Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет70/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
IP-телефондау қызметтерінің түрлері.
IP-телефондау мынадай коммуникациялық қызметтер ұсынады:

  • Компьютер-Телефон.

  • WEB – телефон.

  • Телефон-Компьютер.

  • Виртуальдық дербес желілер (VPN).

  • Глобальдық роуминг.

Компьютер-Телефон. Әлемнің кез келген елінде бола тұрып, IP-телефондауының абонент провайдері кез келген Интернетке қосылған компьютерден қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Бұл үшін компьютерге Internet Phone бағдарламасын қосу керек және оған тркелгендігін білдіретін берілгендерді көрсету қажет болады. Компьютер мультимедиялық болғаны дұрыс, яғни дыбыстық плата, наушниктер (күшейткіштер) және микрофонымен. Компьютерден қоңырау шалу Телефоннан-Телефонға қоңырау шалғаннан арзанға түседі.

WEB – телефон .IP-телефондау провайдерінің ұсынатын тағы бір қызметі - Вэб-сайттан қоңырау шалу немесе Surf&Call - бұл VocalTec компаниясының веб-телефондаудағы шақыруды ұйымдастыруы, Интернет беттерінен қажетті абоненттің атын көрсету арқылы қоңырау шалуы. Бұл шешім электрондық коммерцияны ұлғайту үшн жасалып отырған шара. Surf&Call Интернетті пайдаланушылардың сауда өкілдерімен немесе техникалық қызмет көрсетушілермен фирма қызметкерлерінің сөйлесуіне мүмкіндік жасайды.


Телефондық байланыс жүргізу курсорды қажетті көрсетілген адрес бойынша, яғни компанияның аты, қажетті абоненттің аты-жөні және т. б. Интернет бетінде көрсету арқылы жүргізіледі. Пайдаланушыға телефон сымының қажеттілігі болмайды немесе Интернеттен шықпай-ақ WEB-беттегі ("ПК-клиент") бағдарламалық жабдығын жүктесе болғаны автоматты түрде қосыла беруге болады. Екінші жаңынан Surf&Call компанисы тұтынушы компания қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, WEB-беттердегі қажетті ақпараттарды пайдалануына мүмкіндік жасайды да, қызмет түрлерінің сапалы болуына әруақытта көңіл бөліп отырады.

Телефон-Компьютер. Әлемторды шарлаушылар Dial-upсеансы кезінде телефон сымдарының бос болмауы үлкен қиындықтар туғызатыны белгілі. Бұл мәселені IP-телефондау көмегімен шешуге болады. Бұл үшін абонент - АТС арқылы қажетті телефон номері бос болмағанда IP-телефондау сервері арқылы қоңырауды аударуға болады.Қажетті абонент номері көретілгенде Интернет-сессия кезінде IP-телефондау сервері шақырушының қоңырауын IP-бумасына айналдырып, тұтынушы компьютеріне жібереді. Шақырушы абонент компьютерінде "Қоңырау соғылды" жазуы шыққанда, оған жауап беру арқылы қоңырау шолушымен сөйлесе беруіне болады.

Виртуальдық дербес желілер (VPN). IP-телефондау мекеменің виртуальдық дербес желілер технологиясын құруға тамаша мүмкіндік береді. VPN технологиясының негізгі белгісі - IP-желілерді корпоративтік IP-трафикке жіберетін магистраль ретінде қолдану болып табылады. VPN желілері корпоративтік түтынушыларды шалғайда орналасқан желілер мен локальдық есептеуіш желілердің бірнешеуіне АТС қызметін дауыс пен берілгендерді тасымалдау үшін бірыңғай корпоративтік желі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. IP-телефондау мұндай жағдайда дауыстық трафиктердің алмасуын басқа жақта орналасқан филиалдар арасында қамтамасыз етеді.

Глобальдық роуминг.IP-телефондау байланыс қызметтері роумингін қарапайым және неғұрлым арзанырақ жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде мобильдік байланысты пайдалануда - бұл IP-телефондау технологиясының негзінде оңай да икемді шешіліп, бағасы да арзанырақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет