Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет4/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек
студенттер тізімі 461..
І ерте кезең- ұзаққа созылып, медициналық ғылыми тәжірибенің жинақталуымен көрініс тапқанымен, әлі қатаң жүйелілік болмады. Гиппократ, Гален және араб дәрігерлері еңбектерінде балалар арасында кездесетін кейбір аурулық жағдайлардың сипаттары және нәрестелерге қажетті күтім, тамақтандыру жайлы айтылды. ХІХ – ғасырға дейін созылған бұл кезеңде, балалар арасындағы аурушаңдық және өлім- жітім өте жоғары болды.
ІІ кезең – балалар ауруханаларының ұйымдастырылып ашылу және алғашқы педиатриялық еңбектердің жазылуымен көрініс тапты. Осы кезеңде, балалар арасындағы алғашқы өлім-жітімдік туралы проблеманы алға тартқан орыс ғалымы М.В. Ломоносов (1711-1765) болды. Өз алдына ғылым ретінде негізінен 19-шы ғасырдың 30-40-шы жылдары дами бастады. Бірінші орыс педиатры деп С.Ф.Хотовицикийді атауға болады. Алғаш рет бала ағзаларының, ауруларының ерекшеліктеріне көңіл аударып, оларды емдеу әдістерін енгізе бастады. «Бала организмі ересектердің кішірейтілген көшірмесі емес» деген ұғымды алғашқы енгізген де осы ғалым. Ол сонымен қатар «Педиятрика» деп аталатын бірінші оқулық шығарды. Педиатрияның «әкесі» деп Н.Ф.Филатов (1847-1902) педиатрияның негізін қалаушы, оның «Балалар ауруларының семиотикасы және диагностикасы», «Балалардың асқазан-ішек аурулары туралы дәрістер» атты танымал еңбектері бар. Н.Ф.Филатов 1834 жылы Петерборда, 1842 жылы Мәскеуде алғашқы балалар ауруханаларын ашты. Ол ауруханалар осы күнге дейін бар және Филатовтың атымен аталады. Бұл ғалым балалардың жұқпалы ауруларын зерттеуге үлкен еңбек сіңірді. Петерборда Н.П.Гундобин (1860-1908) медико-хирургиялық академиясының педиатрия кафедрасын басқарды, бала организмінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін зерттеудегі көп жылдық еңбектері «Балалар ауруларының негізгі қолжазбасы» және «Балалардың жас шамалық ерекшеліктері» монографиясы болды, бірінші болып «Бала өлімімен күрес» одағын ұйымдастырды. ІІІ - кезең. Революциядан кейін 1917 жылы балалар мен аналарға медициналық көмек көрсету туралы алғашқы күндері-ақ декретке қол қойылып, арнайы ауруханалар, балалар үйлері, сүт кухнялары ашылған. Алматы қаласында 1932 жылы педиатриялық факультеттер ашылып, арнайы балалар дәрігерлерін дайындау жұмыстары басталды. РКФСР Халық комиссарлары Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) аймағын басқару жөніндегі ұйымдастырылған Революциялық комитет арнаулы қаулымен 1919 жылы денсаулық сақтау бөлімін құрады. Орынборда 1920 жылдың 4-12 қазан аралығында алғашқы Бүкілқазақтық Советтер съезі болды, осы Орынборда алғашқы болып шешек институты ашылды.
Денсаулық сақтаудың халықтық комитетінің санитарлық-алдын алу бөлімінің бір бөлімшесі болып, 1921 жылы «ана мен баланы қорғау ұйымы» өз жұмысын бастады. Бөлімшені басқарған Пугачева, 1923 жылдан бастап, дәрігер Каулина 1 жастан - 3 жасқа дейін, 3 жастан – 16 жасқа дейінгі балалардың тіркеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар қараусыз қалған балаларға қамқорлық жасау жұмыстары мен аштықпен және індетке қарсы бағытталған жұмыстар жүргізді.
1921 жылы Орынбор қаласында әйелдер және балалар консультациясы 2 дәрігер және бір акушеркамен ашылды.
1924 жылы Алматыда, Гурьевте, Оралда, Семейде, Шымкентте, Талдықорғанда, Павлодарда, Ақтөбеде, Атбасарда 11 тұрақты 270 орындық балабақшалар, 26 кеңес беру орталықтары, олардың 13-і сүт асханаларыменен және 20 орындық ана мен бала үйі ашылды.
Тұрғындарға шешек ауруының алдын алу мақсатында жаппай ауруға қарсы екпелер жасалынды. Көшпенді тұрғындар арасында «қызыл отаулардың» маңызы зор болды. Қызылорда обылысының Өлкелік әйелдер бөлімшесі алғашқы болып үлгілі Қызыл отау ұйымдастырды, жетекшісі С.С.Есова болды. «Қызыл отау» құрамында заңгер, тазалықшы, дәрігер мен акушерден тұратын жылжымалы кеңес беру орны, осы отауда 4 орындық перзентхана болды.
1926 жылы сүт асханалары бар 12 үлгілі кеңес беру орталықтары, және 3 тұрақты сәбилер үйі болды. Балалар кеңес беру орталықтары үлкен емдеу-алдын алу жұмыстарын жүргізді. Кеңес беру орталықтардың сүт асханаларының қызметі құлашын кеңге жая түсті.
Ұлы Отан соғысына дейін 1928-1940 жылдары Казақстанда 38 колхоздық 109 орындық перзентханалар болды.
1927 жылы Қызылорда қаласында 160 орындық медициналық көмектің арнайы түріне мамандандырылған жалпы аурухана құрылды. Кезінде Қазақстандағы ең жақсы жабдықталған, жас нәрестелерге арналып, оқытылған мамандары бар арнайы палата ұйымдастырылды.
1957 жылы балаларға арналған 4712 орындық, 1958 жылы -5545 орындық, құрамында: балалар ауруханасы, емханасы, кеңес беру орталығы және сүт асханасы бар біріккен балалар ауруханалары болды.
1961-1963 жылдары дәрігерлердің жұмысының негізі- аймақтық қызмет көрсету түрі болды, орташа әр аймаққа – 1100-1200 баладан келді, осы жылдардың өзінде тууға дейінгі патронаж жасалынды.
Республикада медицина мамандарын дайындау 5 медициналық академияда,1 мемлекеттік медициналық университетте және 26 медициналық колледждерде жүргізіледі.
Республикада 1932 жылы ашылған, көп жылдар бойы Акима Бисеновна Бисенова басқарған Педиатрия институты, қызмет жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет