Лекциялар жинағы Оқу түрі: күндізгі, кешкі, қашықтықтан Құрастырған: Тұрмаханова С.Ә. Шатаева А. М


апта: Білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі



бет3/24
Дата08.02.2022
өлшемі178,17 Kb.
#119822
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ЛК Ин бб арн пед техн 2021
комыртек, комыртек, 144323, Әбдірахман А 4 АПТА ПРЕЗЕНТАЦИЯ, АНАЛИЗ сор и соч (1)
2 апта: Білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
3 лекция тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Жоспар:

  1. Инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

  2. Курстың мақсат, міндеттері

Пайдаланған әдебиеттер:
1.№1, 2011 жыл, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі тиімділігін арттыру жолдарындағы» тақырыптарға арналған облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдары.
2. Инклюзивное образование за рубежом -От мечты к реальности
3.«Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенция.
4.«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». А., 2010ж.
5. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылы шыққан «Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай (жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар пәнін оқытудың мақсаты: ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру процессіне қосуда қолданылатын педагогикалық технологияларды сабақ барысында, тақырыпқа сәйкес пайдалану тәсілдерін меңгерту,
ЕБҚБды психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тəжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар пәнін оқытудағы басты міндеттер:
-инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚЕ балаларды сүйемелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін көтеру;
- инклюзивті білім беру ұйымдарының əдістемелік және басқару жұмыстарымен таныстыру;
- ЕБҚБды интеграциялауда ғылыми-практикалық көзқарастарды қарастыру;
-жеке кәсіби өсуі мен білім беру треакториясын жобалау, инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамыту.
4 лекция тақырыбы: Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ерекше білімге қажеттілігі бар балаларға білім берудің психологиялық танымдық процестер жағынан тиімділігі
Жоспар:

  1. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Жалпы білім беру процесінде ерекше білім беруге кажеттілігі бар
    балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге арналған әдістемелік
    ұсынымдар – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2018. – 96 б.

  2. Ковригина Т.В., Косьяненко М.В., Павлова О.В. Комплексные занятия по программе «От рождения до школы» под редакцией Н.Е. Вераксы, М.А.Васильевой, Т.С. Комаровой. Младшая группа (от 3 до 4 лет). – Изд.2-е. – Волгоград: Учитель, 2017. – 269с.

  3. Абаева Г.А. Коррекционная работа в школе для детей с нарушен ием зрения. Учебное пособие. – Караганда, 2014. – 82с.

  4. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу

бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін талдау. Әдістемелік ұсынымдар. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. – 80 б.
Біріктіріп оқыту- ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды ұжымда құрдастарымен бірге оқыту: инклюзивті-inkluzive, inclusion- біріктіру; инклюзивті білім беру – барлық балаларды жалпы білім беру үрдісіне толығымен біріктіруге, жасына жынымсына этникалық, діндік жағдайына қарамастан әлеуметтік бейімдеуге бағытталған мемлекет саясаты, балаға түзетушілік-педагогикалық және әлеуметтік қолдаудың жанұяның оның тәрбиесіне белсенді даму жолының жеткіліксіздігі. Инклюзивті білім беруді енгізу үрдісі кешенді сипатта болып табылады және онда мемлекеттік құрылымның, ата-ана қоғамының жанұяның, білім беру ұйымдары мен органдары, үкіметке бағынбайтын ұйымдардың орын алуын қарастырады.
Дамуында ауытқуы бар балалардың сапалы білім алу құқығын қанағаттандыру үшін келесідей жұмыс алу мүмкін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет