Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №3. Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы



бет3/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №3. Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы

Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.

Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның “Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы” деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, “Баяншы”, “Тіл жұмсартар” деп аталатын әдістемелік кітаптар жазды.

Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш cыныптар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.

Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады.

Бала сөзінің алғашқы қалыптасуы – баланың сөйлеуге қажетті мидағы орталығы ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Ол анасының сөйлеу реакцияларын есту анализаторлары арқылы қабылдайды да жарық дүниеге келгеннен кейін бұл реакциялар алғашқы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Олар қай тілде сөйлесе баланың алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 айдан кейін пайда болатын былдырлауы да, ата-анасының сөз сараптауларына тікелей тәуелді.

Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдерде бала сөз реакцияларын, айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына, ым-ишараларына еліктеу арқылы өзіне ұялатады. Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың сөйлеуінің және психикалық қалыптасуындағы маңызды кезең. Балалар адамдардың сөздерін, құстар мен жануарлардың дыбыстарын, музыка әуенін, ағаштардың жапырағының сыбдырын туу сәтінен бастап түрлі дыбыстар жиындарына бөленеді. Бiрақ жалғыз ғана маңызды, тек қана баланың қарым-қатынасының мақсаттарына ересек қызмет көрсететiн сөйлеу дыбыстары, мәлiметтiң тапсыру құралымен және нақтылы әсерлерге түрткi болып табылады. Балдырған сөздердiң мағынасын түсiне де алмайды, сөзде айта алмайды, бiрақ ол интонацияны сезiнедi және мағына бойынша сөз танып бiледi.

Бала бiртiндеп бiз айтатын сөздерге құлақ салады, дыбыстарды қайталауға тырысады, естiп танып бiледi. Бала сөйлей бастайды, бiрақ барлық дыбыстарды дұрыс айтуда, буын құрылымын әрдайым айқын сақтай алмайды. Балалардың тілінің дамуы әртүрлi деңгейде болады. Кейбір балалар күрделi буын құрылымы бар сөзді және сөздерді таза және дұрыс айтады. Ал, кейбіреулері жас шамасы келсе де, сөзді әлi айқын жеткiлiктi айта алмайды, жеке дыбыстарды терiс айтады. Мұндай балалар көп. Бала тілін жан-жақты дамыту үшiн, балабақшада алған білімдерін үйде қайталауымыз керек. Мектепке дейінгі балалардың тілге үйрету, үйрену үрдісін үзiлiссiз жүргізгеніміз абзал.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет