).

2-отряд үсті тармағы: Пингвиндер

Бұған суда тіршілік етуіне байланысты, өзіндік ерекшеліктері бар құстардың аз ғана тобы жатады. Бұлардың бір отряды Антрактида да тараған.

1-Отряд. Пингвиндер (Sphenisciformes).

Пингвиндер ұша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ыңғайлы, ескекке айналған. Сирақтары нашар дамыған. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қуыстары болмайды. Қауырсындарының түктері - пәрлер жіңішке болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады.

Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып жайлап қозғалады. Ұяларын жерге салады. Кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып үйіп жасайды. Ал кейбіреулері жерді шұңқырлап ұя салады. Олар бапықтармен, шаянтәрізділермен, кейді бесаяқты молюскалармен қоректенеді. Пингвиндердің 20 шақты түрі белгілі.

3-отряд үсті. Қырлы тесті құстар.

Ұшатын құстарының көпшілігінде төссүйектерінің қыры жақсы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінің ауа қуыстары болады. Құстардың көпшілігі дерлік осы отряд үстіне жатады. 1-отряд. Гагар тәрізділер (Gaviformes).

Бұл отрядқа суда жақсы жүзетін және сүңгитін, бірақ нашар ұшатын, жүретін нағыз су құстары жатады. Мойны ұзын, ал тұмсығы біршама ұзындау. Қанаттары қысқа әрі сүйір келеді. Құйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпілдек мамықты болады.

Гагар тұқымдасына алдыңғы үш саусағы тұтасып жарғақпен жалғасқан, ірі құстар жатады. Негізгі қорегі балықтар болып есептеледі. Олар негізінен Балтық, Қара, Каспий және Жапон теңіздерінде қыстап шығады. Гагарлар көбейер көзінде аталығы мен аналығы бірігіп жүреді. Ұяларын судың жағаларына салады. 1-3 жұмыртқа салады, жұмыртқасын ата-анасы кезектесіп 28 күн басады. 2-отряд. Поганкалар (Podicipediformes).

Поганкалар гагарларға туыстық жағынан жақын. Олардан мөлшері жағынан кішірек, әрбір саусақтарының айналасында жарғақтары болады. Поганкалар негізінен су насекомдарымен және олардың личинкаларымен, кейде шаяндармен, моллюскалармен және үсақ балықтармен қоректенеді. Поганкалардың ұясы түрлі шөптесін заттардан жасалып, судың бетінде қалқып жүреді, 2-7 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Поганкалар өмірінің барлығын дерлік суда өткізеді. Олар ұшар алдында жүгіріп барып, көтеріліп шапшаң ұшады. Поганкалардың еті қатты және дәмсіз, әрі оның етінен балықтың дәмі шығып тұрады.

3-отряд. Ескек аяқтылар (Steganopodes).

Ескек аяқтылар тұщы суда, көбінесе теңізде тіршілік ететін аяқтары қысқа, төрт саусағы кең жарғақпен қосылған, ал үлкен саусағы кейін қарай емес ішіне қарай қараған құстар, тұмсығы ұзын. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, қызылшақа болып, ата-анасының екеуі де қоректендіреді.

Бірқазандар тұқымдасына өте ірі тұмсықтары екі жағынан қысыңқы төменгі жағының аралығына орналасқан созылғыш тері қалтасы болады. Тұмсығының ұшы иілмек тәрізді иілген. Мойны ұзын, жіңішке, ал аяқтары және құйрығы қысқа, жалпақ келеді.

Бізде бірқазандар: Қара, Каспий, Арал теңіздерінің және Кавказ Орта Азияның ірі өзендері мен көлдерінің жағалауларында кездеседі. Өзендер мен көлдердің қалың қамысты жайылмаларына өсімдік тектес заттардан бегет жасап, ұяларға жұмыртқаларын топтанып жүріп салады. Олар жақсы жүзгенімен суға сүңги алмайды. Бірқазандардың қорегі балық.
Дегелек, қазтәрізділер, күндізгі жыртқыштар, тауық тәрізділер отряды

4 отряд. Дегелек тәрізділер - дене мөлшері әртүрлі, көпшілігі ірі, ұзын иілімді мойынды, ұзын аяқты құстар. Олардың аяқтары сирақ бөлімінің жартысына дейін жалаңаш, қауырсынсыз, төрт саусақты; оның алдыңғы үш саусақтарының арасы кішірек тері жарғақтармен қосылған. Тұмсығы түрлі пішінді, көпшілігінің тұмсығы үшкір, қатты затты шоқуға ыңғайлы келеді. Бұлар жануар қоректілігімен және балапандарының жұмыртқадан қызылшақа, дәрменсіз болып шығуымен сипатталады. Балапандары толық жетілгенше ұзақ уақыт ұяларында болып ата аналары қоректендіреді. Артика мен Антрактидадан басқа жердің барлығына тараған.

5-отряд: Қаз тәрізділер (Ansiriformes)

Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте болатын, ұзын мойынды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, аралары тері жарғақтармен қосылған. Әдетте олардың тұмсығы, жалпақ, үстіңгі жағынан төмен қарай қысыңқы келеді. Жамылғы қауырсыны тығыз, қатты, шеткі қауырсындары болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған.

Аталығының шағылыс органы болады. Жылына бір рет жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл дүниежүзінде 200 - дей түрі бар. Бізде олардың елуге тарта түрлері кездеседі. Кәсіптік құстардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Бұлардан ұй құстарының көптеген турлері шығарылған.

6 - отряд: Күндізгі жыртқыштар (Falconniformes).

Бұлардың үлкендіктері мен жалпы тұлғасы әр түрлі болып, тұмсықтарының ұшы төмен қарай қармақ тәрізді иілген, оның түп жағында сарғылттау түсті сағызсымақ деп аталатын жалаңаш терілі бөлімі болатын құстар. Тырнақтары түрліше иілген. Қауырсындары тығыз. Жемсаулары жақсы дамыған. Бұлардың етті қарны нашар айқындалған. Балапандары жұмыртқадан шыққанда көздері ашық, денесі мамық қауырсынмен қапталып тұрады. Олар баяу жетіледі, сондықтан көп уақытқа дейін ұясында болады, яғни әлсіз, қызылшақа балапан шығаратын құстарға жақын организмдер. Екі отряд тармағына белінеді.

Америка құмайлары отряд тармағы. Бұлар Оңтүстік Америкаға және Солтүстік Америқаның оңтүстігіне тараған, өз алдына ерекшеліктері бар азғана жыртқыш құстар болып табылады.

Қалыпты жыртқыш құстар отряд тармағы. Осы отряд тармағына жататын жыртқыш құстардың барлығын қосып келгенде екі тұқымдасқа белінеді: сұңқарлар және қырғи тәрізділер. Сұңқарлар тұқымдасына орташа және ұсақ құстар жатады. Астынғы жағының езуінің жақын жерінде өткір қайшы сияқты тісшелері болады. Бұлардың қанаттары ұзын және ұшты келеді.

Қырғи тәрізділер тұқымдасы. Бұлардың тұмсығының езуінде қайшы сияқты еткір тісшесі болмайтын, қанаттары қысқарақ және моқалдау келетін жыртқыштар.

7-отряд: Тауық тәрізділер. Тауық тәрізділер барлық жерелерге тараған. Олардың денелері тығыз, қанаттары қысқарақ, ұштары дөңгеленіп біткен. Бұлардың табандары күшті, төрт саусақты, тырнақтары жуан және ұзын, аздап ішіне қарай иілген, тырнақтары жерді қазуға бейімделген. Көпшілік түрлері - ұрпақтарына қамқорлықты аналықтары ғана атқарады. Балапандары жұмыртқадан шығысымен ата-анасына еріп кетеді. Бұлар өзге отрядтармен салыстырғанда жұмыртқаны көп салады. Көпшілігінің кәсіптік экономикалық маңызы үлкен. Олардан қолда асырайтын көптеген үй құстарының түрлері шығарылады.
Тақырыбы: Тырналар, сутартарлықтар, дуадақтар, балықшылар отрядтары.

8 - отряд: Тырналар - ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын , ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды. Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады. Олар далалы және батпақты жерлердің барлығында кездеседі. Бізде тырналар деген тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиі кездесетіні сұр тырна. Бұл ұзындығы 120 см салмағы 6-кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. Ұяларын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде далаларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2-3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Жұмыртқадан балапандары ширақ болып шығады. Тырналар өсімдік тамырларымен, насекомдармен, тышқандармен қоректенеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары. Оңтүстік Азияда және Африкада қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы шамалы.

9- отряд Сутатарлықтар (Rallifomec)

Батпақты тоғайлы, кейде сулы жерлерді мекен ететін кіші және орта үлкендікте болатын құстар. Олардың тұмсықтары сүйір, өтпелі танау тесіктері болады. Қанаттары қысқа, моқал келеді. Бұл құстар нашар ұшады, өсімдігі қалың жерлерде жақсы қозғалады. Ұяларын жерге немесе жапырылған қалың шөптердің үстіне салады. Ұясында 3-12 жұмыртқа болады. Балапандары ширақ, оларды асырауға ата-анасы бірдей қызмет етеді. Олар омыртқасыздармен, өсімдіктің жұмсақ жапырақтарымен, тұқымдармен қоректенеді. Бұлар өте көп тараған құстар. Біздің фаунамызда он шақты түрі кездеседі.

10. Огряд. Дуадақтар (Otidiformes).

Пішіні тауықтарға ұқсас, ірі құстар. Бұлардың мойны мен саусақтарының ұзындығы орташа. Үш саусақты, қысқа тұмсықты құстар. Жер шарының шығыс бөлімінің далалы және шөлді жерлерін мекен етеді. Құрғақ ортада тіршілік ететін болғандықтан, құйымшақ безі болмайы. Аталығында жұтқыншағымен жалғасатын тері қалташасы болады, ол дыбысты күшейтіп шығаруға қатысады. Біздің фуанада үш түрі кездеседі. Көбірек тараған түрі дуадақ. Салмағы 16 кг болатын ірі құс. Ашық даланы мекен етеді. Ұяларын бозды шөпті далаға, кейде егіндікке де салады. Жазғытұрым қосарланып жүреді. Жұмытрқаларын тек қана аналығы басады. Ұясында 2-6 жұмыртқа болады. Инкубация 30 күнге жетеді. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ келеді.

11. Огряд. Балшықшылар (Charadriformes).

Бұлардың көпішілігінің аяғы және тұмсығы ұзын келеді. Қанаттары үшкір, құйрығы қысқа болады. Дене мөлшері орташа және кіші болатын құстар деуге болады. Бұлар әдетте су жағасында батпақты жерде, кейде далада кездеседі. Балшықшылар ұясын жерге салады. Балшықшы деген түрі ұясын ағашқа салады. Ұясында 4 жұмыртқа болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда ширақ келеді. Отрядтың 200 ге түрі белгілі, бізде оның 50 ден аса түрі кездеседі.

Қызғыштар бізде кең тараған, желкесінде айдары бар, денесінің сырты қара, кеудесі және екі бүйірі ақ кәдімгі қызғыш жиі көзге түседі. Бұлардың үлкендігі кішігірім көгершіндей болады. Олар СССР тундрадан басқа жердің барлығында кездеседі. Ұясын топтанып жүріп батпақты және сазды көгал желлерге салады.
Чистиктер, көгершіндер, көкектер, тотылар, ешкіемерлер отрядтары

12. Отряд. Чистиктер (Alciformes).

Чистиктер - жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік теңіздердің мұхит құстары. Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері де кездеседі. Бұлардың денесі ұзынша мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар.

Балта тұқымдылар - бұлардың тұмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді. Көбінесе Тынық мұхиттың солтүстік жағалауын мекен етеді. Кейде Жаңа Жердің және Мурманскінің жағалауында да кездеседі. Биік тасты немесе түбі жұмсақ жағалауларда мекен етеді. Ұяларын індерді өздері қазып жасайды немесе тас арасындағы үңгірге салады.

13. Отряд. Көгершіндер(Columbiformes).

Көгершіндер орманды кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа құстар. Олардың танау тесіктері терілі қаппен бүркелген. Көгершіндер бүкіл жер жүзінде тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы 300 дей түрі белгілі. ТМД елдерінде 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух, вяхирь, иығында және мойнының бүйір белімінде ақ дақтары болады.

Осы кездегі Көгершіндердің жабайы түрлері - ағашты, таулы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шептесін заттардан салады. Ұясында 1-2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын аталығы да аналығы да кезектесіп басады. Жұмыртқадан 14-30 күн аралығында балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дендері, жемістері мен тұқымдары. Бұлар аздап құрттарды және жұлдыз құрттарын да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зияндарын тигізеді.

14. Отряд. Көкектер (Cuciliformes).

Бұл отрядқа көкектердің 200 ге жуық түрі жатады. Негізінен тропик өңірінде кездесетн ағашты және бұталы жердің құстары. Аздаған түрлері өздеріне ұя салады және жұмыртқасын басады. Көпшілігі ұя салып жұмыртқа басу инстинтігін жоғалтқан. Мысалы: қаршыға, көкек деген Шығыс Азияда мекендейтін түрі жұмыртқасын өзі басып, балапан шығарады, көпшілігінде жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кетеді.

Көкектердің жұмыртқасының түсі түрліше, әдетте, жұмыртқасының түсі ұядағы басқа құстың жұмыртқасына түстес болып келетіні анықталған. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына, ата-анасының жоқ көзінде, не жерге салып, оны тұмсығымен басқа құстың ұясына апарады. Жұмыртқадан шыққан Көкектің балапандары ептеп, иесінің балапанының астына кіріп, оны я жұмыртқаны ұядан итеріп шығарып тастайды. Көкектер басқа құстар жей алмайтын зиянкес түкті жулдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.

15. Отряд. Тотылар (Psittaciformes).

Тотылар екі жарты шардың субтропик және тропик ендігінің ормандарында тіршілік ететін құстар. Тұмсықтарының құрылысы өзгеше. Жоғарғы жағы ми сауытымен қозғалмалы түрде байланысқан. Ал төменгі жақ сүйегі тек жоғары-төмен қозғалып қана қоймай, екі жағына қарай да қозғала алады. Көпшілігі топтанып тіршілік етеді. Олар ұясын ағаштың қуысына кейде інге және жартастың қуысына салады. Балапандары нашар жетіліп шығады.

16. Отряд. Ешкіемерлер (Psittaciformes).

Ешкіемерлер сырт жағынан сұр қарлығаштарға ұқсайды, үлкендіктері орташа, насеком қоректі, түн құстары. Аузының көлемі өте үлкен және аузының жиегінде орналасқан қатты қылтандары бар. Тұмсығы керісінше кішірек келеді. Қанаты ұзын және үшкір болады. Қауырсындары сирек, жапалақтардікі сияқты жұмсақ, түсі тіршілік өткен ортасына сай сұр-қоңыр болады. Қонақтап немесе жерде отырған ешкіемерлерді байқау қиын, өйткені түсі ағаштың немесе жердің түсіне ұқсас болады.

Ешкіемерлер - түн, я іңір құсы. Ұшып жүрген насекомдардың дыбысынан байқап, ұстап қоректенеді. Бұлар тек суық жақта ғана болмайды, бізде құрғақ орманды жерлерде - кедімгі ешкіемер кездеседі. Бұлардың топырақ шұңқырына салған ұясында 1-2 жұмыртқа болады. Балапандарын атасы да, анасы да бірдей күтеді. Ешкіемерлер ете пайдалы құс.
Тақырыбы: Ұзынқанаттылар, тоқылдақ тәрізділер, жапалақтар, торғай тәрізділер отрядтары.

17 отряд. Ұзын қанаттылар. Бұл отрядқа сұр қарлығаштар және колибрилер жатады. Олардың қанаттары ұзын және сүйір болады, сондықтан тез бұрыла, ұша алады.

Сұр қарлығаштар сыртқы пішіні мен тіршілік ету тәсілі жағынан қарлығаштарға ұқсайды. Олар ұшып бара жатып ұсақ насекомдарды қағып жейді. Өйткені, аяқтары қысқа, төрт саусағының барлығы да алдына қарай бағытталғандықтан жер бетімен жүре алмайды. Бұлар ұяларын ағаштардың қуысына жартастардың жарығына, үйлердің жапсарларына салады. Бізде кәдімгі сұр қарлығаш кең тараған. Ұяларын слекей бездерінен шыққан жабысқақ және тез қататын шырындарымен салады.

Колибрилер - ұсақ және өте ұсақ ерекше құстардың тобы. Ірі колибрилер қарлығаштай, ал ұсағы түкті араның үлкендігіндей болады. Түсі ашық жарқырауық келеді. Олар өте тез ұшады, қанатын жиі қағатын болғандықтан тіпті оның пішінін байқау мүмкін емес. Барлық түрлері де ағашты, бұталы жерлерді мекендейді. Олар гүлдердің нектары мен және гүлдегі ұсақ насекомдармен қоректенеді. Бұлардың көпшілігінің тұмсығы ұзын, аздап төмен қарай иілген, нектарды соруға бейімделген болады. Бұтақтарға ұялайды, ұясында екі жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз, аналары өздерінің аузынан нектарларын кейін шығарып, балаланының аузы арқылы өңешіне құяды. Колибрилердің көпшілігі өсімдіктерді тозандандырады. Жалпы 600-дей түрі белгілі. Оңтүстік және солтүстік Америкада мекендейді.

18 Отряд. Тоқылдақ тәрізділер

Тоқылдақ тәрізділердің көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар. Бұлар ұяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты мүйізденген тұмсығының жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез қозғалады, тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады.

Біздің фаунада тоқылдақтардың 10 - нан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ, үлкен ала тоқылдақ, кіші ала тоқылдақ, жасыл тоқылдақ және т.б. орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады.

19 Отряд. Жапалақтар

Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жыртқыш құстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағұрлым алыстау тұрады. Жапалақтың қауырсындары қалың және жұмсақ, қопсып тұрады. Сондықтан да ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Құлақ қуысының алдыңғы жағында, дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпары орналасқан. Бұлардың көзі үлкен, сондықтан жапалақтар түнде де жақсы көреді. Басын өте тез қозғап, 270 градусқа бұра алады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды. Бұлар көп жерге тараған құс, 200 - ге жуық түрлері бар. Ал бізде 20 - дай түрі кездеседі. Балапандары әлсіз, көп уақытқа дейін ұяларында болады.

20 Отряд. Торғай тәрізділер

Торғай тәрізділерге қазір тіршілік ететін құстардың жартысынан көбі жатады, оның 5000-ға жуық түрі белгілі. Сыртқы пішінімен мөлшері алуан түрлі болады. Ең ұсағы каролек, оның салмағы 5 - 6 г болады, ал ірісі қарға салмағы 1100 - 1500 г болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі бұталы, орманды жерлерді мекендейді. Торғай тәрізділердің ішінде нағыз су құстары болмайды. Барлығы да болжыр балапанды құстар. Ұясын өте ұқыпты жасайды. Кейбір түрлері жылына екі рет балапандайды. Торғай терізділер үш отряд тармағына белінеді.

1. Үншіл торғай тәрізділер. Тропиктік ұсақ орман құстар 1000 - ға тарта түрі белгілі 11 тұқымдасқа топтасады.

2. Жалған жыршы торғай тәрізділер. Бұған Австралияға тараған бір азғана түрлері жатады. Нағыз торғай тәрізділермен салыстырғанда, дыбыс байланыстары нашар жетілген. Негізгі тұқымдасы - лиралар.

3. Жыршы торғай тәрізділер. Бұл отряд тармағына, отрядтағы түрлердің 2/3 белігі жатады. Дыбыс аппараты толық жетілген. 5-7 пар дыбыс еттері блады. 4000-ға тарта түрі белгілі, олар 52 тұқымдасқа бірігеді. Олардың түрлері:

Босторғайлар далада шөлді жерлерде, тіршілік өтетін ұсақ құстар, артқы саусағының тырнағы түзу және ұзын. Бұлар ауада ұшып жүріп жырлайды.

Қарлығаштар - өте тез ұшатын ұсақ құстар, олар насекомдарды ауада ұшып бара жатып, қағып ұстап жейді. Бізде қарлығаштардың 3 түрі қыстау қарлығашы, қала қарлығашы, жаға қарлығашы кездеседі.

Қарғалар - дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бір сыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік өтеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді. Бұл тұқымдасқа - құзғын, қарға, ұзақ, сауысқан, және т.б. жатады.
Лекция 3. Тақырыбы:

Құстардың экологисы және экологиялық топтары.

Жер шарында құстар тарамаған жер өте сирек кездеседі. Құстардың бір қатары теңіз деңгейінен төмен жерде, ал енді бірқатары теңіз деңгейінен әлдеқайда биік жерлерде де кездеседі. Құстардың ұшу қабілеті басқа омыртқалылардың таралуына кедергі болатын жағдайлардан тез етуіне мүмкіндік береді. Екіншіден жыл мезгілінің қолайсыздығына қарай тіршілік өткен мекенін тастап, қолайлы жағдай бар белігіне баруға толық мүмкіншілігі бар.

Құстардың тарауына ауа температурасы да үлкен әсер өтеді. Насекоммен қоректенетін құстардың таралуының шегі солтүстікте температура жағдайына тікелей байланысты. Өйткені, төменгі температурада насекомдар өте аз болады, сонымен қатар жыл маусымының ондай қысқа мерзімінде құстар балапандарын толық жетілгенге дейін қоректендіріп үлгіре алмайды.

Құстардың таралуына дымқылдықтың да аздап та болса әсері бар. Құрғақшылықтың әсерінен су қоймаларының, батпақтың ауданы кішірейіп үйрек, жылқышы, батпақты жер тауығына қорек болатын жануарлар мен өсімдіктер құрып көтеді. Ұзақ уақыт бұлт басып, температура төмендеп, дымқылдықтың артуы құстарға қорек болатын көптеген жануарлар мен өсімдіктердің қалыпты тіршілігіне нұқсан келтіреді.

Құстар тіршілігі үшін жарықтың да маңызы зор. Өйткені, құстардың көпшілігі күндіз белсенді түрде тіршілік өтеді. Күннің қысқаруы көптеген құстардың тіршілігін қиындатады, олар тіршілігіне қажетті қорегін қамти алмайды.

Жарықтың белгілі бір мөлшерден артық болуы құстарға қолайсыздық етпейді. Қиыр Солтүстікте жаз көзінде бірнеше ай бойы күннің батпауы түнде жемін аулайтын құстардың тіршіліген нұқсан келтірмейді, олар тез арада күндіз тіршілік етуге ауысып көтеді. Ондай құстарға ақ жапалақ, қаршыға жапалақ, қауырсын аяқты байғұз, т.б. жатады. Түнде тіршілік етуге бейімделген құстардың түрі көп емес, оларға жататындар - жапалақтар, үкілер, байғұздар, кивилер.

Осы кезде тіршілік өтетін құстар ағашты, бұталы, батпақты сулы орталарда мекен өтеді. Бірақ сүтқоректілерге қарағанда, құстардың бейімделген орталары оншама көп емес. Мысалы, құстардың ішінде тек қана суда тіршілік өтетін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері болмайды.

I. Бұталы орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері. жатады. Бұл ортада көберекі мамандалған құстардың тобы - ағашта өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбнесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Ағаш бойымен өрмелегенде, серпімді құйрық қауырсындары тірек қызметін атқарады, мысалы тоқылдақтар. Ал тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына қарай бұталы-орман құстары: насеком жемділер, жеміс тұқым жемділер, нектар жемділер деп белінеді.

II. Батпақты шалғындықтың құстары. Бұл құстар су қоймаларының суы тайыз, ағашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағалауларда мекендейді. Қорегінің көпшілігін тайыз батпақты сулардың түбінен табады. Бұл топқа жататын құстардың аяғы қауырсынсыз ұзын, саусақтары жіңішке, олардың арасын жалғастырып тұратын жарғақтары болмайды.

1). Шалшық суларда жүретін сирақты құстарға дене мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте ұзын - тырналар, құтандар, дегелектер жатады. Олар батпақты-шалғындықтардың, мүкті-батпақтарды, қалың қамыстарда мекендейді. Кейбір түрлері ағаштың басына ұялайды. Топырақтың бетінен немесе судан ұсақ жәндіктерін теріп жейді.

2). Өрмелеп қозғалатын батпақты жер құстары - көлемдері орташа және шағын болады да, батпақты жерде немесе шалғындықтың қалың шөптөсін жерлерін мекен өтеді. Бұған әртүрлі батпақты жер тауықтары, тартарлар, поганыштар, сұлтан тауығы және т.б. жатады. Алдында айтылған құстардан бұл типке жататын құстардың ерекшелігі - қалың шөптің арасында жасырынып жүріп тіршілік өтеді. Нашар ұшады, жауларынан құтылу үшін қалың шөптің арасына кіріп кетеді.

3). Тайыз судың балшықшылары - ұсақ әдетте тұмсықтары ұзындау келетін құстар. Тайыз жерлерде ұсақ тастардың үстінен немесе астынан және судың түбінен қоректерін теріп жейді. Бұлардың көпшілігінің аяғы ұзын келеді.

III. Шөлді дала құстары. Бұларға - түйеқұстар, дуадақтар, және т.б. жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен өтеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын құстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге белінеді.

Жүрдек құстарға аяқтары ұзын, тез жүгіре алатын ірі құстар жатады. Бұлар қорегін ұшпай, жер бетімен жүріп іздейді.

Тез ұшатын құстарга шіл және қылқұйрықтар жатады. Дене мөлшері орташа, аяғы қысқа, қанаты өте ұзын, сүйір болатын құстар. Қауіп тенгенде жерге бауырын тесеп жата қалады.

IV. Су құстары. Бұған 8 отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік тұмсықтылар, гагар тәрізділер, ескекаяқтылар, қазтәрізділер енеді.

Сүңгуірлер - өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сулы ортада тіршілік етуге бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бір қатарын судың ішінен ал енді бірқатарын судың түбінен табады. Бұлар балықтармен, шаян тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді. Сулы ортаға жақсы бейімделген пингвиндер мүлдем ұша алмайды. Бірақ өте жақсы сүңгиді. Құрлыққа тек ұя салу, балапан басу көзінде ғана шығады.

Ауада - суда кездесетін құстар тобына шағалалар, крачкалар, түтік тұмсықтылар жатады. Сүңгуірлерден ерекшелігі жақсы ұшады, әрі жақсы жүзеді, құрлықта жақсы жүре алады.

Жерді және суды мекендеуші - құстар тобына: үйректер, аққұлар, қаздер жатады.

V. Жыртқыш құстардың белгілі мекен өтетін экологиялық ортасы болмайды. Олар түрлі ортада тоғайда, тауда, далада, батпақты жерлерде мекен ете береді. Олардың бірнеше түрі белгілі: өлексе жеушілер (тазқара), бүркіт пен ақсарылар, жапалақтар, құладындар, қаршығалар, және сұңқарлар.


Құстардың шаруашылықтағы маңызы.

Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл ерекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, өсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың - ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстардың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес. Бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көпшілік құстар егін, бау бақша, ыңғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері - омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді.

Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияныны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық, қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбызды, картоп қауынды шоқып бүлдіреді, Соным қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарын да көп пайдасын тигізеді. Сол сияқты суық торғайлар да балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттарымен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақыпдармен қоректеніп, жеңіл әрі жылы болады. Жабайы құстардың жұмыртқасын пайдалану ертеден келе жатыр.

Үй құстары. Үй құстарын өсіру ауыл шаруашылығын өркендетудің үлкен бір саласының бірі. Негізгі үй құстары: тауықтар, үйректер, қаздар және т.б. өсіріледі. Көгершіндердің осы кездегі сан түрлі тұқымдары жабайы Көгершіндерден шығарылған. Көгершін өсірудің үш тұқымдасына сәйкес үш түрлі бағытта: әсемдік, почташы еті үшін өсіріледі. Әсемдік үшін өсірілетін Көгершіндердің түсі ала, әсем көрсетіп тұратын қауырсынмен жабылған дене пішіні болады. Бұған дұтыштар немесе алтын көгершіндер, трубачтар, үнді және тоты тәрізді көгершіндер жатады.

Етті тұқымдасқа кинг, исполинск, көгершіндері жатады. Бұлар ірі, салмағы 600 - 900 г болатын көгершіндер. Жақсы тұқымы жылына 14 - 16 балапан өсіреді. Олардың салмағы жарты жылда 500 - 700 г жетеді.

Почта көгершіндері негізгі екі топқа белінеді - шығыс және Белгия тұқымдары. Бұлар "ауа почтасын" тасу жөнінде өсіріледі. Шығыс Көгершіні ауада ұшқанда жерді өте жақсы бағдарлайды, бірақ денесі ауыр болғандықтан онша ұзаққа ұша алмайды. Белгия көгершіні - жеңіл тұқымдармен шағылыстыру арқылы алынған. Жерді жақсы бағдарлайды және ұмытпайды. Сонымен бірге алыс жерлерге ұша алады.



Лекция 4. Тақырыбы: Сүтқоректілер класы (Mammalia)

Жалпы сипаттама. Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың ерекшеліктері мынадай.

1. Оларда орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Оның ішіндегі жоғарғы нерв әрекетінің орталығы - үлкен ми жарты шарлары жақсы дамыған (сұр қыртысы). Соның нәтижесінде орта жағдайына байланысты бейімделуі жақсы жетілген:

2. Сүтқоректілер тірі туады. Баласын сүтімен қоректендіреді. Бұл сүтқоректілердің әртүрлі жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді және төлдерінің өніп-өсуіне қолайлы жағлайдар туады.

3. Дене температуасының тұрақтылығына байланысты, жылу реттелуі жоғары дамыған. Сүтқоректілердің денесінін температурасы шамамен 37-48°С. Дененің температурсының бұлай болуы, бір жағынан химиялық терморегуляцияның дамуы болса (организмнің жылу бөлуі), екінші жағынан физикалық терморегуляцияның жылуды реттеудегі күшінің (терлеу, терінің қан айналысының өзгеру сипатында) дамуына байланысты. Денедегі жылуды реттеуде тері астындағы майдың, қаптап тұрған түктердің маңызы өте зор.

Сүтқоректілердің морфологиялық ерекшеліктері:

Сүтқоректілердің терісінде түрлі бездері бар. Мысалы, тер бездері — тер шығарады, суды сыртқа шығарады, жылуды реттейді, терморегуляция қызметін атқарады, май безі — одан бөлінген шырын жүндерін, терінің үстін майлап, олардың сынбауына, кеуіп кетпеуіне ұзақ уақыт қызмет жасауына мүмкіндік береді. Иіс безі бір-бірімен қатынас үшін, қорқыту үшін. Сүт безі - (аналық) балаларын сүтпен асырау үшін қажет.

Сүтқоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қаптап тұратын түк болады (волос). Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т.б.) түк тіпті болмайды, болса рудимент түрінде сақталған (екінші рет жойылған). Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Оның негізгілеріне: Малдың түк (түбіт), қылшық, сезгіш түк (вибрис) т.б. жатады.

Осындай ерекшеліктері әр түрлі жағдайларға қарамастан сүткоректілердің кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Сол таралу жағдайына қарай оларды бірнеше экологиялық топтарға бөледі: көпшілік сүтқоректілер жер бетінде тіршілік етеді (үй малдары, қасқыр, марал, елік т.б.), суда (кит тәрізділер - дельфиндер мен кашалоттар), сирендер - Стеллер жартылай суда - ескек аяқтылар - тюлендер, морждар; камшат, құндыз, ондатр, нутра т.б. ағаш басында (маймылдар, тиіндер т.б.), ауада (жарқанаттар), жер астында - (көртышқан, бұзаубас, соқыртышқан т.б.).

Бұл класқа омыртқалылармен салыстырып қарағанда көптеген өзіндік белгісі бар жануарлар жатады. Терінің үсті азды-көпті жүнмен жабылған. Жүнмен терінің негізгі маңызы организмді сыртқы ортаның зиянды әсерінен сақтаумен қатар, дененің температурасын тұрақты мөлшерде сақтау.

Терінің астында, қалындығы әр түрлі болатын май қабаты бар. Бұл май суық жаққа немесе теңізде тіршілік ететін сүтқоректілерде қалың, мысалы, көк киттің тірі майының қалындығы 30 см дейін. Май қорек жеткіліксіз болғанда жұмсалатын денедегі қоректік заттың қоры да болып есептеледі. Сондықтан қыста ұйықтап жатқан кейбір жануарлардың (күзде) майы көп болады.

Сүтқоректілердің терісінде түрлі бездер көп болады. Ол бездердің клеткалары бөліп шығаратын заттар шырын деген ортақ атпен аталады. Бездердің өздері бірнеше топқа бөлінеді және секреттерін белгілі түтік арқылы шығарады. Секреттің химиялық құрамы әр түрлі болады. Мысалы, тер бездері -тер шығарады, ал сүт бездері - сүт шығарады т.б. Сүт безі тек сүтқоректілерде ғана болады. Кейбір бездер түтіксіз болғандықтан секреттері қанға қосылады.

Сүтқоректілерде денені қозғалысқа келтіретін әртүрлі бұлшық еттер болады, олар сүйектерге бекиді. Басқа омыртқалылардан сүтқоректілердің тағы бір ерекшелігі дене кеуде және құрсақ қуысына бөлінген, ол екеуінің арасынан көкірек құрсақ пердесі немесе диафрагма бөліп тұрады. Сүтқоректілердің денесін құрайтын әртүрлі мүшелер өздерінің атқаратын қызметіне байланысты бірнеше жүйеге бөлінеді: сүйек, ет, ас қорыту, зәр шығару, қан айналу, нерв жүйесі және тағы басқалар.

Қазір дүние жүзінде сүтқоректілердің 4500 түрі белгілі. Соның 332 түрі ТМД жерінде мекендейді. Ал Қазақстанда сүтқоректілердің 178 түрі кездеседі.

Тақырыбы: Сүтқоректілердің сыртқы құрлысы

Қаңқасы. Ересек сүтқоректілерде қаңқасы сүйекті болады. Хорда тек эмбрионалдық даму кезеңінде айқын білінеді. Омыртқа жотасы - мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан құралады. Мойын омыртқаларының саны әрқашан тұрақты болады. Алдыңғы екі мойын омыртқасын - ауыз омыртқа (атлант) және эпистрофей деп аталады. Мойын омыртқасы жеті омыртқадан тұрады. Бірақ сүтқоректілердің мойынының ұзындығы бірдей емес. Мысалы, тұяқтылардың мойыны ұзын, кемірушілердің мойыны қысқа болады. Демек, олардың мойынының ұзындығының түрліше болуы сүтқоректілердің мойын омыртқаларының санына байланысты емес, жеке омыртқалылардың денесінің ұзын және қысқа болуына байланысты.

Арқа омыртқалары көпшілігінде 12-15 болады, ал кейбіреуінде 24 арқа омыртқасы болады. Бел омыртқаларының саны 2-ден 9-ға дейін болады. Сегізкөз көпшілігінде бір-бірімен бірігіп өсіп кеткен 3-4 омыртқадан тұрады. Құйрық омыртқаларының саны тұрақты болмайды. Мысалы, Гиббонда - 3 болса, кесірткеде 49-ға жетеді.



Ми сауыты. Миының үлкен болуына байланысты, сүтқоректілердің ми сауыты да үлкен болады. Жоғарғы жақ, 2 жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Төменгі жақ сүйегі бір жұп тіс сүйегінен қалыптасады. Буындасу сүйегі, есту сүйекшесі - балғаға айналады, шаршы сүйек есту сүйекшесінің екінші бір түрі төске айналады. Бұл екі есту сүйекшелері және үшінші есту сүйекшесі - үзеңгі ортаңғы құлақ қуысының ішіне орналасады. Ортаңғы құлақтың сыртқы бөлімі және есіту жолы - дабыл сүйегінен тұрады.

Сүтқоректілердің иық белдеуі негізінен жауырын мен бұғанадан тұрады. Каракоидты сүйектер барлық сүтқоректілерде рудиментті түрде кездеседі. Жамбас белдеуі жер бетінде тіршілік ететін жануарларға тән шонданай (седалищными), шап (лобковыми) жвне мықын (подвздошными) үш сүйектен тұрады. Осы үш сүйек тұтасып барып - жамбас сүйегін құрайды. Барлық жер бетіндегі қозғалатын сүтқоректілердің аяқтары бес саусақтан болып келеді. Мысалы, жер бетінде жүретін түрлерінде аяқтары ұзын болса, ал суда тіршілік ететіндерінде керісінше қысқа болады.


Лекция 5. Тақырыбы: Сүтқоректірлердің ішкі құрылысы.

Нерв жуйесі. Сүтқоректілердің нерв жүйесі өте күрделі. Олардың миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңарлары мен мишыктың көлемді болуына байланысты, ал олар сүтқоректілердің неше түрлі қимылдар жасауына мүмкіндік береді. Алдыңғы ми сауыттарының қыртысы тегіс болмай, көптеген сайлар болады да оның беттік ауданын ұлғайтып тұрады. Баста 12 жұп нерв жүйесі бар.

Сезім мүшелері. Сүтқоректілердің тіршілік әрекетіне қарай жақсы дамыған. Иіс сезу мүшесі өте жақсы жетілген және тіршілігінде үлкен қызмет атқарады. Осы мүшелердің көмегімен олар жауларын сезеді, тамағын бірін-бірі іздеп табады.

Есту мүшелері жақсы жетілген. Оларға сыртқұ құлақ (құлақ қалқаны), ортаңғы және ішкі құлақ енеді. Ортаңғы құлақ қуысында үш сүйек болады. Балға дабыл жарғағына тиіп тұрады, оған қозғалмалы болып төс бекіген. Төс өз тарапынан қозғалмалы болып үзеңгімен байланысқан. Ішкі құлақтың қарылысындағы бір көңіл аударатын нәрсе, улитканың каналында керіліп жатқан мыңдаған жіңішке талшық - кортьев мүшесінің болуы. Дыбысты қабылдаған кезде осы талшықтар оны күшейтіп, жануарлардың нәзік дыбысты естуін қамтамасыз етеді.



Көру мүшесі. Сүтқоректілердің көздері омыртқалылардың көз құрылысына ұқсас. Оларда жоғарғы және төменгі қабағы жақсы дамыған. Аңдарда көздің көру қабілеті құстардікінен нашар.

Сүтқоректілердің дене қуысының айырмашылығы сол, ол диафрагма арқыны бөлінген кеуде қуысы және құрсақ қуысынан тұрады. Кеуде қуысында жүрек пен өкпе жатса, ал құрсақ қуысында - қарын, ішек, бауыр, бүйрек тағы басқа мүшелер болады.

Ас қорыту мүшелері - күрделі және бірнеше бөлімнен тұрады. Ол ауыз қуысынан басталады. Қоректік заттар үстіңгі және астыңғы жақтарға орналасқан тістерден және сілекей бездерінің әсерінен механикалық және химиялық өзгерістерге түседі. Сүтқоректілердің тістері — күрек тістер, шошақ тістері жалған азулар және азу тістер деп бөлінеді. Жыртқыштардың шошақ тістері өте жақсы жетілген және олардың ұшы өткір болады. Олардың азу тістері өте үлкен және өткір болады да, олар жыртқыш азулар деп аталады. Кемірушілердің күрек тістері өте жақсы жетілген.

Төмендегі жақ сүйегінің арасында етті тіл орналасқан. Ауыз қуысының арт жағында жұтқыншақ орналаскан. Жұтқыншақтың төменгі бөлімінде өңеш тесігі жалғасады. Ауыз қуысында сілекей бездерінің түтіктері ашылып көмірсутек қосылыстардың крахмал мен қантқа ыдырауына себебін тигізеді.

Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі мен құрылысы қоректік заттардың түріне қарай әрбір түрде түрліше болады.

Күйіс қайтаратын сүтқоректілердің қарны өте күрделі құрылысты. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады: 1) үлкен қарын; 2) жұмыршақ қарын; 3) жалбыршақ қарын; 4) ұлтабар немесе безді қарын. Үлкен қарынға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен ашиды. Қорек заты қарыннан оның перистальтикалық қозғалысының әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда — ауызға келіп түседі. Ауызда тамақтық зат ұсақталып, сілекеймен араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады. Нағыз ішек - аш ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бөлінеді. Өсімдік тектес азықтармен қоректенетін жануарларда ішек өте ұзын, ал жануар тектес азықтармен қоректенетіндеріне қысқа болады.

Сүтқоректілердің астың қорытылуында бауырдан бөлінетін өттің, сол сияқты ұйқы безінің және ішек қабырғасында орналасқан бездердің әсері зор.

Тыныс алу мүшелері. Сүтқоректілердің тыныс алу мүшесі тыныс алатын көмекей, кеңірдек, бронхылар және өкпе. Кеңірдек көмекейден басталып жұтқыншаққа ашылады. Ауа танау тесіктері арқылы кіріп жылынады және әртүрлі қатты заттар қосылысынан тазартылады. Таңдайдың жақсы жетілуіне байланысты ауа жүретін жол ауыз қуысынан жекеленген, көкірек қуысында кеңірдек екі бронхыға бөлініп өкпеге енеді. Бронхылар өкпенің ішінде көптеген ұсақ тарамдарға бөлініп, жұқа қабырғалы кепіршіктер — альвеолдарды түзеді. Альвеолдар ұяшықтарына капиллярлардың ұшы келіп тұрады. Осы капиллярлар арқылы газ алмасу процесі жүзеге асады. Сүтқоректілердің тыныс алуына және шығаруына көкірек қуысының кеңейіп, ауа қабылдап немесе тарылып өкпеден газдың шығуына себепші қабырғаларды көтеретін қабырға аралық еттермен көк еттің (диафрагманың) үлкен әсері бар.

Қан айналу жүйесі. Сүтқоректілердің қан айналу жүйесі зат алмасу процесінің өркендеуіне байланысты төрт бөлімнен екі жүрекшеден, екі қарыншадан тұрады. Жүректің оң және сол жақ жартысы бір-бірінен толық бөлінген. Сондықтан, сүтқоректілердің артерия қаңдары вена қаңдарынан толық бөлінген. Демек, олардың барлық дене мүшелері оттегіне қаныққан бай артерия қаңдарын қабылдайды. Жүректің атқаратын қызметінің көлеміне қарай тамырлары жақсы дамыған. Басқа омыртқалы жануарлармен салыстырғанда жүректің қызметін нервпен қамтамасыз ету жоғарғы дәрежеде дамыған. Дененің барлық бөліктері қоректік заттармен және оттегімен жабдықталған және диссимиляция қалдықтарынан да тез босайды.

Олардың эритроциттерінің құрылысы өзінше сипат алады. Эритроциттері кішкентай ядролары болмайды. Сондықтан олар өте көп мөлшерде кездеседі (1 куб мм миллиондап болады). Соның арқасында эритороциттердің бет көлемі артып оттегін сіңіретін жалпы аумағы артады.

Сүтқоректілердің қаны суық жануарлардікіне қарағанда тез ұйиды. Ол жануарлардың жарақаттанған кезінде қанның көп ақпай, тез тоқтауына әсерін тигізеді.

Қан айналу жүйесі кіші және үлкен қан айналым шеңберінен тұрады. Қан жасап шығарушы мүше - көкбауыр (талак) болады.

Зәр шығару мүшелері. Сүтқоректілердің бүйрегі мықын бүйрегі деп аталады. Қосмекенділерге, балықтарға тән дене бүйрегі эмбрионалдық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. Сүтқоректілердің метанефридиалық бүйрегі бұршақ пішінді болады. Ол бел маңайындағы омыртқалар жотасының екі қапталында орналаскан. Бүйректің ішкі жақтарынан несеп ағаралар шығын, қуыққа ашылады. Қуықтан несеп түтігі арқылы сыртқа шығады. Клоакалы сүтқоректілердің несеп жолы несеп - жыныс қуысына барып, одан қуыққа келеді. Қуықтың несеп арнаулы несеп каналы арқылы сыртқа шығады. Зәр шығару қызметін аздап та болса тер безі атқарады.

Көбеюі. Сүтқоректілердің көбеюі басқа жануарлардың көбею мүшелерінен ерекше болады. Ең негізгі бір сипаты артқа ішектен жыныс жолдарының толық бөлінуі.

Аталық жыныс мүшелері. Сүтқоректілердір аталық жыныс бездері алғаш дене қуысында болады да, есейген шағында төмен түсіп, шап бөлімінде сыртқа шығып тұрған ен (мошонка) қалтасының ішіне орналасады. Аталық жыныс безіне беттесе орналасқан — ен сабағы болады. Ен сабағы аталық жыныс безінің өнімін сыртқа шығаратын көптеген каналдардан тұрады. Ол шағылыс мүшесінің түп жағынан келіп несеп шығаратын немесе тұқым шығаратын каналмен жалғасады.

Шағылыс мүшесінің түп жағында бір жүп бездері болады. Бұны предстательдік без деп атайды. Бұл бездің де жолы тұқым-несеп каналының ұшына ашылады. Аталық жыныс бездерінің геперматозоидтары жүзіп жүретін сұйықтықтарды осы без бөліп шығарады. Предстатрльдік және тұкым көпіршік бездерінен бөлінген секреттер сперматозоидтардың қозғалысын шапшандатады.



Аналық жыныс мүшелері. Дене қуысында орналасқан жұп аналық жыныс безінен, бір жұп жұмыртқа жолынан, жұмыртқа жолының жоғарғы иіліп жатқан бөлімі фаллопиев түтігінен, жатын мен қынаптан тұрады. Сүтқоректілердің жатындары бәрінде бірдей болмайды. Кейбір сүтқоректілерде жатын жұп болып, оның оң және сол бөлімі жатын қынабына дербес тесік арқылы ашылады. Мұндай жатынды қос жатын деп атайды.

Кейбір кемірушілердің, жарқанаттардың және жыртқыштардың жатыны төменгі жағынан қысылып - екі айыр жатын құрайды. Кит тәрізділердің, тұяқтылардың және кейбір жыртқыштардың жаныдарының оң және сол жағының көпшілік бөлімінің қосылып кетуінің салдарынан — екі мүйізді жатын пайда болады. Пирматтардың, жарқанаттардың, адамдардың екі жатыны да қосылып дара қарапайым болады.

Сүтқоректілердің кейбіреулері - полигамды болады, демек бір еркегі табынның қожасы болып, сол тобындағы барлық ұрғашы жануарларды ұрықтандырады (мысалы, ақбөкендер, жылқылар т.б.). Екінші біреулер - моногамды болады, демек олар жұптасып тіршілік етеді (мысалы, түлкілер, қасқырлар т.б.). Әрине, олар бір маусымда ғана жұптасуы немесе өмірінің ұзақ жылдарында жұптасып тіршілік етуі ықтимал.

Ұрық орны. Барлық сүтқоректілер қағанақтыларға (амниотаға) жатады. Өйткені ұрықтың даму барысында оларды ұрық қабығы пайда болады. Қазіргі сүтқоректілер балаларын тірі туып, сүтпен асырайды. Төменгі сатыдағы (ехидна, үйрек тұмсық), қалталылар, нашар дамыған, әлі жетілмеген балаларын туады.

Планцентарлы сүтқоректілерде сероздың бет жағында өсінділер пайда болады да, ол борпылдақ дене хорионға айналады. Хорионның бір бөлігі жатынның жұмсақ ұлпаларымен жабыса өсіп күрделі мүше ұрық орны немесе плацента пайда болады. Хорионда да, жатынның жұмсақ ұлпаларында да қан тамырлары өте жақсы дамыған. Осы арада ана мен ұрықтың қан тамырлары өзара ұштасады, бірақ әрқайсысы жеке-жеке жатады. Соның нәтижесінде ұрықтың мүшелеріндегі газ алмасуы, қоректенуі және ыңырау өнімдерінің бөлініп шығуы орындалады. Осы ананың денесінен ұрықтың мүшелеріне жету осмос қысымы арқылы орындалады.



Дамуы. Ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықты ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ уақыт жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.

Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбіреулерінікі соқыр және жәрдемсіз болып туады. Барлық жануарларда анасы сүтінен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Нерв жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың өкілдері балықтар мен қосмекенділермен салыстырғанда, сан жағынан аз бала табады. Ірі сүтқоректілер бір-ақ бала табады.

Қазір дүние жүзінде 4500 сүтқоректілердің түрі бар. Соның 3320 түрі ТМД-да болса, Қазақстанда 178 түрі қолайлы орын тапқан.

Лекция 6. Тақырыбы: Сүтқоректілердің классификациясы


Сүтқоректілер класының өкілдері үш класс тармағына бөлінеді. 1-класс тармағы, Жұмыртқа салушы сүтқоректі немесе алғашқы аңдар.

2-класс тармағы. Қалталы сүтқоректілер немесе төменгі сатыдағы аңдар.

3-класс тармағы. Жоғарғы сатыдағы сүтқоректілер немесе плаценталылар.

1-класс тамағы. Жұмыртқа салушы немесе алғашқы аңдар (Prototheria). Жұмыртқа салушы сүтқоректілердің дене құрылысы өте қарапайым. Олар бауырымен жорғалайтын жәндіктерден алғашқы пайда болған сүтқоректілерге өте ұқсас, сондықтан да бұл бұларды алғашқы сүтқоректілер деп атаймыз. Оның өкілдері үйректұмсық пен ехинда. Бұлардың ішінде үйректұмсык, кебею үшін жұмыртқа салып, сосын оны құстар сияқты басып, бала шығарады. Ехинда да осылай көбейеді, бірақ ол жұмыртқасын өзінің бауырында болатын ерекше қалтасына салып басып шығарады. Олар бір жұмыртқа салады, ал екі жұмыртқа сирек кездеседі. Жұмыртқасының ұзындығы 1-1,5 см басқа сүтқоректілерден айырмасы, зәр шығару мүшелері мен ас қорыту жүйесі бір тесікке клоакаға ашылады. Емшек болмайды, сондықтан сүт безінен шыққан сүт жүн арқылы ағып, жүнді жалаған балаларының ауызына барады. Денесінің температурасы төмен және ол тұрақты емес (2б-35°С).

Алғашқы сүтқоректілер Австралияда және Тасмания мен Гвинея аралдарында кездеседі. Бұлар кішкентай сүтқоректілер (үйректұмсықтың үлкендігі, құйрығын қосып есептегенде 60 см шамасындай). Үйректұмсық су жағасында, інде тіршілік етіп, насекомдармен қоректенеді. Оның терісінің бетін жауып тұратын жүні кірпідей қатты болады.

Үйректұмсықтар өзен жағалауындағы тіршілік етеді және уақытының көбін суда жүзіп өткізеді. Мүйіз қабатты ұзын, жалпақ тұмсығы үйректің тұмсығына ұқсайды. Ересек үйректұмсықтылардың тістері жоқ. Олар жас кезінде шыға бастайды да, кейін оның орнына мүйізді пластинка пайда болады. Үйректұмсық осы пластинкасымен моллюскалардың қатты қабыршақтарын да оңай уатады. Судағы тіршілікке байланысты саусакатарының аралығында жүзу жарғақтары болады. Сондықтан аяқтары жалпақ, қалақ тәрізді суда жақсы жүзуге бейімделген. Ал құйрығы болса суда жүзгенде бағыт беріп отырады. Үйректұмсықтардың жүні қатты және тығыз, сондықтан суды да өткізбейді. Құлақтарының калқаны болмайды, ал құлақтарының тесіктері суға сүңгігенде жабылып қалады. Сөйтіп, үйректұмсықтардың барлық құрылысы сула өмір сүруіне икемделген.

Ехидналар ойлы-қырлы, бұталы жерлерде мекендейді. Мөлшері 1-1,5 см болатын екі жұмыртқа салады. Оны ұрғашысы құрсағындағы тері қалтасына салып қояды. Қалтасының ішіндегі температура 33-35° шамасында болады. Ұрық жұмыртқадан шығып, қалтаның ішінде дамып, ұзындығы 8 см-ге жеткенде қалтадан сыртқа шығады.

Олар Австарлияны мекендейді. Бұлардың аяқтарында ұзын өткір тұяқтары болады, солардың жәрдемімен ін қазып, сол індерінде тіршілік етеді. Ұзын тұмсығы қатты, мүйізді сауытпен қапталған. Насекомдармен қоректенеді. Насекомдарды жабысқан тілімен жердің жарығынан, тастардың арасынан тауып алады.


Қалталылар класс тармағы (Marsupialia)

Қалталылар класс тармағының жұмыртқа салушыларымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың плацентасы нашар жетілген, көпшілігінде плацента тіпті болмайды. Соның нәтижесінде ұрықтың құрсақтағы даму мезгілі қысқа болады да жетілмеген әлсіз бала туады. Көпшілік түрлерінің ұрғасының құрсағында тері қалтасы болады. Қалтаның ішінде жаңа туған балаларын салады, осы қалтаның ішінде балаларын емізетін емшектері де ашылады. Жаңа туған бала әлі емшекті сора алмайды, Емшектің ұшы ауыз қуысына енген соң ісініп, ауыз қуысын толтырады. Сүттің ауызға құйылуын сүт бездерінің маңайындағы ерекше еттер жиырылып - жазылу арқылы орындалады. Олардың балалары жатыннан гөрі қалталарында ұзағырақ болады. Мысалы, ұзындығы 2 м болатын алып кенгурудың ұрығы жатында 39 күн болса, қалтасында 7 айдан артық уақыт жатады.

Ұрғашыларының жұмыртқа жолдары жұп күйінде сақталады, сондықтан қынабында екеу болады. Еркегінің жыныс мүшесі тек қана шағылысу қызметін емес, зәр шығару қызметін атқарады. Ұрғашыларының қынабы екеу болғандықтан, осыған сәйкес еркектерінің де шағылыс мүшесінің ұшы екі айырық болады.

Қалталылар бір кезде дүние жүзінде кеңірек тараған. Планцентарлы сүтқоректілердің шығуына байланысты оларды ығыстыра бастаған. Соның салдарынан олар тек Австралияда және оған жақын аралдарда тарап сақталып қалған. Қалталылардың бірнеше түрі Оңтүстік Америкада, бір ғана түрі Солтүстік Америкада тіршілік етеді.

Қалталылардың көпшілік түрі ағаш басында: қалталы тиіндер, қалталы қарақас, қалталы аюлар. Қалталы көртышқаңдар жер астындағы індерде тіршілік етеді. Бұлардың кейбіреулері ашық далалы жерлерді мекендейді. Олар таулы жерлерде, орманда кездеседі. Жейтін тамағының құрамына қарай өсімдік тектес қоректілер (кенгуру, қалталы аю т.б.), жыртқыштар (калталы қасқыр, опоссум т.б.). Кенгурулардың терісі жұмсақ жылы болады, еті де дәмді. Сондықтан оларды еті мен терісі үшін аулайды.
Плацентарлы класс тармағы (Placentalia)

Плацентарлы сүтқоректілер дүние жүзінің барлық жеріне таралған, тек Австралияда ғана болмайды. Оларға барлық үй малдары жатады. Плацентарлылардың ең жоғарғы тобы маймылдар - олардың шыққан адам да жатады.

Жоғарғы сатыдағы сүтқоректілерде жұмыртқа салушы және қалталы сүтқоректілермен салыстырғанда барлық тіршілік жағдайы күрделенген. Алдыңғы ми және ми сыңарлары жақсы жетіліп нерв жүйесі жақсы дамыған, соған сәйкес әртүрлі тіршілік жағдайына бейімделу қабілеті артты. Сол сияқты жақсы жетілген қимыл, тыныс, қан, ас қорыту тағы баскэ жүйелерін айтуға болады. Дене температурасы тұрақты, зат алмасу процесі үдемелі түрде жүреді. Плацентарлыға тән сипат ұрықтың қолайлы жағдайда дамуы, тірі тууы. Оларда ұрықтарына деген қамқорлық (сүттен қоректендіру, жауларынан қорғау т.б.) басқа жануарлар тобында жоқ планцентарлы сүтқоректілерде жоғарғы сатыда дамыған.

Қазіргі кезде тіршілік ететін плацентті сүтқоректілерге қысқаша сипаттама беріледі.




Лекция 7. Тақырыбы: Сүтқоректілердің экологиялық топтары.

Отрядқа бөлінуі.

Насекомқоректілер отряды (Insectivora). Насекомқоректілерге көртышқан, жертесерлер, кірпілер, жұпар (выхухоли) тағы осылар сияқты тұмсығы сүйір кішкентай жануарлар тобы жатады. Бұлардың дене құрылысында және тіршіліктерінде ертеде болған сүтқоректілердің белгісі бар. Формасы конус тәрізді тістері күрек тіс, шошақ тіс, азу тіс болып жеке жіктелмеген және олардың үстіңгі бетінде шайнау бұдыры болмайды. Тұмсықтары сүйір жұмсақ қозғалмалы, ерні болады, сондықтан оны (хоботок) тұмсығы сүйір деп атайды. Насекомқоректілер отрядының өкілдері жер бетіне өте көп тараған, олардың кейбіреулері мына төмендегілер.

Көртышқан. Ол тіршілігін жер қазып, жер астында өткізеді. Сондықтан осындай тіршілік жағдайына қарай өте жақсы икемделген. Атап айтқанда, оның алдыңғы аяқтары жер қазуға икемделіп төмен қарай иілген және екі жағына қарай қайырылған. Жер қазуға бейім өткір тырнақтары да бар. Жер қазу әрекетіне сәйкес аяқтарының сүйектері де имиіп, қазу мүмкіншілігін арттырады. Ал саусақтары болса бір-бірімен тері жарғақпен қосылған. Сөйтіп, тіршілік орталығының әсерінен көртышқанның алдыңғы аяқтары жалпақ қалақша немесе күрекше сияқты болады. Дене құрылысының осындай болуы көртышқанның эволюциялық тарихи дамуына байланысты. Көртышқанның мойны жеке бейнеленбей қысқарып басымен денесі қосылып кеткен. Ал денесінің алдыңғы жағы сүйір конус пішіндес болады. Мұндай дене пішіні жер астында тар індерде жүргенді жеңілдетеді. Көртышқан алдына қарай және кейін шегініп те жақсы жүре алады. Оған жүні кедергі жасамайды, өйткені оның жүні қысқа және өте жұмсақ алға және артқа қарай да жығылады. Көртышқанның қатты қабықты насекомдарды жейтін үшкір жіңішке шошақ тістері болады. Оның азу тіс пен алдыңғы тістерінің бір-бірімен айырмасы аз. Көртышқан жер астында көрінбей жатады. Бірақ иіс сезімі жақсы жетілген. Тұмсықтың үстінде сезім мұртшалары да бар. Көртышқан жер астында ұя жасап, көктемде 13-5 кішкене қызылшақа соқыр бала туады. Олар бір айдай сүтпен қоректеніп жетіледі. Көртышқаңдар жер қазып, топырақ арасында кездесетін құрттар мен насекомдарды жеп қоректенеді.

Көртышқанның пайдасы да, зияны да бар. Олар насекомдарды және олардың личинкаларын жеп ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына пайдасын тигізеді. Көртышқанның терісінен бас киім және тон тігіледі.



Жұпар. Қазақстанда Жайық өзенінің жағалауын мекендейтін, жартылай суда тіршілік ететін жануар. Олар қорегін судан алады. Дене тұрқы 18-20 см, салмағы 300-400 г. Жұпар қазіргі Қазақстанда сирек кездесетін аңдар қатарына алынған. Оны қорғау үшін ол мекендейтін жерлерден шағын қорық ұйымдастырған жөн. Жойылып бара жатқан аң болғандықтан жұпар Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Қолқанаттылар отряды (Chiroptera)

Қолқанаттылар немесе жыртқыштар отрядына жататын жануарлардың алдыңғы аяғының ұзын саусақтарын арасында және денесінің екі бүйірінде құйрығына шейін керілген тері жарғағы болады. Ұштаны болғандықтан жарқанаттылардың кейбір белгісі құстардікіндей. Мысалы, көкірек клеткасы және кейбір бұлшық еттері құстардікіндей жақсы жетілмеген. Төс сүйегінде құстардікі сияқты биік жалқыры болады. Жарқанаттар іңірде және түнде ұшып жүріп насекомдармен қоректенеді. Олардың көзі нашар көреді, бірақ дыбыс мүшесі мен сезім мүшесі жақсы жетілген. Олар ұшып бара жатқан насекомдарды дыбыс мүшесінің көмегімен ұстайды. Жарқанаттар кәдімгі дыбыстан басқа адамға естілмейтін ультра дыбыстар деп аталатын дыбыстарды шығарып және оны қайта қабылдайтындығы дәлелденді. Жарқанат ұшқан кезде шығарған ультра дыбыс толқындары кедергіге кездесіп, ол кедергіден шағалысады да, жарқанаттың есту мүшесіне сезіледі. Сөйтіп дыбыс арқылы кедергіні білгенмен кейін ол кедергіге ешуақытта да соқтықпайды. Ол ұшып бара жатқан насекомдарды да осылай сезіп біледі. Қосқанаттылардың көбі кішкентай жануарлар мыс: жарқанат қолқанаттылар.

Бұлардың өздеріне тән ерекшелігі жоғарғы жағындағы негізгі жұп күрек тісінің арт жағында орналасқан, нашар жетілген тағы да бір жұп күрек тісі болады. Онша үлкен емес (жабайы қояндар, үй қояндары), бойы аласа (шиқылдауықтар - пищухи) ұсақ аңдар жатады. Оларға тән ерекшеліктер құлақтары үлкен, артқы аяқтары ұзын және құйрықтары қысқа болады. Өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Өсімтал жануарлар, қояндар мен үй қояндары дүние жүзінде кең таралған. Олар Оңтүстік Америка мен Мадагаскар жерінде жоқ, ал Австралияға арнайы алып келіп жіберілген.

Қазақстанда қоянның үш түрі кездеседі: құм қояны, ақ қоян және орқоян. Құмқоян Қызылорда, ІІІымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарының құмды төбелерінде кездеседі. Құмқояны өсімтал, әр туғанда 1-9-ға дейін көжек туады. Акқоян Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау т.б. Республикамыздың солтүстік облыстарында кездеседі. Орқоян Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау облыстарының құмды, Жайық өзенінің жайылымында, тоғайдың арасында, ашық далалы жерлерді мекендейді.

Қазіргі үй қоянының отаны Оңтүстік Европа (Испания, Оңтүстік Франция) деп саналады. Сол жерден Европаға, Солтүстік Америкаға, Африкаға, сол сияқты шығыс елдеріне, оның ішінде Жапонияға, Қытайға, Австралияға тараған.

Жабайы үй қояндарының екі түрі белгілі: кәдімгі және майқұйрық үй қояны. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда үй қояндарының барлық тұқымдары осыдан 2 000 жыл бұрын, оңтүстің европалық тағы үй қояндарынан шыққан. Қазіргі уақытта үй қояны дүние жүзінің барлық елдерінде өсіріледі.

Үй қояны мен жабайы қояндардың еті, терісі және жүні әркімге белгілі. Сол үшін қолда өсіреді, аңшылық кәсіп ұйымдастырады. Ал олар шамадан тыс көбейіп кетсе, үй малдары жейтін пайдалы өсімдіктерді жеп зияны тигізеді. Сонымен қатар әртүрлі жұқпалы аурулар таратуы да ықтимал.
Кемірушілер отряды (Rodentia)

Жоғарғы сатыдағы аңдар класс тармағының тағы бір отряды кемірушілер. Бұл отрядқа жататын жануарлардың саны 2500-ге жетеді. Мысалы. олар тиіндер, ондатр, саршұнақтар, егеуқұйрықтар, тышқаңдар, қосаяқтар, аламаңдар, жайра, камшат, бұзаубас, соқыртышқан т.б. жатады. Олар жер бетінде де көп тараған. Табиғатта әртүрлі тіршілік ортасына бейімделген, кейбіреулері ағаш басына, суға, жер астына тағы басқа ортаға тіршілік етуге бейімделген. Індерде көпшілік кемірушілер тіршілік етеді. Тамақ құрамына қарасақ өсімдік тектес азықпен қоректенеді, бірақ ішінде тамақты тандамай жей беретіндері де бар. Кемірушілердің ең негізгі сипаттамасы (белгісі) күрек тістерінің жақсы дамуында (үстіңгі жақ сүйегінде екеу және астыңғы жақ сүйегінде екеу). Күрек тістері мен азу тістерінің арасында тіссіз бос аралық болады, оны диастема деп атайды. Күрек тістерінің түбірі болмайды, сондықтан тістері өмір бойы өсіп отырады. Тістері шамадан тыс өсіп кетпеу үшін, олар қатты заттарды, қатты өсімдік тектес азықтарды кеміріп отырады. Ішектері өте ұзын. Жыныстық жағынан ерте жетіледі, өсімтал келеді. Кемірушілер тез өніп-өсіп болғандықтан, олардың саны жылдам өседі де халық шаруашылығындағы маңызы арта түседі. Бірсыпыра кемірушілер ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері (дала тышқаңдары, орман тышқаңдары, саршұнақтар, тышқаңдар), суырлар, саршұнақтар, егеуқұйрықтар т.б. оба, түйнек ауруларының қоздырғыштарын бойына сақтап, оны жұқтырады. Кемірушілердің кейбір түрлерінің (ондатр, камшат, тиін, суыр т.б.) кәсіптік маңызы бар. Жыртқыш сүтқоректілер мен жыртқыш құстардың негізгі қорегі.



Жыртқыштар отряды (Carnivora)

Бұл отрядқа күшті дене мөлшері әр түрлі болатын сүтқореқтілер жатады. Олар омыртқалы жануарлармен қоректенеді. Ал бір қатарлы өсімдік тектес азықпен де қоректенеді. Мысалы, қоңыр аю, борсықтар өсімдіктерді пайдаланады.

Жыртқыш сүтқоректілердің тістері үшкір жақсы жетілген, әсіресе ит тістері мен азу тістері беткейіндегі үшкір бүрлері өткір қырлы болады. Ал күрек тістері нашар. Астыңғы жақ сүйектері бірінші азу тіс, үстігі жақ сүйектері ақырғы жалған азу тістері басқалардан үлкен үшкір өткір қырлы болып келеді. Оларды жыртқыш тістер деп атайды. Үстіңгі тістің өткір ұшы төменгі тістің сырт жағынан өткір қайшының жүзіндей айқасып тұрады да, етті қайшымен қиғандай турайды. Жыртқыштардың тырнақтары да үшкір, жақсы жетілген. Олар жемді тырнақтарымен бүріп те ұстайды.

Жыртқыштар отрядының өкілдері: қасқыр, ит, аю, түлкі, күзен т.б. жатады. Олар жер бетінде едәуір кең тараған. Жыртқыштар отряды бірнеше тұқымдастарға бөлінеді, олардың негізгілері:

1. Мысық тұқымдасына жабайы және үй мысығы, арыстан, жолбарыс т.б.

2. Иттер тұқымдасына ит, қасқыр, түлкі т.б.

3. Аюлар тұқымдасына қоңыр аю, ақ аю т.б.

4. Сусар тұқымдасына сусар, бұлғын, борсық, күзен, ақкіс, аққалақ т.б.

Жыртқыштардың тигізетін пайдасы да бар. Олар зиянды кемірушілерді жеп, табиғатта олардың санын реттеп отырады. Көпшілік түрлерінің кәсіптік маңызы бар. Кейбір құнды жыртқыштар (қара күзен - норки), көгілдір түлкі (песцы) қолда өсіріледі.

Кейбір жыртқыш аңдарды адамдар қолға үйретті. Соның ішінде ит бірінші үй жануары болды. Ит, шамасы қасқыр мен шиебөрінің шағылысуынан пайда болып, содан кейін әртүрлі бағытта қолдан сұрыптаудың нәтижесінде келіп шыққан. Қазіргі уақытта иттердің шамамен 350 тұқымы бар. Ит қасқырмен, шиебөрімен шағылысып жақсы өсімтал ұрпақ береді.

Үй мысығы Африкада, Орта және Орталық Азияда мекендейтін дала тұз мысығы шыққан. Мысық ең бірінші Египетте қолға үйретілген.

Жыртқыштар үй малдарына және адамдарға шабуыл жасайды. Осы отрядтың ұсақ өкілдері үй құстарын жеп зиянын тигізеді. Ит тұқымдасына жататын жыртқыштар таспа құрттар мен жұмыр құрттардың иесі болып, адамдар мен үй малдарын жарақаттандырады. Қасқырлар және басқа жыртқыш адамдар мен малдарды тістеп құтыру (бешенство) ауруын жұқтырады. Жыртқыштар белгілі бір жағдайдарда зиянды болғанмен, көпшілік жағдайда олар пайдалы (кәсіптік маңызы). Сондықтан оларды белгілі бір аймақтарда қорғап санын көбейту керек.

Казіргі жыртқыштар эволюциялық дамудың барысында көне жыртқыш креодонттардан келіп шыққан.
Ескекаяқтылар отряды (Pinnipedia)

Суда ұзақ уақыт жүзуге бейімделген ірі сүтқоректілер. Бұл отрядқа тюленьдердің бірнеше түрлері жатады (теңіз мысығы, морж, құлақты итбалық т.б.). Олар тіршілігінің көбін сулы орталықта өткізеді, сондықтан оған өте жақсы икемделген жануарлар. Жағаға немесе мұздың үстіне олар көбею мен түлеті кезінде ғана шығады. Аяқтары жүгіріл жүретін жануарлардікіндей емес, өзгеріп қалақаша тәрізді болып кеткен, ал саусақтарын тері қаптап жатады. Сондықтан аяқ жақсы жүзу мүмкіншілігіг туғызады. Терінің астында қалың май қабаты болады, ол ескекаяқтыларды суықтан сақтайды. Құлақ қалқаны болмайды, ол сыртқы ортаның жағдайына икемделгендігінің белігісі. Құлақ тесіктері мен танау тесіктері суға түскенде ерекше тері жарғақпен жабылып қалады. Тюленьдер бұрын өткен уақытта құрғақ жерде тіршілік етсе де, қазір су ішінде мекендейтін нағыз сүтқоректілердің өкілі. Олардың төрт камералы жүрегі бар, денесінің температурасы жоғарғы жылы қанды жануарлар. Бұлардың өкпелері жақсы жетілген, атмосфералық ауамен тыныс алады. Тыныс алу үшін әрбір 10 минут сайын, судың бетіне шығып тұрады, Тюленьдер теңізде үлкен көлдерде мекендеп балықтармен қоректенеді. Ескекаяқтылар бірнеше тұқымдастарға бөлінді. Олар: 1) құлақты тюленьдер тұқымдасы — оның өкілі теңіз мысығы; 2) Нағыз итбалықтар тұқымдасы — оның өкілі теңіз қояны; 3) морждар тұқымдасы - оның өкілі морждар. Ескекаяқтылар отрядының өкілдері терісі мен майы, еті үшін ауланатын кәсіптік маңызы зор жануарлар.

Қазақстанда оның бір-ақ түрі каспий итбалығы ғана кездеседі. Дене тұрқы 160 см, салмағы 50-85 кт тарғыл түсті аң. Оның майы мен белогы медицинада және парфюмерияда қолданылса, сүйегі мен еті құрама жем дайындауға кетеді.
Киттәрізділер отярды (Cetacea)

Киттәрізділердің денесі ірі, барлық өмірін суда өткізеді. Осыған байланысты құрлықта, тіршілік ететін сүтқоректілерден көп айырмашылығы бар. Дене пішіні балық тәрізді басы үлкен мойыны білінбейді. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтары мүлде болмайды. Денесінде түгі болмайды, терісінде тер және май бездері болмайды. Бір жұп сүт безі болады. Ең үлкен киттердің тері астындағы майының қалындығы 50 см-дей. Үлкен киттердің (көк кит) жүрегі бір тоннадай, сүйектерінің салмағы да сондай. Бауырдың салмағы 3 тонна, ал өкпесінде 14000 литр ауа сияды. Өкпеден баска ауа кіретін қапшалары да бар. Киттәрізділердің көпшілігі су астында бір сағат, тіпті одан да көбірек уақытқа шыдайды. Кашалоттар 300 м терендікте сүңги алады. Киттердің есту мүшелері жақсы жетілген. Олар дыбыстарды 10-12 шақырым жерден естиді. Нашар көреді. Иіс сезу мүшелері жойылған.

Көк киттің ұзындығы 33 м, ал салмағы 100 тоннадан асады, яғни 25 пілдің немесе 120 өгіздің салмағындай. Былайша айтқанда көк кит қазіргі жер бетіндегі тіршілік ететін жауарлардың ең үлкені. Көк кит тіссіз киттерге жатады немесе оларды мұртты киттер деп атайды. Киттің таңдайынан төмен салбырап, ұш жағы тарамдалып тұратын толып жатқан мүйізді пластинкаларын кит мұрттары деп атайды. Былпылдаған уақ жануарлар араласқан суды ауызына толтырып алады да, кит оны пластинка елегінен өткізеді, ал сүзіліп қалған жәндіктерді жұлып жібереді. Көк киттің аранды — аузына қаруланған 18 солдат сыйып тұра алады. Ал киттің қарнына барып түскен ұсақ жәндіктердің салмағы бір тоннаға жуық болады. Киттер екі-үш жасында жетіліп бір-ақ бала табады. Дельфиндер жыл сайын балалайды, ұрғашысы судың бетіне құйрығын көтеріп, баласын жоғары 7-8 метрге лақтырады. Баласы жоғарыдан суға түскенде ауамен тыныс алып үлгіреді. Жаңа туған киттің салмағы 2 тоннадан артығырақ болады. Осындай ірі бала тууы жамбас сүйегінің болмауына байланысты.

Киттің сүтінің майлылығы сиырдың сүтімен салыстырғанда, 10-12 есе артық (40-50 проценттей). Ал баласы күніне 200-300 л сүт ішіп тез өседі. Киттердің сүтінің 23-38 % май болады.

Киттәрізділер екі отряд тармағына бөлінеді. 1-отряд тармағы - тісті киттер, 2-отряд тармағы тіссіз немесе мұртты киттер. Киттердің, ішінде тісті жыртқыш киттерге кашалоттар және дельфиндер жатады. Дельфин ұзындығы 1,5-3 м жететін кішкентай киттер. Тістері өте көп (240 жуық). Олар Қара теңізде, Азов және Баренц теңіздерінде кездеседі. Балықтармен және басқа жәндіктермен қоректенеді.

Киттәрізділердің шаруашылықта пайдасы көп. Етінен консерві, ал сүйегінен үй малына беретін ұнға айналдырады. Китті сойғанда алған майдың пайдасы өте зор. Тіпті қарынның ішіндегі әртүрлі заттарды жиып алып жерді тыңайтуға болады. Киттерді Қиыр Шығыста және Арктикадан аулайды. Оларды кеменің үстіне орнатылған зеңбірекпен атады да өлтірген жануарларды кеменің үстіне әкеліп сояды.


Лекция 8. Тақырыбы: Тұяқта сүтқоректілерге (Ungulata) жалпы сипаттама

Қазіргі уақытта тұяқты сүтқоректілерді бес отрядқа бөледі: дамаңдар, пілдер, сирендер, тақтұяқтылар және жұптұяқтылар. Жоғарыда айтылған отрядтар, насекомқоректілерге жақын көне жыртқыш сүтқоректілерден шыққан. Осы бес отрядтың ішінен Қазақстанда кездесетін, оқу бағдарламасында көрсетілген жұптұяқтылар мен тақтұқяқтыларды сипаттаймыз.


Жұптұяқтылар отряды (Artiodactyla)

Осы отрядтың өкілдері даратұқтыларға қарағанда көп және бірқатар жерде кездеседі. Көпшілігі сымбатты әсем жануарлар. Үшінші және төртінші саусақтары жақсы жетілген. Бірінші саусағы жойылып кеткен. Екінші және бесінші саусақтары нашар жетілген. Үшінші және төртінші саусақтың арасынан аяқтың тірегі өтеді. Бұғаналары жетілмеген.

Тұяқтылардың сүйектеріне қарап аяқтың эволюциясы қалай өзгергенін байқауға болады. Тұяқтылардың саусақтары әр өкілдерінде әртүрлі. Төрт саусақтан екі саусақтыға айналып бара жатқаны байқалады. Шошқа жұпты аяқтыларға жатады, бірақ төрт саусақты. Бұғының да екінші және бесінші саусақтары жетілген, ал сиырда олар жойылып кеткен. Жұптұяқтыларда күрек тістері жойылуға бет алғандығы байқалады. Қарындары қарапайым немесе күрделі болады.

Ішек-қарынның құрылысына байланысты жұптұяқтылар екі отряд тармағына бөлінеді: күйіс қайырмайтындар және күйіс қайыратындар.

Күйіс қайыратын жұптұяқтылар: сиырлар, бұғылар, қойлар, түйелер, жирафтар т.б.. Денесі сымбатты ұзын, терісінің жұқа жүні бар, бірақ терінің астында қалың май қабаты болмайды. Бірқатар жануарларының мүйізі жақсы жетілген, басы сопақтау болып келеді. Жоғары күрек тістері көпшілігінде болмайды, астыңғы ит тісі қашауға ұқсап келеді. Азу тістері шайнауға икемделген, беті жалпақ, эмальмен қаптарланын қапталған. Ал қарынның құрылысы күрделі, ол төрт бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар. Қарынның бөлімдерінің атқаратын қызметі әртүрлі. Жиылған жем (өсімдіктер) өңеш арқылы үлкен қарынға барып түседі, оның үлкендігі сиырда 150-200 л су сиятындай. Үлкен қарын жұтылған шөпті жұмсартып араластырады. Ұсақталған жем жұмыршаққа барады. Осы екі қарынның ішінде шөптің клетка қабықтары - клетчатка ашыту бактерияларының әсерімен өзгеріске ұшырай бастайды. Біраз уақыттан кейін қарындағы жем кесек-кесек болып лоқсыған кезде ауызға түседі. Мал күйсеген кезде тістердің көмегімен жем тағы одан әрі ұсақталып және түкірік бездері сілекеймен шығарып жем қойыртпақ ботқаға айналғанда қайта жұтады. Сөйтіп, қайта жұтқан жем қатпаршаққа барып түседі. Одан әрі қарынның ақырғы бөлімі ұлтабарға барып түседі. Ал қатпаршақтың және ұлтабардың қабырғасындағы бездер су қорыту шырынын шығарып тұрады. Ұлтабардан ұзын ащы ішек басталады. Ащы ішектің қабырғасындағы ұйқы бездерінің және бауырдың шығарған секреттері әсерінен ас мүлде қорытылып, қанға тарайды. Ал қорытылмай қалған ас тоқ ішекке жиылып барып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығады.

Олар тек өсімдік тектес азықпен ғана қоректенеді: шөп, өсімдік қабығы, ағаштың әртүрлі мүшелері, жәндектер, қыналарт.б,

Күйіс қайтаратындар тұяқтылардың ішіндегі ерекше бір топ. Негізі ерекшелігі қиын қорытылатын өсімдік тектес азықпен қоректенуінде. Олар табиғатта ашық далада, орманда, тауда т.б. тіршілік орталарында бейімделген. Соның нәтижесінде күйіс қайтаратын жануарлардың саны белгілі дәрежеде кездеседі.

Бұғы тұқымдасы (Cervidae). Дене құрылысы сұлу, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп тұратын мүйізі бар жануарлар. Қазақстанда теңбіл марал, бұлан, елік, марал, құдыр кездеседі. Бұларда мүйіз тек еркектерінде болады. Ал солтүстіс бұғысының еркегінде және ұрғашысывда да болады. Марал мен теңбіл маралдардың жас, мүйіздерінен (панты) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жасалады. Дәрі зат алмасу процесін тездетеді. Ол жүрекке, қантамыр жүйесіне, тыныс жолына әсер ететін жақсы сергіткіш дәрі, Қазақстанда панты алу үшін оларды жартылай қолға үйретіп бағып отыр.

Қазір ТМД-да жабайы марал 55-60 мындай болса, соның 15-20 мыңы біздің республикамызда. Тебіл бұғының негізгі мекендері Қытай, Жапония, Вьетнам және Корея. Бұл елдерде оның пантысын жоғары бағалайды, сондықтан "гүлбұғы" деп аталады.

Құдыр тек Шығыс Қазақстан облысында — Оңтүстік Алтай тауында ғана кездеседі. Құдырдың етінен басқа, мускус деп аталатын затты медицинада және парфюмерияда қолданылады. Мускус — құдыр текесінің арнайы безінен алынатын күрделі құрамы, жұпар иісті зат. Құдырдың саны республикамызда әлі де аз және сирек кездесетін болғандықтан қорғауға алынған.

Қуыс мүйізділер тұқымдасы (Cavicornia). Бұлардың бұтақтанбаған маңдай сүйегінің өсіндісі қуыс мүйізді болады. Ұрғашыларының көпшілігінде мүйіз болмайды, болса еркегінің мүйіздерінен кіші болады. Бұл тұқымдастың жабайы түрлері мыналар: қарақұйрық, ақбөкен, муфлон, архар, тау ешкісі (таутеке).

Қарақұйрық. Қазақстаннның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Соңғы уақытта қарақұйрық Үстіртте, Бетпақ далада, Зайсан ойпатында, Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік, Атырау құмдарында бар. Осы аталған жерлерде қарақұйрықтың саны өте мардымсыз. Сондықтан келешекте саны көбею үшін қорғауға алып, атуға тиым салынуы қажет.

Ақбөкен. Қазіргі кезеңде республикамыздың шөл-шөлейтті далаларында таралған. Ол Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Атырау және Орал, Қостанай және Ақмола облыстарының жерінде мекеңдейді. Аса бағалы ақбөкен қазір халқымыздың ет өндіру кажетін өтеу жөнінде елеулі бір резервке айналды. Бұған қоса оның мүйізінің емдік қасиеті бар. Одан пантокрин тәрізді дәрі алынады.

Муфлон немесе үстірт арқары. Республикамызда Маңғыстау түбегі мен Үстіртте таралған. Сан мөлшері өте аз, сондықтан ол қорғауға алынған.

Таутеке. Республикамыздың таулы аудаңдарын ерте заманнан-ақ мекендеп келе жатқан аша тұяқты жануарлардың бірі. Таутеке еті мен терісі үшін ауланады.

Арқар. Қазақстанда Тянь-Шань тауының батыс сілімдері, Іле мен Жоңғар алатаулар және орталық Қазақтан тауларында кездеседі. Арқардың санының азаюына байланысты қорғауға алынған. Қыста бірнешеуі бірігіп топтасып жүреді. Арқардан үй қойларының жаңа тұқымдарын шығарады.

Жабайы өгіздер. Қазіргі кезде Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялық және Африкалық Буйволдар, Үндістанда — бантенг, гаял және гауыр жатады. Бұлар орманда және бұталы жерлерде мекендейді. Орталық Азияда Қырғызстанда жүндес Як (қодас), Солтүстік Америкада — бизон, ал ТМД-да Белорусияда зубр деген бір ғана түрі кездеседі.

Бантенг, гаял, буйвол, кодас ертеден қолда өсіріліп келе жатқан жануарлар. Түр - осы заманғы көптеген мүйізді ірі қараның арғы тегі болып саналады.

Күйіс қайтармайтын жұп тұяқталар: шошқалар мен бегемоттар, сырт қарағанда өңсіз, сирағы қысқа болып көрінеді. Терісі қалың және сирек қалшық жүндері бар. Терісінің астында қалың майы болады, мүйіздері жоқ. Бас сүйегі сопақ, ал тістері әртүрлі азықпен қоректенуге бейімделген, Жабайы және уй шошқасының өсімдіктердің тамырын суырып алатын сойдық тістері болады. Еркегінде олар жоғары қарай қайқайып аузынан шығып тұрады және жауынан қорғанып, басқа жануарларға шабуыл жасағанда көп пайдасын тигізеді. Азу тістері сиырлардікіндей емес бұдыр келеді, сондықтан шошқа өсімдіктерді де жануарлар тектес азықты да шайнап жей береді. Қарыны қарапайым, сондықтан күйіс қайтармайды. Түр жағынан саны аз болса да, олар күйіс қайтаратын, жануарларға қарағанда жер бетінде өте кең тараған.

Шошқа тұқымдасы (Suidae) өкілінің дүние жүзінде көп түрі кездеседі. Ал ТМД-да бір-ақ түрі кездеседі, жабайы шошқа - қабан. Сол жабайы шошқадай осы кезде қолда өсірілетін үй шошқаларының көп түрлері шыққан. Бұлар қамысты тоғайлы жерлерді мекендейді. Жылына бір-ақ рет көбейеді, өсімтал. Қолдан сұрыптау арқылы үй шошқаларын жақсартып, өсімтал түрлері шығарылған.

Бегемот тұқымдас (Hippopotamus) — ірі, жалаңаш терлі, жартылай суда тіршілік ететін жануарлар. Олар құрлыққа өте сирек шығады. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Бегемоттар тропикалық Африкада тараған. Бұл тұқымдасқа Африкада кездесетін екі түрі жатады. Бірі гиппопотам — тіршілігі суда өтеді, екіншісі ергежейлі бегемот тропикалық ормаңдардың өзен жағасында тіршілік етеді. Екеуі де өсімдік тектес азықпен қоректенеді.
Тақырыбы: Көнтабандылар отряды (Tylopoda)

Көп уақытқа дейін бұл отрядтың өкілдерін жұпаяқтыларға жатқызып келді. Бұл отрядқа түйелер мен ламалар жатады. Мойны ұзын ірі жануарлар. Аяғы жұпаяқты, үшінші және төртінші саусақтары сақталған, көнді жалпақ табанына денесінің салмағын салып қозғалады. Қарны үш бөлімнен тұрады: үлкен қарын, жұмыршақ, ұлтабар.

Қазір Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос өркешті түйе сақталған. Бір өркешті түйенің, нардың тек қана қолға үйретілген бір түрі белгілі.

Түйелер шөлді жерлерге бейімделген, ұзақ уақыт су ішпей жүре береді. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Май қоры өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Сондықтан өркешінде май көп түйелер шөлге шыңамды келеді. Қолға үйретілген қос өркешті түйелер Монголия мен Қытайда, ТМД-да Азербайжанда, Қазақстанда, Орта Азия елдерінде бар. Оларды жүк көлігі ретінде пайдаланады.

Ламалар тек кана Оңтүстік Америкада тіршілік етеді. Олардың жабайы екі түрі - гуанока және викунья белгілі.
Тақырыбы: Тақтұяқтылар отряды (Perisspdactyla)

Бұл түяқтылар бір кездерде саны көп, кең таралған жануарлар еді. Қазір сол көп түрден тек тапирлер, мүйіз тұмсықтар және жылқылар ғана қалды. Олардың саусақтары түрлі топтарында түрліше. Талирде алдыңғы аяғы төрт саусақты, артқы аяғы үш саусақты, мүйіз тұмсықтарда барлық аяқтары үш саусақты, ал жылқыларда бір саусақты.

Тапирлер тұқымдасы (Tapiridae) — қазіргі тақтұяқтылардың ішіндегі ең қарапайымы. Орман ішінде тіршілік етеді, өсімдіктермен қоректендеі. Олар Орталық және Оңтүстік Америкада және Оңтүстік-Шығыс Азияда сақталған.

Мүйіз тұмсықтар тұқымдасы (Rhinocerotidae) - ірі жануар, терісі қалың, жүні жоқ жалаңаш (салмағы 2 т, ұзындығы 5 м). Маңдай және мұрын сүйегінің үстінде бір немесе екі мүйізі болады. Олар Оңтүстік Азия мен Африкада тіршілік етеді.

Жылықлар тұқымдасы (Equidae) - ашық далалы жерлерде, шөлейтті жерлерде тіршілік етеді, так тұяқтылардың ішіндегі прогрессивті топ. Бұларға жататындардың тек ортаңғы саусағы (үшінші саусақ) жақсы дамыған, оның сыртын мүйіз тұяқ жауып тұрады. Ал басқа саусақтар жойылып кеткен немесе нашар дамыған (мысалы, мүйіз тұмсықтыларда). Жылқылар тұқымдасының өкілі үй жылқысы, есектер, зебрлер, құлаңдар.

Жылқы — шөппен қоректенетін жануар, сондықтан тістері және ішектері де шөппен қореткенуге икемделген. Жылқының басы сопақ, үстіңгі және астыңғы саны бірдей алтыдан күрек тістері бар. Күрек тістері жақсы жетілген, өткір болады, шөпті осы тістерімен жұлып жейді. Ал күрек тістерімен азу тістерінің араларында болатын кішкене сойдақ тістің шөп жеуге пайдасы болмайды. Әрбір жақ сүйегінде саны бірдей алтыдан болатын азу тістері бар, олардың үсті қатты эмаль қатпарларымен қапталған және беті төрт бұрышты өткір қырлы болып келеді. Жылқылар шөпті, жемді осы тістерімен шайнап сілекеймен сулап жұтады. Жылқының қарны да үлкен болады, бірақ күйіс қайыратын жануарлардікіндей төртке бөлінбейді. Жылқыда бүйен жақсы жетілген.

Қазіргі жылқылар туысына төрт түрі жатады. Зебр немесе жолақты ат (E.hipptigris). Бұл жануарлар Африканың ашық далалы жерлерін мекендейді. Оның құйрығының ұшында ғана қылы болады. Есек (Equus asinus) — түсі біркелкі, құлағы ұзын, құйрығы зебрдікіндей. Жабайы есектер Эфиопияның солтүстігінде, Сомалиде және Эритриде сақталған. Үй есектері солардан шыққан.

Құлаңдар мен онагрлар - Equus hemionus — оларды жиірек есектерге ұқсатады, көпшілік ғалымдар жылқының қарапайым түрі деп те атайды. Түсі ашық, құлағы қыска, Азияның шөлейтті жерлерінде (Түркмения, Иран, Ауғанстан, Монғолия, Қытай, Тибет, Батыс Индия т.б.) кездеседі.

Нағыз жылқылар — Equus prgewalskii. Олардың түсі біркелкі болады. Құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдармен жабылып тұрады. Атақты саяхатшы Н.М.Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы заманда Орталық Азияның далаларын мекендейді.

Пржевальский жылқысына ұқсас жабайы жылқының бір түрі тарпан (E.gmelini) Украина жерінде осыдан жүз жыл бұрын құрыған.


Лекция 9. Тақырыбы: Маймылдар кластармағына жалпы сипаттама

Шала майамылдар немесе лемурлар отрады (Prosimiae)

Ормаңдарда тіршілік етуге бейімделген онша үлкен емес жануар. Маймылдардан айырмашылығы бұлардың ми сауыты кіші жөне бас сүйегінің бет бөлімі алға қарай шығыңқы болады. Ми жарты шарлары нашар жетілген, мишықты жауып тұра алмайды, ми иректері болмайды. Иіс сезу аймағы жақсы дамыған. Көз ұясы алдына қарай емес, бүйіріне қарай бағытталған. Лемурлардың саусақтары да маймылдардың саусақтары сияқты затты ұстауға бейімделген. Жатыны екі тарамды. Әдетте олар бір ғана бала туады. Түнде тіршілік етеді. Өсімдіктермен, насекомдармен, әртүрлі заттармен қоректенеді. Олар Оңтүстік Азияда, Африкада және Мадагаскарда ғана тараған. Олар қарапайым насеком қоректілерден шыққан. Отряд екі отряд тармағына бөлінген: нағыз лемурлар және ұзынсирақтылар.


Маймылдар немесе приматтар отряды (Primates)

Бұл отрядкз эволюциялық дамудың жоғары сатысында тұрған сүтқоректі жануарлар - маймылдар жатады, бұған адам да жатады. Бұлардың көз шарасы алдыңғы жағына караган, басбармақ (бірінші саусақ) ұстауға икемделіп, басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан. Бұл отрядтың өкілдерінің бас миы басқа сүтқоректілердің миынан анағұрлым үлкен болады, әсіресе алдыңғы миы ерекше дамыған, әрі оның иректері айқын байқалады. Кеудесінде бір жұп емшегі бар, жатыны қарапайым, әдетте бір ғана бала туады. Иіс сезімі нашар дамыған, көзі жақсы көреді. Маймылдардың көпшілігі ормаңдарда тіршілік етеді. Өсімдік тектес азықтармен көбінесе жемістермен қоректенеді. Азық талғамай қорекенетін түрлері де бар. Барлығы күндіз тіршілік етеді.

Приматтар отрады екіге бөлінеді: кең танаулы және тар танаулы маймылдар.

Кең танаулы маймылдар отряды (Platyrrһim). Пішіні орташа, ағаш басында тіршілік ететін жануар. Әртүрлі заттармен қоректенеді. Оларға ойнампаздар, өрмекші тәрізді маймылдар, ревундар т.б. жатады. Танау тесігінің ортасында оны екіге бөліп тұратын пердесі болады. Құйрығы ұзын болады. Маймылдар Орталық және Оңтүстік Америкада таралған.

Tap танаулы маймылдар отряд тармағы (Catarrini). Олар ағаш басында кейбір түрлері жерде тіршілік ететін дене пішіні әртүрлі жануарлар. Құйрығы қармалағыш қызметін атқарады, кейбір түрлерінде мүлдем жойылып кеткен. Танауының пердесі жұқа және танауы денесінің алдына қарай бағытталған. Қазір олар Африкада, Оңтүстік Азияда мекендейді.

Бұл отряд тармағы үш тұқымдасқа бөлінеді: мартышка тәрізділер (мартышкалар, павиаңдар, макакалар т.б.), гиббондар және адам тәрізді маймылдар (орангутан, горилла, шиппанзе).

Мартышка тәрізді маймылдар (Cereopithecidae) ұзын құйрықты, жамбас сірісі (мазоли). Ұрт қалтасы жақсы жетілген.

Мартышка тәрізді маймылдардың миы басқалармен салыстырғанда үлкен емес, жағында ұрт қалтасы, денесінің арт жағында жүнсіз тықыр тері мүйізденген шонданайы болады. Денесінің басқа жері мен ұзын құйрығы қалың түкті болып келеді.

Мартышкалар троптиктік Африкада өзен-көлдерге жақын орман арасын мекендейді. Ағаштың бұтақтарынан ұстап бір ағаштан екінші ағашқа секіріп жүреді. Сондықтан мартышкаларды төрт аяқ қолдылар деп атайды. Ағаштан жерге түскен маймылдар алақанымен және табаңдарымен аяқ-қолдарымен жүгіреді. Саусақтарының ұшында адамдікі сияқты тырнақтары бар.

Мартышкалар ағаштың әртүрлі жемістерін қорек етеді. Құстың жұмыртқасы мен насекомдар табылса, олармен де қоректенеді. Тамақты алдыңғы қол-аяғымен ұстап жейді. Бұлардың аяқ-қолдары ұзын, тізесінен төмен түсіп тұрады. Мартышканың тістері де адам тістері сияқты, бірақ сондай-ақ тістері үлкендей болып келеді.

Мартышкалар топтанып жүріп тіршілік етеді, олардың арасында қарт жетекшісі болады. Топтанған семьясымен жүру маймылдардың тіршілігіне пайдалы, бұл әсіресе жауларынан сақтанғанда және жем тауып алуына қолайлы. Кей жерлерде олар өсімдікті жеп құрытып зиян келтіреді.

Жоғарыдай айтылғандай маймылдардың тіршілік етуі мидың жақсы жетілуіне байланысты. Мартышкалардың ұрғашысы жылына бір немесе екі бала табады.

Гиббондар (Hylobatidae). Бұлар мартышкалар мен адам тәрізді маймылдардың арасынан аралық орын алатын маймыл. Денесінің үлкендігі орташа алдыңғы қол-аяғы өте ұзын, сондықтан ағаштың бұтағын ұстап бір ағаштан екінші ағашқа жақсы секіреді. Құйрығы және ұрт қалтасы болмайды. Кішкентай мүйізденген шонданайы бар. Денесінің жалпы құрылысы, әсіресе миы адам тәріздес маймылдарға ұқсас. Гиббонның бернеше түрлері бар, олар Оңтүстік Азиада кездеседі.

Адам тәрізді маймылдар (Antropomorphidae). Олар жақсы жетілген, төрт аяқты, омыртқалы жануарлардың ішінде эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысында тұрады. Сондықтан мидың құрылысы өте күрделі және көптеген иректері бар. Денесі үлкен, қалың жүнді, бұлшық етті, бірақ беті адамдікі сияқты жүнсіз. Алдыңғы аяқтары ұзын, күшті, ол созылған жағдайдағы күйінде тізесінен төмен түсіп тұрады. Алақанында және табанында түгі болмайды. Көзі бетінің алдыңғы жағына орналасқан. Ұрт қалтасы жоқ. Соқыр ішегі бар. Адам тәрізді маймылдар үш түрге бөлінеді; орангутан, шимпанзе және горилла.

Орангуттанның жағы сопақ алдыңғы аяғы өте ұзын, құлағы кішкентай, он екі жұп қабырғасы бар және үш жұп құйрық омыртқасы бар. Орангутан Калимантан және Суматра аралдарының ормаңдарында кездеседі. Өмірі ағаш бұталардың арасында өтеді. Олар күн батардың алдында ағаш басына ағаштың бұтақтары мен жапырақтарынан ұйықтайтын ұя салады. Жерге анда-санда болмаса түспейді.

Шимпанзе басқарлармен салыстырғанда, оның бойы кішкене, қолы қысқарақ, басы домалақтау, құлағы үлкенірек адамдікі сияқты. Шимпанзелер — Африканың тропикалық орманында кездеседі. Әдетте күндіз жерде тіршілік етіп, түнде ағаштың басына шығып түнейді. Шимпанзелер орангутаңдар сияқты семьясымен топтанып жүріп тіршілік етеді. Бұларда тамақты алдыңғы аяқ-қолдарымен алып жейді. Негізгі қорегі жаңғақ, ағаштың жас жапырағы мен бүршіктері және құстың жұмыртқасы мен насекомдар.

Горилла адам тәрізді маймылдардың арасындағы ең үлкені (бойы 2 м). Алдыңғы аяқ-қолы ұзын, құлағы да орташа, қабырғалары да 13 жұп. Тропикалық Африканың ормаңдарында тіршілік етеді, бұлардың ағашпен байланысы азырақ, көбірек уақытын жерде жерде өткізеді.

Маймылдар немесе приматтар отрядына жататын адамдардың миы тәрізді маймылдардікінен үш есе үлкен, жақтары мен тістері нашарлау жетілген нәзік, бірақ тілге байланысты иек жақсы жетілген. Тері жүнінің жойылып кеткен. Адамның тік жүруіне байланысты, бас сүйек бірінші мойын омыртқамен қосылады, омыртқа қоспалары түзеліп үш ақ иін (мойынында, кеудеде және белде) артқы аяғы табанымен барып бітеді. Сондықтан аяқтары жүгіргенде миға қозғалыс әсерін тигізбейді. Адамның тік жүруіне байланысты жамбас белдеуде өзгешелік болады. Адамның алдыңғы аяғы қолға айналып, олар созғанда тізесіне жетпейді.

Сөйтіп, адамдар сүтқоректі жануарлар, ол сүтқоректілер класының приматтар отрядына жатады. Бірақ, адамның ерекшелігі тек зоологиялық систематикасымен ғана белгіленбейді. Оның эволюциялық дамудың жоғарғы сатысынан орын алудың негізгі себебі қоғам жағдайына байланысты еңбек пен сөйлеудің дамуы.
Лекция 10. Тақырыбы: Сүтқоректілердің халық шаруашылығына тигізетін пайдасы.

Сүтқоректілер омыртқалылардың ішіңдегі түр жағынан ең көп жануарлар. Сондықтан олар барлық жерлерде кездеседі. Себебі барлық жердің халықтары сүтқоректі жануарлардың етін, майын, тамаққа және жүнін, терісін шаруашылықта қолданады. Сүтқоректілердің кейбір түрлері малдары, жабайы аңдар, олардың ішінде ауыл шаруашылығына зиян келтіретіндері де бар.

Үй малдары, негізінде, жабайы жануарлардан шыққан, бірақ олар адамның көмегінсіз өсіп-өніп тіршілік ете алмайтын күйге келді. Адамның әсер еткені сондай, олар ауыл шаруашылық қажетіне неше түрлі жаңа тұқымдар беріп, көбейіп кеткен. Негізгі үй жануарлары мүйізді ірі қара (сиырлар, қодастар, буйволдар), ұсақ малдар (қойлар, ешкілер) және жылқы, түйе, шошқалар. Біздің ТМД-да елуден артығырақ ірі қара мал тұқымдары (породалар) бар. Мысалы, біздің Қазақстанда сүтті дала қызыл сиыры. Бұл Қазақстанда 33 проценттей орын алады. Ол етті бірақ сүті аз, қазақтың ақбас сиыры 25 процент орын алады. Сүтті де, етті де жақсы беретін Әулиеата сиыры 12-13% срын алады. Дала қазыл сиырдың ұрғашысының салмағы 500 кт-дай, жылына 3200 л сүт бере алады (жеке сиыр ғана). Сүттің майлылығы 3,7%-ке дейін жетеді.

Сұрыптау жұмысының нәтижесінде 150-ден артығырақ қойдың жаңа тұқымы алынды. Олардың азық-түлік (ет, сүт, май) және тері мен жүн алынады. Жүннен мата, киіз, байпақ т.б. заттар жасайды. Терісінен тон, аяқ киім т.б. киімдер тігіледі. Ал кейбір қойлардың тұқымдары бағалы тері сеңсең, елтірі береді.

Қойлардың жүні сапасына қарай үш топка бөлінеді: биязы жүнді, ұяң жүнді, қылшық жүнді. Биязы жүнді қойлардың жүні бірыңғай ұзын және жіңішке, ылғай түбіт, яки жабағы жүн болып келеді. Тері бездерінен шыққан шайыр жүннің талдарын бір-бірімен жабыстырып тастайды. Соның нәтижесінде жабағы пайда болады.

Қазақстандағы осындай биязы жүнді қойлар Қазақстанның жіңішке жүнді меринос, жіңішке жүнді арқар меринос және Солтүстік Қазақстан мериносы болып жіктеледі.

Ұяң немесе жартылай қылшық жүнді қойлардың да жүні бірыңғай болып келеді, бірақ биязы жүнді Қазақстан қойының жүніндей жіңішке емес және биязы жүні аз болады. Осындай жүні бар, ет салмағына да жақсы және майлы құйрықты, біздің Қазақстанда жаңадан қойдың бір асыл тұқымы шығарылады. Ол дегерес қой тұқымы (дегересская порода).

Қойдың осындай асыл тұқымын шығаруда Алматы зоотехникалық малдәрігерлің институтының ғалымдары: Қ.Сабденов, Т.Садықұлов, А.Байжұманов т.б. көп еңбегі сіңірді. Осындай қой тұқымын шығаруда Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтының ғалым қызметкерлері көп еңбек сіңірді.

Қазіргі халық шаруашылығында жылқының да маңызы өте зор. Жылқылар ауыл шаруашылығының жұмысықа пайдаланылады және еті, сүті жақсы тамақ болады. Сүттен қымыз, теріден түрлі бұйымдар жасайды. Жылқының да 100-ден аса асыл тұқымдары (породалары) бар. Жылқының тұқымы тигізетін пайдасына сәйкес жеңіл жетістік, салт мінетін және ауыр жүк тартатын деп үш топқа бөлінеді.

Салт мінетін Түркменияда ақалтеке, ал Қазақстанда Қостанай жылқылары бар. Салт мінетін жылқылардың ішінде Дон жылқысы таңдаулы болып есептеледі. Бұл аттың тұқымы өте жақсы үйірмен далада жайылып жүре алады және әскери істе де, жүк тасыған да, басқа ауыл шаруашылығында да шыдамды.

Жылқының жеңіл жетістік тұқымдары да көп, мысалы, Орлов жылқысы, ал Қазақстанда орыс шошка және қазақ жылқылары жетістік жұмысты жақсы атқарады. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы Владимир облысының колхоздарында шығарылған, владимирлік ауыр жүк тартатын жылқы. Бұл жылықының күштілігі сондай, мысалы, Владимирлік ауыр жүк тартатын жылқы тұқымы 22,9 т дейін алып жүре алады.

Қазақстанда аң аулау кәсіпшілігі және аң шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Біздің еліміз аңға бай, аңның терісін дайындауда ол жер жүзінде бірінші орын алады. Қазір республикамызда ірі-ірі аң шаруашылықтары мен аң фермалары құрылып, халық аса қажет етіп отырған товарлар дәмді ет пен бағалы аң терілері көп өндіріле бастады. Мысалы, тек біздің республикамызда 275 тіркелген аң шаруашылығы арнаулы 7 ондарт және 2 ақбөкен шаруашылығы, арнаулы 27 заказник және белгілі бір географиялық аудаңдардағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте-бірте саны азайып бара жатқан және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң-құстар сақтайтын жеті қорық бар.

Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы жер бетінен аңдардың 106 түрінің, құстардың 139 түрінің оралмастай жойылып кеткендігін анықтап отыр. Тек өткен ғасырдың ішівде сүтқоректілер мен құстардың 70 түрі құрып кетсе, ал XX ғасырда 70 жылдың ішінде, жоғарыдағы айтылған санға жануарлардың тағы 40 түрі қосылған.

Шын мағынасында сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлардың қорғау мәселесін біздің мемлекетіміз бірінші күннен бастап маңызды істің бірі деп қарап келді. Соның нәтижесінде көптеген жұмыстар жасалынып, құруға жақын тұрған түрлерінің санын көбейтіп, халық шаруашылығына көптеген пайда келтірді. Мысалы, біздің елімізде бұғынның, бұланның, камшаттың, акбөкеннің т.б. санын көбейтуге мүмкіндік туды. Қазір осы жануарлар елімізге бағалы тері, дәмді ет, медицинаға шикізат панта мен мүйіздер т.б. беруде. Қысқасы, табиғаттың адамға берері мол. Совет Одағында В.И.Ленин 1920ж. табиғатты қорғау туралы қаулы-қарарға қол қойды. Үкіметтің заң жобаларына сәйкес, бағалы және сирек кездесетін аңдардың санын көбейту бағытында көптеген жұмыстар жасалынуда. Республикамызда қолда бар байлықты сақтау үшін қорықтар, зақазниктер т.б. ұйымдар құрылды. Сирек кездесетін аңдар (бұлғын, сусар, камшат) ерекше рұқсатпен ауланады. Бұларды аулау үшін ең алдымен өсімін жыл сайын жоспарлап отырады. Сирек кездесетін аңдардың тек санын біліп қана қоймай, биологиясын зерттеп, оларға тезірек көбейетін жағдай туғызады. Сирек кездесетін аңдарға қысты күні жем беріп және биотехникалық жұмыстар жүргізеді.

Кейбір бағалы аңдарды кеңірек тарату мақсатында бір жерден екінші жерге апарып жерсіндіру жұмысына жүргізеді. Мысалы, жақсы тері беретін ондатрлар, саз камшаты (нутрия) және жыртқыштар отрядына жататын Америка қара күзені, жанат т.б. Қазақстанның көптеген аудаңдарында жерсіндіріліп жақсы көндігуде.

Сонымен бірге сәнді терісі үшін күміс қара түлкіні, көгілдір түлкіні, қара күзенді (норка), саз камшатын колхоз бен совхоздардың аң фермаларында өсіріледі. Ауыл шаруашылығының бұл жаңа саласы табысты өркендеп келеді, Ал аң фермаларындағы түлкілер жабайы аңнан, үй жануарларына айналдырылып барады. Фермаларда жыл сайын аңдардың саны көбейтілуде. Қазір де біздің респубдикамызда онға жуық ферма жұмыс істейді. Олар жылына 1,5-2 миллион сомдық аңдардың елтірісін мемлекетке өткізіп отырады: Сондықтан да аң шаруашылығы халық шаруашылышның бір маңызды саласы болып табылады.

Республикамыда бірқатар сүтқоректілер ауыл шаруашылығына зиянын тигізеді. Мысалы, саршұнақ, қаптесер, тоқалтіс, аламан, егеуқұйрық сияқты зиянкестер кемірушілердің әрекеті салдарынан дәнді дақылдар өнімі жыл сайын шамамен 6-8% кемиді екен. Сонымен қатар, зиянкес кеміргіштер жеміс бағына, бау-бақшаға, қоймадағы астықта, орман алқабына, екпе ағаштарға және мал азығы дақылдарына да едауір залалын тигізеді. Ал көптеген кеміргіштер жұқпалы ауруларды таратады.

Қазақстан территориясында кеміргіштердің жетіспеген астам түрі кездеседі. Оның ішінде отыздан астамы зиянкестерге жатады (кемірушілер отрядының сипаттамасы қараңыз).

Қорыта келгенде сүтқоректілердің экономикалық маңызы өте зор және алуан түрлі.

Сүтқоректілер экологиясы

Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ең жоғарғы сатыда дамыған тобы. Оларда нерв жүйесі жақсы дамыған. Балаларын тірі туып, сүтпен асырайды. Дене температурасы тұрақты. Ұрпақтарына қамқорлық жасайды. Міне, осы ерекшеліктер олардың жер шарында кең таралуына мүмкіндік береді. Оларды ағаш басында да, жер үстінде де, жер астында да, ауада да, суда да көруге болады. Демек аңдардың тіршілік ортасы әралуан. Олардың дене пішіндері де осы ортаға тіршілік етуге бейімделген. Кит лен тюленьдердің тіршілігі суда өтсе, ал қолқанаттылар ауада ұшуға бейімделген. Олардың қоректену тізбегі де жөніне қарай әртүрлі: біреулері өсімдік тектес азықпен, басқалары жануар тектес азықпен, үшіншілері жыртқыш — шабуыл жасаумен күн көреді, ал , пирматтар, жыртқыштар, кемірушілер азық талғамай қоректене береді.

Жануарлардың ішінде адамдарға ең жақыны сүтқоректілер. Олардың ішінен 15 түрі үй жануарлары, сонымен бірге 20 түрі клеткада өсірілетін құнды терілі аңдар және лабораториялық (тышқаңдар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары т.б.) жануарлар. Сүтқоректілердің ішінде пайдалы жануарлармен бірге адамдар мен үй малдарына шабуыл жасайтын ауру тарататын егіс бақ шаруашлығына зиянын тигізетін жануарлар да бар. Осы жануарлардың табиғатқа, адам шаруашылығына тигізетін зиянды әрекеттерін азайту мақсатында олардың сан мөлшерін, популяциясын, азық қорын ғылыми тұрғыдан зерттеп болашаққа көз жіберу.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Bio
Bio -> Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат
Bio -> Лекция: 15 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ: 30с обсөЖ : 30с
Bio -> «Химия тарихы» пәні бойынша
Bio -> Силлабус Оқу түрі: күндізгі Курс 3 семестр 5 Лекциялар 30 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Барлық сағат саны 135 сағат Қорытынды бақылау емтихан 5 – семестр Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша) 3 Барлық балл саны 100
Bio -> «биология» кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет