Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет20/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
"Жұлдызша " топологиясы
"Жұлдызша" тополгиясында барлық компьютерлер кабель сегментiнiң көмегiмен орталық компонент - концентраторға қосылады. Компьютерлерден жiберiлген сигнал концентратор арқылы барлық қалған компьютерлерге жiберiледi. "Жұлдызша" топологиялы желiлердi компьютерлердi желiге қосу орталықтандырылған түрде орындалады. Дегенмен мұның кемшiлiктерi де бар. Барлық компьютерлер орталық бiр нүктеде қосылғандықтан, үлкен желiлер үшiн кабель шығыны ұлғаяды. Сонымен қатар егер орталық компонент iстен шығатын болса, онда барлық желi жұмысын тоқтатад. Ал егре, тек қана бiр компьютер (немесе оны концентратормен байланыстыратын кабель) iстен шықса, онда тек осы компьютер ғана желi бойынша берiлгендердi жiбере немесе қабылдай алмайды.
"Сақина" топологиясы
"Сақина" топологиясында компьютерлер кабельге тұйық сақина түрiнде жалғанады. Сигналдар сақина бойымен бiр бағытта берiледi және әрбiр компьютерден өтедi. Пассивтi шина топологиясына қарағанда мұнда әрбiр компьютер қайталаушы ролiнде қатысады және сигналдарды күшейтiп келесi компьютерге берiп отырады, сондықтан егер бiр компьютер iстен шықса, онда барлық желi жұмысын тоқтатады.
"Жұлдызша - Шина"
Бұл шина және жұлдызша топологиясының қосындысы. Қарапайым схемасы: "жұлдызша" топологиялы бiрнеше желi магистральдi сызықтық шина арқылы жалғанады. Бұл жағдайда бiр компьютердiң iстен шығуы желiнiң жұмыс iстеуiне әсер етпейдi, ал қалғандары бiр - бiрiмен байланысып жұмыс iстейдi. Ал концентратордың iстен шығуы салдарынан осыған қосылып тұрған компьютерлер мен концентраторлар желiден шығып қалады.
"Жұлдызша - Сақина"
"Жұлдызша - Сақина" бiршама "жұлдазша - шина" топологиясына ұқсас. Екi топологияның компьютерлерi де концентраторға қосылған. "Жұлдызша - Сақина" топологиясының "Жұлдызша - Шина" топологиясынан айырмашылығы ол концентраторға жұлдызшаға сәйкестенiп басты концентраторға қосылған. Сақина басты концентратордың iшiнде жүзеге асады.


Топологияны таңдау

Топология

Артықшылығы

Кемшiлiгi

Шина

Кабель аз шығындалады. Өткiзу ортасы салыстырмалы түрде арзан және қолдануда күрделi емес. Қарапайым және сенiмдi. Жеңiл кеңейтiледi.

Белгiлi көлемде желiнiң трафиктiң өткiзу қасиетi төмендейдi.Ақауды жөндеу өиынға түседi. Кабельдiң iстен шығуы көптеген пайдаланушының жұмысын тоқтатады.

Сақина

Мұнда барлық компьютерлерге берiлгендер бiрдей тартылады. Пайдаланушының саны жұмыс өнiмдiлiгiне әсер етпейдi

Бiр компьютердiң iстен шығуы желiдегi барлық компьютер жұмысын тоқтатады. Желiнiң конфигурациясын өзгерту үшiн барлық желiнi тоқтатуды қажет етедi.

Жұлдызша



Мұнда желiге жаңа компьютер қосып жаңартып отыруға болады. Орталықтанған басқару және бақылау. Бiр компьютердiң iстен шығуы желiнiң жүмысына кедергi келтiрмейдi

Орталық түйiннiң iстен шығуы барлық желiнiң жұмысын тоқтатады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет