Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет11/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Желі архитектурасы деп нені түсінесіз?

  2. Желі архитектурасының түрлерін атаңыз

  3. Клиент-сервер желісіндегі сервер дегеніміз не?

  4. Желілік сервер дегеніміз не?

  5. Файлдық сервердің негізгі функциясын атаңыз



ЛЕКЦИЯ № 3. СТАНДАРТТАР КӨЗІ


3.1.Ашық жүйелер байланысын ұйымдастырудың негіздік моделі
3.2. OSI моделі. «Ашық жүйе» түсінігі
3.1.Ашық жүйелер байланысын ұйымдастырудың негіздік моделі
ХХ ғасырдың 80 жылдарында халықаралық стандарттау ұйымдары желі жұмысын дамытуға әсер ететін модель жасап шығарды. Бұл модель ашық желілердің өзара байланыс моделі – OSI (Open System Interconnection) деп аталады. Бұл модель әр түрлі желілік орталарда берілгендерді тасымалдаудың байланыс сеанстарын ұйымдастыруды бейнелейді. Модельдің негізгі элементтері ретінде деңгейлер, қолданбалы процестер мен байланыстың физикалық жабдықтары алынады. Бұл модель бойынша жүйелердің өзара байланыс деңгейлері анықталып, олардың стандартты атаулары мен орындалатын қызметтері көрсетіледі. OSI моделінің әр деңгейі желі бойынша берілгендерді тасымалдауда нақты қызметтерді орындайды.
Негіздік модель желілік протоколдарды құрудың негізі болып есептеледі. Бұл модель бойынша өзара байланыс 7 деңгейге бөлінеді: қосымша, ұсынылатын, сеанстық, транспорттық, желілік, арналық және физикалық. OSI моделі операциялық жүйеде, жүйелік утилиталарда, жүйелік аппараттық жабдықтарда орындалатын тек жүйелік байланыстардың өзара әрекеттерін ғана бейнелейді. Модель тұтынушыларға қажетті қосымшалардың байланысу жабдықтарынан құралмайды. Өзіндік меншіктік әрекеттесу протоколдарын жүйелік жабдықтар көмегімен іске асырады. Сондықтан қосымшалардың өзара әрекеттесу және қолданбалы деңгейлерді ажырата білу қажет.
Сонымен, қосымша қолданбалы деңгейге, мысалы файлдық қызметтің сұранысын жасаған болсын. Осы сұраныс негізінде қолданбалы деңгейдің программалық жабдықтары стандартты форматтың хабарламасын құрастырады. Хабарлама атауынан және берілгендер өрістерінен құралады. Атауында адресат-машинаның желі арқылы қолданбалы деңгейге жіберілетін қызметтік ақпараттары, қандай жұмысты орындау қажеттілігі көрсетіліп қойылады. Хабарламаның берілгендер өрістері бос болуы немесе қандай да бір берілгендерден тұруы мүмкін. Бірақ бұл хабарламаны көрсетілген жеріне жеткізу үшін, төменгі деңгейлерде орындалатын көптеген мәселерді шешу қажет болады.
Хабарлама тексі құрылғаннан кейін қолданбалы деңгей оны төмендегі ұсынылатын деңгейдегі стекке бағыттайды. Ұсынылатын деңгейдің протоколы қолданбалы деңгейдегі атаудан алынған мәлімет бойынша қажетті әрекетерді орындайды да өз деңгейіндегі қосымша ақпараттармен, адресат-машинаның ұсынылатын деңгейіндегі протоколдар мәліметтерімен толықтырады. Алынған нәтижелік хабарлама төменгі сеанстық деңгейге жіберіліп, ол өз кезегінде өз атауын көрсетеді сол сияқты төменгі деңгейге жібереді де осылайша жалғаса береді. Сонымен, хабарлама ең төменгі физикалық деңгейге жетеді, сол деңгей хабарламаны байланыс арналары /каналдары/ бойынша адресат-машинаға жеткізеді. Хабарлама желі бойынша адресат-машинаға жеткенде, ондағы физикалық деңгейге келіп түседі де төменгі деңгейлерден жоғарғысына тізбек бойынша көтеріле бастайды. Әр деңгей өз атауларын талдап, өңдеп, деңгейлердегі сәйкес функцияларды орындайды да, өз атауын өшіріп, хабарламаны жоғарыдағы деңгейге жіберіп отырады.
ISO стандарттарында берілгендердің әр түрлі деңгейлердегі алмасу бірліктерін белгілеу үшін берілгендердің жалпылық протоколдық блогы (PDU) қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет