Лекциялар жинағы кредит саны 5 Шымкент-2020



бет9/29
Дата04.10.2022
өлшемі399 Kb.
#151519
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
Лекция Практикалық психология
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Байбекова М.М.,Жантасова Ж.Н.Психологиялық кеңес беру.Шымкент,2015ж.
2. Джаздықбаева М.Б. Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқу құралы / М.Б. Джаздықбаева.- Түркістан, 2018ж.
3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.
4. Куанышбаева З.Б. Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау. Оқу құралы. Шымкент,2017ж.
5. Байбекова М.М.,Ибраева П.М.Әлеуметтік-психологиялық тренингтер,әдістемелер мен жаттығулар.Шымкент,2012.
6. Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы. Алматы, 2012.
7.Садуова Ж.Н. Психология. Оқу құралы / Ж.Н. Садуова, Т.А. Ырбаев, Н. Шалхарбекова.- Шымкент, 2018ж.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Әлеуметтік психологиялық тренингтерге тапсырыс дегеніміз не?
2. Әлеуметтік психологиялық тренингті психодинамика тұрғысынан түсіндіру ұғымына сипаттама беріңіз.
3. Әлеуметтік психологиялық тренинг ұйымдастыру принциптері қандай?
4.Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістеріне сипаттама жазыңыз.

4. Лекция тақырыбы: Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің түрлі форматтарын өткізудің стилистикалық ерекшеліктері.


Мақсаты: Студенттерге гештальт-топ, психодрамалық топ, коммуникативтік тренинг, Кикілжің бойынша тренинг, қайғы психотерапиялық тренингтері және трансакция ұғымы туралы білімін жетілдіру.


Лекция жоспары:
1. Гештальт-топ.
2. Психодрамалық топ.
3. Комуникативтік тренинг.
4. Кикілжің бойынша тренинг. Қайғы психотерапиялық тренингтері.
5.Трансакция ұғымы.


Лекция мәтіні: 
Сонымен, гештальттерапия қарсыласуға қарсы емес, одан бас тартуды талап етпейді, ол адамның табиғи қарсыласуына сүйенгенде көптеген жағымсыз сезімдердің мағнасына түсінбегендіктен одан санасыз түрде қашқақтап, мағнасын толық түсінбей қалады. Осы сезімді толық түсіну арқылы оның теріс әсерінен құтылуға болады.
Мысалы: «Сана-сезімді түсіну» жаттығуы.
Өзіңіздің сана-сезіміңізді үш зонаға бөліп қарастырыңыз:вашего сознания на три зоны:

  1. сыртқы орта;

  2. дененің ішкі ортасы;

  3. сезім, ақыл-ой, армандар дүниесі.

Өзіңізге серік таңдап алыңыз. Онымен қарама-қарсы отырыңыз. Босаңсыңыз. Кезектесіп өздеріңіздің сыртқы ортаны сезінуіңіз туралы әңгімелеп беріңіз. Әңгімеңізді «Менің түсінуімше қазір …» деген сөздерден бастаңыз да 5-8 минут ішінде қоршаған ортаның дәл қазіргі сізге тигізген әсері туралы айтып беріңі. Сөзіңізді сізді қоршаған ортаның иісін, түрі мен түсін, температурасын, серігіңіздің әсерін сипаттаумен аяқтаңыз. Енді өзіңіздің серігіңіздің қоршаған ортадан әсерленгені туралы әңгімесін тыңдаңыз. Сонан соң кезекпен өздеріңіздің денеңіздің ішкі ортасын сезінуіңіз туралы 2-3 минут ішінде әңгімелеп беріңіз. Әңгімеңізді «Менің түсінуімше қазір …» деп батаңыз да, өзіңідің денеңізбен байланысты сезімдеріңізбен аяқтаңыз ( ауызым қурап қалғанын, колымның ауыр болып кеткенін, арқамның қышығанын, денемнің ауырғанын және т.с.с. сезінемін). Әңгімеңізді аяқтағаннан соң серігіңізді тыңдаңыз..
Енді сезім, ақыл-ой, армандар дүниесіне көшіңіз. Әңгімеңізді «Менің түсінуімше қазір …» деп батаңыз да әңгімеңізді қазіргі кездесу барысында орын алған ойларыңыз, уайымдарыңыз оларға әсерленуіңіз туралы айтыңыз. Тек ішкі сезімге бөленуден туған спонтандық ой мен сезімнен сескенбестен, оларды баяндап беруге тырысыңыз. Ешқандай өткен-кеткенге алаңдамастан тек қана қазір және осы жерде болғандарды 5-8 минуттай уақыт айтыңыз. Келесі кезекті серігіңізге беріп, оның әңгімесін мұқият тыңдаңыз. Осылайша зонадан зонаға ретімен ауыса отырып пікір алмасуды басынан бастап қайталаңыздар. Нәтижесінде жаттығуды өзіңізбен жұптасып орындаған серігіңіздің мұқтаждығын толық сезініңіз және оған сіздің жағдайыңызды толық сезінуге мүмкіндік беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет