Лекциялар жинағы шымкент -2021 Қ азақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет77/83
Дата14.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#153019
түріЛекция
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83
Байланысты:
ЕЖЖТ лекция баспа (Восстановлен) (1)
Жумашева А.К, Шрифт 2 , Zhanasbayeva Matem sauattylyq 2 2, Zhanasbayeva Matem sauattylyq 3
Желілік карта компьютердің желіге физикалық қосылуын реттейтін құрылғы.
Желінің кешігуі бұл абоненттер арасындағы хаттаманы жіберу уақыты, яғни хаттаманы жіберуші абонент пен хаттаманы алушы абонент арасындағы уақыт
Желінің жіберу қабілеттілігі бұл желі арқылы бірлік уақытта абоненттік хаттамадағы биттер саны
Жергілікті желі шектеулі /радиусы 1-2 км-ден аспайтын/ аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіру.
Жұмыс станциясы (client) - тұтынушылардың қажетті талаптары үшін қолданылатын ақпараттық жүйе.
Жүмыс станциясы (WorkStation) –арнайы қызметтерді пайдалануға мүмкін беретін және желілік ресурстарды қолданатын абонеттік жүйе
Интернет - (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Клиент-сервер архитектурасы (client-server architecture) – негізгі ресурстарды серверде сақтап, тек өз клиенттеріне қызмет көрсетуге арналған ақпараттық желі
Компьютерлік желі – бір-бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Концентраторлар немесе хаб - бірнеше порттардан құралған және бірнеше физикалық сегменттерді байланыстыратын қайталағыштар
Көпір желіні (логикалық сегмент деп аталатын) бөлінгіш орталарға жіктеп ,мәліметтерді бір сегменттерден екіншісіне тек тасымалдау қажет болғанда ғана жібереді
Қайталағыш желінің жалпы ұзындығын арттыру мақсатында түрлі локальдық желі кабельдер сегменттерінің физикалық байланысын жасау үшін қолданылады.
Қашықтан қосылу қызметі файлдар мен принтерлерді желідегі барлық
компьютерлердің пайдалануына мүмкіндік береді.
Қосымша деңгей қолданушы мен желі арасында өзара интерфейсті қамтамасыз етеді, яғни деректерді базаға жалғау, электронды почтамен жұмыс істеу, файл орындарын ауыстыру, қолданушы мен желі арасындағы көптеген программалық қамтымаларды, соңғы қолданушыға дейінгі байланысу буындарын қолдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет