Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020



бет12/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Арттерапия туралы ұғымына сипаттама беріңіз.
2. Арттерапияның негізгі бағыттарына тоқталыңыз.
3. Арттерапияның даму тарихы қандай?
4. Арттерапиядағы негізгі процедуралар: сурет салу, жабыстыруға сипаттама беріңіз.
5. Денеге бағытталған терапия дегеніміз не?
6 Лекция тақырыбы: Психологиялық сауаттану.
Мақсаты: Студенттерге психологиялық сауаттанудың негізгі көрсеткіштері, психологиялық сауаттануға арналған кеңестікті қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру.


Лекция жоспары:
1. Психологиялық сауаттанудың негізгі көрсеткіштері.
2. Психологиялық сауаттануға арналған кеңестікті қамтамасыз ету.
3. Психологиялық сауаттану әдістері.


Лекция мәтіні: 
Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуге пайдаланылатын әдістемелр жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп пайдаланады. Оларды баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырып, жинақтағандардың бірі А.А.Бодалев және оның зертханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғары сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетілді.
Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуіда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру т.с.с. Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, семья бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет