Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары



бет52/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.
модел, Түрік қағанаты, Ауган пдф, Витаминдер
Суға бату.
Суға батқан кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек.
Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.
Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.
Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады.
Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді.
Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру.
Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады, оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.
Шефер әдісі.
Жасанды тыныс алдырумен қатар жүрек қызметінің қалыпқа түсуі қоса жүргізіледі. Жүрек қызметінің тоқтауының басты белгісі –ұйқы күре тамыры соғысының байқалмауы. Тамырдың соғысын зерттеуге алғашқы үш жасанды ауа жұтқызылғаннан кейін жүргізіледі. Оның жоқтығы –жүректің жабық сылауының басталуына дабыл.
Жүректің сыртқы сылауы кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі. Жүректің жабық сылауын жүргізу үшін зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады (11а-сурет), оның басы қозғалмау үшін иығының астына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің сол жағынан тұрады, қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды. Бір саусақты кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды.
Сылау кезінде иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен қысым жасау үшін қолдар созылуға тиіс. Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады, ол жағдайда кеудені 3-4 см қысады. Әрбір жанши қысудан кейін қолды кеудеден алмай босаңсытады. Мұндай қозғалыстар минутына 60-тан кем болмауы тиіс.
Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру.
Жүректің сыртқы сылауы
Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі (12-сурет). Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды , ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді. Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.
Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын төрт-бес рет қысу, одан кейін ауаны кеудеге үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді жасанды тыныс алдыру клиникалық өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың (тірілтудің) қарапайым әдісі болып табылады.
Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанама сылау.
Күннің өтуі.
Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құюлуы байқалады (гиперемия).
Беттің қызаруы мен бастың қатты ауыру күннің өтуінің алғашқы белгілері болып табылады.Сонан соң жүрек айниды,бас айналады,көз қараутады және құсқысы келеді. Ауру естен танады,тыныс алуы жиілей түседі,жүрек қызметі әлсірейді.
Басты орамалмен жабу,сондай-ақ басқа суық су құю алдын алу шаралары болып табылады.
Ыстық тию. Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе әдеттегідей жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады.
Денеге ыстық тиюдің үш себебі:

  • жоғарғы сыртқы температура;

  • дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім;

  • ауыр жұмыс істеу.

Алғашқы медициналық көмек. Зардап шегушіні суық жерге, көлеңкеге немесе жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып, температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тағам береді. Жүрек-тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, 1мл 10 пайыз кофейн ерітіндісін, 1мл кордиамин, 1мл 10 пайыз лобелин ерітіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.
Газбен улану.
Тұрмысымызды анағұрлым жеңілдетіп жүрген осы затқа арнайы күтім мен ұқыптылық қажет.
Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:

  • жалғастырушы түтіктердің ақаулары;

  • түтіктің редуктормен және газ құрал – жабдығымен нығыздап жалғанбауы;

  • майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;

  • оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;

  • оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін.

Газ баллондарын өз беттеріңізше орнатып, газ құрал – жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз – қайғылы оқиғаға апарып соғуы мүмкін.
Газ ошағы. Газ ошағын тек жақсы желдетілген үй-жайда пайдалануға болады. Газ ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда оның есігін бірнеше рет ашып – жабу арқылы желдету қажет. Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді пайдалану қажет. Газ ошағын үйді жылыту мақсатында пайдалануға мүлде болмайды. Себебі, желдетілмеген үй-жайдағы көмір қышқылды газдың жиналуы және иісті газдың бөлінуі адам ағзасының улануына апарып соғадыБұрандалы қосылған жер мен баллонның редуктормен қосылған жерін сабын көбігімен тұрақты тексеріп тұрыңыздар.
Баллон мен газ ошағының арасы 0,5 метрден жақын болмауы керек. Сондай – ақ жылу радиаторына немесе пешке 1 метрден жақын орнатылмауы тиіс. Мөлшерден тыс газбен толтырылған баллон жылы жер де (жылы үйге кіргізіп жылы- тқанда) жарылуы мүмкін.Газ баллонының қақпағы көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануға үзілді – кесілді тыйым салынады.
Қорытынды 
Тіршілік әрекетін қамтамасыз етудегі қазіргі мемлекеттің ролі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі азаматтық сана-сезім деңгейінің, адамгершіліктің және қоғамның барлық мүшелері мәдениетінің маңызы. Ғылыми- техникалық прогрестің, қөоғамның игілігі мен зияткерлік потенциалы өсуінің табиғи және техногенді сипаты пайда болатын алапаттар санының және олардан келетін зиян масштабтарының ұлғаюына әсері. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларының маңыздылығы. Қазіргі өндіріске тән ерекшеліктер, қауіпті және зиянды факторлардың құрылу аймақтары. Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары, олардың адамдарға әсерін бағалау.
Өндірістегі қауіптілік пен зияндылықты төмендететін, тиімді ұйымдастырушылық және басқарушылық әсерлері. Қауіпсіздікті арттырудың және еңбек жағдайларын жақсартудың «экономикалық» механизмі. Қауіпсіздік проблемаларын зерделеудің маңыздылығы және әдіснамасы. Өндірістік қауіпсіздік теориясының негіздері. «Машина – адам — өндірістік орта» жүйесіндегі проблемалар. Қауіпсіздік проблемаларын шешудің жүйелілігі. Технологиялық процестің жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету.


Сұрақтар мен тапсырмалар:
1) Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары.
2) Жарақаттар түрі.
3) Бас жарақаттары.
4) Суға бату кезіндегі алғашқы көмек.
5) Күннің өтуі кезіндегі медициналық көмек.
6) Газбен улануын алдын-алу.
Әдебиеттер
1) Қ.С.Қалжігітов, А.М.Төлемісова, Н.Г.Приходько, К.Ш.Исаев.
«Өмір тірішілік Қауіпсіздігі». Оқулық. Алматы 2004 ж.-256 б.
2) С.Тайжанов. “Өмір Қауіпсіздігі негіздері”. Оқу-әдістемелік
құрал. Алматы. –2004 -254 б.
3) Ю.В.Репин, Р.Шабунин. “Тосын жағдайда адам өмір қауіпсіздігін сақтау”. Алматы, Демеу, 1994 .
4) ғаламтор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет