Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Семинар 4. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары



бет80/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Семинар 4. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары.

Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері көп тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады.



Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол іщкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.

Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.

Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тару бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады.

Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет