Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет71/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
IP-телефондаудың артықшылықтары.
Интернет провайдерлеріне және телефондық байланыстың операторларына IP-телефондауын ұсыну арқылы жаңа клиенттермен жұмыс істеуге және одан әрі өркендеу мүмкіндігін береді.
Корпоративтік клиенттерге - қалааралық (халықаралық) байланыстар кезінде шығындарды азайту, виртуальдық дербес желілерді алыс филиалдар арасында орнату, Интернеттен корпоративтік Web-сайтқа қоңырау шалу.
Интернет-магазиндер мен каталогтарға - Web-телефон.
Дербес тұтынушыларға - қалааралық (халықаралық) телефон байланысына шығындардың азаюы, бір оператор арқылы байланыстың барлық түрлерін пайдалануға, Қазақстан, Россия және әлемнің барлық қалаларына роуминг , компьютерден телефон шалу, Web-сайттан телефон шалу.
Байланыс сапасын мынадай көрсеткіштер бойынша бағалауға болады:

  • дауыстың өзгеру деңгейі;

  • дауыс бумаларының "дәл келу" жиілігі;

  • тоқтап қалу уақыты (бірінші абоненттің сөйлей бастауы мен екінші абоненттің оны ести бастауына кететін уақыт).

Байланыс аталған көрсеткіштер бойынша IP-телефондаудың бастапқы версияларымен салыстырғанда, дауысты өзгерту және естілмей қалу белгілері бойынша сапасы артып келеді. Дауысты кодтау мен жоғалып кеткен бумаларды қалпына келтірудің сапасын көтеру арқылы IP-телефондау технологиясы арқылы байланыс жүргізіліп жатқанын байқамай қалулары мүмкін. Байланыстың үзіліп қалулары абонент жұмысының сапасына әсер ететіндігі белгілі.
Адамдар үшін 250 миллисекундқа дейін кешігу практика жүзінде байқалмайды. IP-телефондау мүмкіндіктері көрсетілген уақыттан аз болғандықтан, іс жүзінде кәдімгі телефондық желі байланысын пайдаланып жатқандай әсер етеді.
Уақытты сапалы пайдалану мынадай үш факторға байланысты болады:

  • Біріншіден, телефондық серверлер сапасының артуы. (оларды құрастырушылар жұмыс алгоритмін күннен-күнге жақсартуда).

  • Екіншіден, дербес (корпоративтік) желілер көптеп пайдаланылуда (олардың қожайындары жіберілу жолақтарының неғұрлым кеңейтілуін, яғни сапасының артуына көңіл бөлуде).

Үшіншіден, Интернет мүмкіндіктері да артып отыр - қазіргі Интернет коммуникацияларда нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. The Internet Engineering Task Force (IETF) және Интернет желісінің операторлары жаңа технологияларды ұсынуда, олардың арасында, Reservation Protocol (RSVP), жіберу жолақтарының кеңеюіне баса назар аударуда. Дүние жүзі бойынша роутерлерді жаңалау мен ұйымдастыру шараларына ұзақ уақытты қажет еткенімен Интернет әлемі күніне өзгерістер жасап, алға жылжуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет