Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №10. Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі



бет12/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №10. Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі.

Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры — 500 сөзден астам, үш жастағылардың сөздік қоры шамамен — 1200, төрт жастағы балалардың сөздік қоры — 1900, алты-жеті жастағы балалардың сөздік қоры 2500—3500 сөз мөлшерінде болады екен.

Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі жанұяда, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата-аналар мен тірбиеші-педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөлін, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсетеді. Ал тәрбиеші басшылыққа алатын білім мазмұны программада нақты көрсетілген. Сондықтан жас ерекшелігіне қарай жұпталған әр топта өтілетін сабақтардың алдына қоятын мақсатын, программалық білім мазмұнын тәрбиеші жете білуге тиісті. Бұл жөнінде программада тілді барлық жағынан дамыту керек: сөздің ана тілі нормасына сәйкес айтылуын, программаға сай болуын, сөздің бір-бірімен байланысты-лығып, пікірдің дәйектілігін, бейнелілігін қамтамасыз ету керек,- делінген.

Тәрбиеші балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық


қажетті шараларды пайдаланып, балабақшаның қызметін «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасының» орындалуына бағыттап білім беру сапасын арттыруға міндетті.

Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы балабақшада өтілетін барлық сабақтарда (шығарма оқу, сауат ашу, сурет, математика, музыка, дене шынықтыру, т.б.) баланың жасына қарай жүргізіледі. Мысалы, жазда балабақша ауласында «Жайлауға саяхат», «Шопан ата қонақта», «Ыдыс дүкені», «Мектеп», «Мұғалім», «Фермаға барғанда», «Дәрігер», т.б. творчестволық ойындар өткізіледі. Бұл ойындарға қажетті материалдарды тәрбиешілер, балаларды қатыстыра отырып, өздері жасайды. Олар әзірлеген түрлі түсті «кәмпит», «нан», «тоқаш», «құрт», «ыдыс-аяқ», «шұжықтар», «Жайлау» ойыны үшін жасалған киіз үй, үй мүліктері, төсек-орын, көрне-жастық, кілем, алаша — балалардың бұрын үйренген сөздерін дұрыс айтуға, бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысуға, бір-біріне әңгімелеп беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Балабақшадағы естияр, ересек балалар тобындағы оқу-тәрбие жұмысында, балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі, бағдарламада аталған әдеби шығармаларды меңгерту — әңгімелеп беру, шығармалардың жанрын ажырата білу (әңгіме, ертегі, өлең, т. б.), оқыған шығармаларды есте сақтау деңгейі ескерілді.

Мектеп жасына дейінгі бала бастапқы дамуында сөздерді үлкендерден практикалық еліктеу жолымен үйренеді. Үлкендердің басшылығымен айналадағы заттарады танып, біледі, яғни алғашқы сөздік қоры олардың сөзін қайталаумен, заттардың алдымен аты, кейін дәмі, иісі, түрі, формасы, басты қасиеттерін ажыратуға үйренумен болады. Үлкеннің сөзіне қарап олар өз сөздерін дұрыстайды. Естігендерін жадында ұстау арқылы кейінірек өздерінің жаңа грамматикалық құрылымдарын шығаратын жайлары да бар. Балалар бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдері, ана тілін үйренудің заңдылықтары негізінде бала бойындағы бірқатар қабілеттердің дамуы үдерісінде, ішкі сезім арқылы жүзеге асырылады:



  1. Өзі үшін, сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істеуге білу қабілеті - сөздердің дыбыстарын дұрыс артикульдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модельдеу және оларды есту;

  2. Дыбыс түрлері мен интонацияны тілден тыс элементтермен, өз ана тілімен салыстыра алу қабілетінің болуы, оларды қазақша сөйлеу элементтеріне, тән мағына ретінде түсіне алуы;

  3. Сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалауы;

  4. Араласу, тану, сөзді және адамның мінез құлқын тәртіптеу үдерісінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті ерекше роль атқарады.

Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды боллуына жағдай жасаса, онда баланың тілі солғұрлым тезірек дамиды.

Балабақшада сөздік жұмысын жүзеге асыратын сабақтардың бірнеше түрі бар. Олар:

1.Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары;

2.сөз мағыналарын меңгерту сабақтары

3. Сөздерді бейнелі қолдану сабақтары.

Бұл сабақтарда төмендегідей әдістер қолданылады:

1.Бақылау әдісі;

2.Сурет қарастыру әдісі;

3. Техникалық құралдарды қолдану әдісі;

4. Көркем шығарманы оқу, жаттау, талдау әдістері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет