Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Қазақстан Республикасының педиатриясының



бет5/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек
студенттер тізімі 461..
Қазақстан Республикасының педиатриясының
көрнекті қайраткерлері.
Ормантаев Камал Саруарұлы – балалар хирургы, профессор – медицина ғылымдарының докторы, докторлық диссертациясын 1971 жылы қорғаған. 1968 жылдан 1993 жылға дейін АММИ педиатрия факультетінің деканы. 1993 жылдан Балалар хирургиясы ҒЗИ директоры, Қазақстан Республикасы Ғылыми Академиясының корреспондент мүшесі. Қазақстан Республикасы педиатрлар Ассоциациясының президенті, 5 медицина ғылымдарының докторын, 48 кандидатын дайындаған.
Авенирова Анна Ивановна – Қаз ССР-на еңбегі сіңірген дәрігері, денсаулық сақтау ісінің үздігі, профессоры. 1925 жылы Пермь медициналық институтын бітірді. 1929 Қазақстанға келгеннен соң 1939 жылға дейін тәжірибелік денсаулық сақтау бөлімінде жұмыс жасады. 1948 жылдан 1951 жылға дейін ана мен баланы қорғау институтын басқарды. 1954 жылы докторлық диссертация қорғап, 19 жыл АММИ педиатрия кафедрасын басқарды. Жеті жыл педиатрия факультетінің деканы болып жұмыс жасады. Осы 46 емдеу және ғылыми-педагогикалық жұмыс жасаған кезінде 40 медицина ғылымдарының кандидаттары мен докторларын дайындады.
Никонова Татьяна Николаевна - Каз ССР ғылымының көрнекті қайраткері. Омск медицина институтын бітірген. 1937 жылдан Семей жұқпалы ауруханасында жұмыс істеген. «Тылдағы бөртпелі тифтің клиникалық мінездемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Н.Т. Никонова 30 жыл жұқпалы аурулар кафедрасын басқарды. 5 монография және 3 ғылыми жиынтық шығарды.
Барлыбаева Нина Ахметовна – профессор, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген дәрігері.
АММИ бітірген, білікті педагог, ғалым. Еңбектері балалардың жүрек-қан тамырлар жүйесі патологияларын және «Д» Гипервитаминозын зерттеуге арналған.
Сарсенбаева Зоя Бек-Айдаровна – 1965 жылы АММИ бітірген, кандидаттық диссертация қорғаған, педиатрия кафедрасының ассистенті, факультеттік педиатрия кафедрасының доценті.
Исмаилова Асия Шахисламовна – АММИ бітірген, 1957 жылдан госпитальді педиатрия кафедрасының ассистенті, доцент. 128 ғылыми еңбектерін жариялаған. 3 медицина .ылымдарының кандидатын дайындаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет