Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет82/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Фронтальдық бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылартүрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін.

Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциалы оқыту барысында жақсы нәтиже береді.

Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау,олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенім артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.



және нарық.

Адам әрқашанда дамудың және өндірісті жетілдірудің басты факторы болған және бола береді. Ғылыми-техникалық прогрестің жетілуімен қоғамдық өндірістегі адамның орны, оның атқаратын қызметі үлкен өзгерістерге ұшырауда.

Адамның рөлі және мәні оның өндірістегі дара факторы екендігімен, өндірістік және барлық өзге қоғамдық қатынастардың субъектісі болуымен айқындалады. Адам өндіріс құрал жабдықтарын жасайды және оған жан беріп, әрекетке келтіреді. Сонысымен ол оларды өндіргіш күштердің элементтеріне айналдырады. Сондықтан жұмыс күші өндіргіш күштердің ең басытыс болып қалады.

Нарық дегенімізідің сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттесетін орны екені белгілі. Егер еңбек деп аталатын арнайы тауар туралы сөз қозғағанда, нарықтық бұл анықтамасына өзгеріс енгізген болар. Бұл жұмысшының ьолып жатқан қасиеттері мен – еңбекке белгілі деңгейде қабілеті болуымен, ынталылығымен, өмірлік тәжірибесімен, психо-физиологиялық ерекшеліктерімен сонымен қоса, бірегей адамдық тұлғаретінде көрінуімен байланысты.

Еңбек аясы – қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінің маңызды және көп қырлы саласы. Ол жұыс кұші нарығын да және оның қоғамдық өндірісте пайдалануында бірге қамтиды. Еңбек нарығында жұмыс күші өзінің құнын айқындайды, сонымен қоса, оның жолдану шарттары, соның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек жағдайлары, білімі алу мүмкіндігі, кәсіпқойлық өсу, шұғылданушылық кепілдік айқындалады.

Микроэкономикадағы өндірістік қатынастардың маңызды бөлігін өндірілген өнімді бөлу қатынастарды құрайды. Өндірілген өнімнің бір бөлігі бөліс үрдісінде еңбекке ақы ретінде төленеді. Нарықтық экономикада адамның ой, күш, қуат және уақыт талап ететін оның кез-келген қызметі еңбек деп аталады.

Еңбекақыны саралауды фирма мен жұмысшының арақатынасына қолданылатын өндіріс аясынан бастау керек. Еңбекақы дегеніміз – кәсіпорын ұжымының қызметінің нәтижелеріне тәуелді болып келетін жұмысшысының сіңірген еңбегінің саны мен сапасына сай алатын ақысы. Тауар – ақша қатынастарымен нарықтық болуына орай фирма еңбекақыны ақша формасында төлейді. Жалақының негізгі мақсаты – адамның өмірлік қызмет жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады.

Елдегі жалақының жалпы деңгейі өндірістің даму деңгейіне технологияға, өнімділікке, еңбектің ұйыдастырылуына тәуелді. Еңбек нарағында нақты жалақының орта деңгейі әдетте өмір сүруге өажетті физиологиялық минимумнен жоғары болып келеді.

Жұмыссыздық – нарықтық экономиканың ажырамас нышаны болып табылады. Жұмыссыздық деп экономикалық белсенді тұрғындардың уақытша жұмыспен шұғылданбауын айтамыз. Мемлекет тарапынан жұмыссыздықтың келеңсіз салдарынан жұмсарту бағытында әрекеттер жүргізуінің қажеттігі туралы сөз басқа. Ал жұмысшылар болса, жұмыс алуы үшін кәсіптік және еңбектегі мобилдікке әрқашанда дайын болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет