Лекциялар жинағы Оқу түрі: күндізгі, кешкі, қашықтықтан Құрастырған: Тұрмаханова С.Ә. Шатаева А. М


- апта. Инклюзивті білім беру жағдайында оқу орнын басқару



бет7/24
Дата08.02.2022
өлшемі178,17 Kb.
#119822
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
ЛК Ин бб арн пед техн 2021
комыртек, комыртек, 144323, Әбдірахман А 4 АПТА ПРЕЗЕНТАЦИЯ, АНАЛИЗ сор и соч (1)
4- апта. Инклюзивті білім беру жағдайында оқу орнын басқару
7 лекция тақырыбы: Инклюзивті білім беруде жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану
Жоспар:
1.Инклюзивті білім беруде жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану
Инклюзивтік білім берудің әр түрлі үлгілерін қарастырғанда, жүйелік,
командалық, орталық, кондуктивтік, жекеше сияқты тәсілдемелері
ерекшеленеді. Олардың тұтастығы, біздің пікірімізше, құрдастарынан қандай да бір белгілері бойынша ерекшеленетін балаларды барынша қабылдауға арналған барлық педагогикалық талаптардың жиынтығы бар болатын инклюзивтік білім беру кеңістігін құруға мүмкіндік береді. Берілген тәсілдемелерді қарастырып өтейік.
Жүйелік тәсілдеме инклюзивтік білім беруді құрастырудың қажетті
шарты ретінде өзінің бейнесін көптеген зерттеулерден табады. Идеялық
құрылыстардың жалпы көрінісі инклюзияның әдіснамалық арсеналының
орталық диспозияциясы түріндегі жүйелілікті анықтауға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдемені берілген талдау аясында қарастырудың мақсаттылығы, біздің
пікірімізше, инклюзивтік білім беру кеңістігінің сан алуан компоненттерінің
өзара байланысы мен өзара әсерін байқауға мүмкіндік береді.
Батыстық реалия жағдайындағы жүйелік тәсілдеменің мазмұны
У. Бронфенбреннердің қоғамның әлеуметтік дамуының экологиялық теориясы арқылы түсіндіріледі. Осы теорияға сәйкес жергілікті қауымдастық бір-бірімен өзара байланысқан мекемелердің, құрылымдардың, ассоциациялардың және әрбір баланы табысты дамумен кешенді түрде қамтамасыз ететін және оған нормадан ауытқуларын өтеуге мүмкіндік беретін құндылықтардың жүйесі арқылы анықталады. Бұл жерде ерекше рөл мүмкіндігі шектеулі баланы
әлеуметтік жағдайға қосудың сапалы сатысымен қамтамасыз ететін және
құрамына тұлғалық жеке микро жүйелер кіретін инклюзивтік мектептерге
беріледі. Бұл балаларды қоғамға ары қарай қосу мен барынша бейімдеу үшін
жергілікті қауымдастықтың барлық субъектілер жұмысының бірлескен
тактикаларының қажеттілігі байқалады. Бұл жағдай құрамында балаларды
әлеуметтендіруге қатысушылардың барлығы бар қоғамның ерекше
қажеттіліктерді қабылдауға бағытталғаны айқын байқалатын, қажетті көмекті
көрсетуді жалғастыратын инклюзивтік бастаманың мезодеңгейін көрсетуге
мүмкіндік береді. Осы деңгейде кеңейтілген жанұялық орта мүмкіндігі
шектеулі балаға оның жеке ерекшеліктері және немесе ортаның әсеріне шартты тәртіптің тиісті қатынасын орнатуға көмектеседі.
Эко жүйе мезо- және макро деңгейлердің арасындағы аралық жағдайға ие болады, бірақ сонымен бірге оның атқарымдық мәні толық, әдеттегідей емес баланың әлеуметтенудің бір сатысынан басқа сатысына өтуінің бейресми жүйесін пайдаланудан құралады, инклюзивтік мектепте танымдық қорды және әлеуметтік-практикалық тәжірибені меңгерген бала өзінің әдепті тәртібін көрсете отырып, макро деңгейге көшуге қабілетті болады.
Сонымен бірге макро жүйе мүмкіндігі шектеулі баланың өзінің тәртіптік
паттерінің жеке әсері болып табылмайды, ол қоғамда басым болатын
аксиологиялық императивтерге, белгілі бір әдеттер мен салттардан байқалатын мәдениетке, сондай-ақ білім беру мәселелері бойынша халықаралық деңгейдегі заңнамаларға және әдеттегідей емес баланың өмір сүріп жатқан нақты мемлекетке тәуелді болады.
Инклюзивтік білім беру мекемелері барлық балаларды қосудың кең
алаңын ендіруге арналған ынталандырма болған жағдайдағы интербелсенді
синтезде мүкіндіктері шектеулі балалардың барабар дамуы туралы түсінікті
тудыруы мүмкін, ал ол оларда қоғамға қосуға арналған қажетті негізді
қалыптастырады.
Инклюзивтік білім беруді құрастырудың батыстық нұсқасындағы жүйелік тәсілдемені талдау баланың өмір тіршілігі өтетін, жағдайдың тұтас көрінісін құруды білдіретін жүйелілікті түсінудің бірлігін дәлелдейді. Бұл жағдайда жүйелік тәсілдеме инклюзивтік білім беру үдерісінің барлық құрама тізбектерін біріктіруге мүмкіндік беретін модуляциялық буын ретінде қарастырылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
тұжырымдамалық тәсілдері.– Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2015. – 13 б.
2 Тебенова К.С. Основы инклюзивного образования: учебное пособие / К.С. Тебенова, С.Т. Каргин, Л.С. Заркенова и др. – Алматы: издательство «Эверо», 2016.-304с.
3 Байменова Б.С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом: учебное пособие. – Алматы: издательство «Эверо», 2016. -148с.
4 Жардемалиева Э. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмысы жүйесінде көрнекті үлгілеу әдісін пайдалану. Дефектология.-2018.-№9- (99). -2б.

8 лекция тақырыбы: Инклюзивті білім беру жағдайында оқу орнын басқару


Жоспар:
1.Инклюзивті білім беру жағдайында оқу орнын басқару
Арнайы білім беру ұйымдарының жаңа білім беруге көшудің қажеттілігі- қоғамдағы әлеуметтік тапсырыстың жауабы ғана емес ол бүкіл обьективті себептермен сипатталады, атап айтқанда:

  • ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың санының жыл сайын әсіресе әлеуметтіек және экологиялық жағымсыз аудандарда өсуі;

  • дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру жағдайларының аз түрде қарастырылуы;

  • арнайы ұйымдар контингентінің қысқаруы;

  • ерте түзетушілік-педагогикалық күмек күрсету моделінің кең түрде таралуы мен және түрлі министрліктері мен мүмкіншілігі шектеулі балаларды ерте біріктіріп оқытудың бағдараламасын құрастыру;

  • ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналардың белсенділігінің жоғарылығы,және өз баласын оңалту мен абилитациялау процесіне енуге дайындығы;

  • білім беру мекемелері мен түрлерінің жаңа типтерінің, ең алдымен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК), ерте көмек көрсету ұйымдарының, лекотекалардың, психологтялы-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекті қажетсінетін балаларға арналаған мекемелердің, ата-аналар мен педагогтарға адресстік, кәсіптік көмекті көрсететін, тәжірибе барысындағы біріктіріп оқытуды жүзеге асыратын жалпы білім беруұйымдарының пайда болуы;

  • аудан немесе ауыл аймағында тұратын балалармен бірге жүргізілетін вариативті бағдарламаны жүзеге асыратын ұйымдардың ашылужоспарындағы мунитипальді, аймақтық өзін-өзі басқару мүмкіндіктерінің кең түрде етек алуы;

  • балалардың оқыту мен тәтбиелеудің барлық жағдайында білім алуының сапалығына қойылатын мемлекеттік жаңа талаптар.

  • Пайдаланған әдебиеттер:

  • 1 Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың
    тұжырымдамалық тәсілдері.– Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
    білім академиясы, 2015. – 13 б.

  • 2 Тебенова К.С. Основы инклюзивного образования: учебное пособие / К.С. Тебенова, С.Т. Каргин, Л.С. Заркенова и др. – Алматы: издательство «Эверо», 2016.-304с.

  • 3 Жубанова С.С. Теория и практика инклюзивного образования. Учебное пособие. – Алматы: Эверо, 2016.-148с.

  • 4 Байменова Б.С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом: учебное пособие. – Алматы: издательство «Эверо», 2016. -148с.

  • 5 http://www.edu.gov.kz/ru/- официальный сайт Министерства образования науки РК





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет