Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Жұмыс станциясы Жұмыс станциясы Коммуникация желі



бет10/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3

Жұмыс
станциясы

Жұмыс
станциясы
Коммуникация желі

(клиент) (клиент)
3-сурет. Клиент-сервер архитектурасы


Сервер (server) — бұл құнды ресурстарды бағдарлама, мәліметтеу және шеткі құрал-жабдықтарға бірігіп пайдалануды басқаратын еске сақтау қабілеттінің мөлшері көп, жоғары өнімді компьютер.
Сервер клиент тапсырмасы бойынша жұмыс істейді және олардың тапсырыстарының орындалуын басқарады. Әрбір тапсырманың орындалуына байланысты сервер алынған нәтижені клиентке жібереді. Сервистік функциялар клиент-сервер архитектурасында қолданбалы бағдарламалардың кешені бойынша бейнеленеді. Сервистік функцияларды нақты амалдардың көмегімен шақыру функциясын клиент деп атайды. Клиент программа немесе тұтынушы болуы мүмкін. 4-суретте сервистер клиент-сервер архитектурасы бойынша көрсетілген.

Қолданбалы сервисі



Баспа сервисі


Файл сервисі

Желілік сервис

Дискі сервисі

Қауіпсіздік сервисі

Сервер
4-сурет. Клиенттер

Бұл дербес компьютерлер сервер ролін атқарады. Программалық жабдық жұмыс станциясына орнатылып, сервердегі мәліметтермен алмасуға мүмкіндік береді. Ең көп тараған желілік операциялық жүйелерге мыналар жатады :



  • Netware( Novel фирмасы жасаған )

  • Windows (Microsoft фирмасының өнімі)

  • UNIX (AT&T фирмасы жасаған)

  • Linux.

Желілік операциялық жүйелерден басқа желілік қолданбалы қажет болады. Олар желіден алуға болатын мәліметтер және желінің артықшылықтарын көрсетеді. Сервер негізінде құрылған желілер характеристикасы өте жаұсы және жоғары сенімді болады. Серверге желінің негізгі ресурстары жинақталып, оларды жұмыс станциялары қолдана алады. Қазіргі клиент-серверлік архитектурада объектінің төрт тобын бөліп көрсетуге болады – клиенттер, серверлер, берілгендер мен желілік қызметтер көрсету. Клиенттер жүйеде тұтынушының жұмыс орындарында болады. Берілгендер негізінен серверде сақталады. Желілік қызметтерді серверлердегі берілгендерден алуға болады. Сонымен қатар қызметтер берлгендерді өңдеу процедурасын басқарады.
Клиент-сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверде желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operation System) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды (принтерлер тәрізді) да басқара алады.
Клиент-серверлік желі архитектурасының артықшылықтары

  • Жұмыс станциялары көп болатын желіні ұйымдастыруға болады.

  • Тұтынушылардың есептік жазбаларын орталықтан басқаруға, қауіпсіздік шараларын және желілік ресурстарға тиімді жол табуға болады.

  • Тұтынушыға желіге ену үшін бір пароль және ресурстарды пайдаланушы ретінде енуге құқылы.

Кемшіліктері:

  • Сервердің жұмыс істемей қалуы жалпы желінің жұмысын бұзып, желілік ресурстардың жоғалып кетуіне әсер етуі мүмкін.

  • Басқарушы ролін арнайы білікті маман жүргізуі керек.

  • Желінің және желілік құрылғылардың бағасы қымбат болады.

Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operation System) – желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен байланыс жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша маршруттауды, желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы Windows 95, Windows NT, UNIX, Macintosh немесе OS/2 жүйелерімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.
Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдалана отырып, керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да, қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады. Бұған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу рөлін атқарып, каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netware, Banyan VINES тәрізділер жатады.
Желіні басқару программалық құралдары желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау өрістерінде маңызды рөл атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң көздерді болдырмайтын, желіні жеке иеленудің (TCO, Total Cost og Ownership) жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын ала жүргізеді.
Желі басқарушылары жұмыс станциясы немесе World Wide Web қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мүмкіндіктерді анықтап береді. Бұған қоса кенеттен туындаған қиғаш мәселелерді тауып, олардың әсерлерін азайтады және жұмыс өнімділігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін желі құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру барысында RMON және RMON2 сияқты қадағалау (мониторинг) жабдықтары бақарушыларға желі ортасын бақылап отыруға көмектеседі.
Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі басқарушысы туындайтын қиындықтардың алдын алып отырады.
Программалық құралдар бұған қоса тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ өзгертулерден сақтайды. Желі басұарушылары басқаруға арналған жұмыс станциясы арқылы пароль орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғыларды пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып тіркеп отырады.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған – оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары деңгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларының функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді. Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бейнелерден, немесе электорндық кестеден тұратынын білуге тиісті емес. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі. Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да, керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін қайтадан серверге қайтарады. Мұндай желі жұмысы – көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны біріге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады. Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдаланылуы мүмкін.
Баспа сервері (принт-сервер) желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс жасайды. Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, олардың мәліметтерін басып шығарады. Баспа сервері ретінде қуатты, жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пайдаланылады.
Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық серверлер пайдаланылады. Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады. Интернет желісімен тиімді қатынас құру үшін Web-серверлер пайдаланылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет