Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет19/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
"Шина" топологиясы
"Шина" топологиясын көп жағдайда "сызықты шина" деп те атайды. Онда желiнiң барлық компьютерлерi жалғанатын магистраль немесе сегмент деп аталатын бiр ғана кабель қолданылады. Бұл топологияның ең қарапайым түрi болып табылады.
"Шина" топологиялы желiде компьютерлер берiлгендердiэлектрлiк сигнал түрiнде нақты бiр компьютерге адрестеп, кабель арқылы жiбередi. Компьютерлердiң өзара әсер ету процессiн түсiну үшiн мынадай түсiнiктердi түсiнiп алу керек:
1. сигналдың берiлуi
2. сигналдың бейнеленуi
3. терминатор
1. Сигналдың берiлуi
Электрлiк сигналдар түрiндегi берiлгендер желiдегi барлық компьютерлерге берiледi, дегенмен информацияны адресi сәйкес келетiн компьютер ала алады. Берiлгендер желiде бiр ғана компьютермен берiлетiн болғандықтан, оның өнiмдiлiгi шинаға жалғанған компьютерлер санына байланысты болады. Компьютерлер көп болған сайын желi жай жүмыс iстейдi. Желiнiң жылдамдығына компьютерлер санынан басқа көптеген факторлар әсер етедi, мысалы:

  1. желiлiк компьютерлердiң аппаратты қамтамасыз етiлуiнiң типi

  2. компьютерлердiң берiлгендердi жiберу жиiлiгi

  3. жұмыс iстеп тұрған желiлiк қосымшалар типi

4. желiлiк кабель типi


5. желiдегi компьютерлер арақашықтығы
Шина - пассивтi топология. Егер қандай да бiр компьютер iстен шықса, ол желi жұмысына әсер етпейдi.
2.Сигналдың бейнеленуi
Электрлiк сигналдар кабельдiң бiр басынан келесi басына орын ауыстырады. Егер арнайы әрекеттер жасалмаса, сигнал кабель соңына жеткенде бейнеленедi және компьютерге тапсырысты орындауғы мүмкiндiк бермейтiн кедергiлер туғызады. Сондықтан да кабель соңындағы электрлiк сигналдарды өшiрiп отыру керек.
3.Терминатор
Электрлiк сигналдардың бейнеленуiнiң алдын алу үшiн әрбiр кабельдiң соңына осы сигналды жұтып отыратын терминаторлар орнату керек. Кез - келген бос, ештемеге жалғанбаған кабель ұшына терминатор жалғау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет