Лекциялар кешені Мамандығы: 5В010500-«Дефектолог»


Сурет оқыту әдісі ретінде



бет3/4
Дата24.10.2019
өлшемі198,3 Kb.
#50548
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
1, сауалнама зорлық зомбылық, физз, физз

Сурет оқыту әдісі ретінде

Балалардың сөзден гөрі заттардың бейнесін есіне сақтап, оларды есіне түсіруі жақсы екендігі тәжірибелік жолмен дәлелденген, өйткені көру арқылы қабылдау естуден нәтижелі болады. Сондықтанда кемақылды оқушыларды оқытуда көрнекілік дидактикалық принципі маңызды болып саналады. Бұл принципті дұрыс қолдану, оны сөзбен ұштастыру балалардың көзқарастарын кеңейтеді, оқытуды жеңілдетеді, түсінікті қылады, ойлау мен байқампаздығын дамытып, оқу материалын жақсы игеруге көмектеседі.

Ең қиын міндет болып оқушыларда талдау мен синтез процестерінің қажетті деңгейін қалыптастыру мен көрнекі бейнелерден жалпыланған көріністерге және ұғымдарға ауысуы саналады.

Сабақ барысында мұғалімге балаларға суретті жиі салғызуы керек және өзіне де суреттерді сынып тақтасына салуы қажет. Тақтадағы сурет тек мұғалімнің ойын ғана білдірмей, сонымен қоса кемақылды балаға талдағыш топтары арқылы әсер етеді: көру, есту, ал суретті қайра салу барысында кинестетикалық талдағыштар арқылы да әсер етеді. Бұл арнайы (түзете) жалпы білім беретін (көмекші мектеп) мектеп оқушыларын оқытудың психологиялық-педагогикалық принциптарына сәйкеседі.

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1-9.

Қосымша әдебиеттер: 41-43.

Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 44-50.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 51-54.

Интернет көздері: 55-60.



    • 4 лекция тақырыбы: Кемақылды оқушыларды бей-нелеу әрекетіне оқыту принциптері, әдістері және оқытуды ұйымдастыру жұмыстары.



  1. Бейнелеу іс-әрекетінің балалардың сенсорлық, ақыл-ойының, эстетикалық, адамгершілік-құлық және еңбек тәрбиесіне әсер етуі.



  1. Оқушылардың ақыл-ойының тәрбиесі, басқаша айтқанда келесі ойлы операциялар қалыптасады: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау. Бұнын барлығы мақсатталған көру арқылы қабылдаудың –бақылаудың дамуы барысында жүзеге асады. Сабақты жүргізу барысында келесі қасиеттердің: инициативтігінің, тырысушылығының, ақыл-ой белсенділігінің, дербестігі мен қызығушылығының қалыптасуына жағымды жағдайлар туғызылады және көрнекі-бейнелі ойлау дамиды.



  1. Сенсорлық тәрбие балалардың сезім мүшелері арқылы заттармен, құбылыстармен, олардың қасиеттерімен, сапаларымен танысуды (заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы және т.б.) көздейді, бұл сенсорлық тәрбие саласын құрайды.



  1. Адамгершілік-құлық тәрбиесі бала оның суреті бір нәрсені айтқаның қажет етеді. Суреттерде оқушылар қоғамдық өмірдің құбылыстарын бейнелейді. Бірақ тақырыптарды іріктеу барысында оқушылардың жас ерекшелігіне сай мүмкіншіліктерін де ұмытпау қажет. Сабақ барысында балаларда адамгершілік-құлық-еркін қасиеттері тәрбиеленеді: бастаған нәрсесін аяқтауға деген қажеттілік пен іскерлік, іс-әрекетінің мақсаттылығы, сонымен ғана айналасуы, жолдасына көмектесу, қиындықтарды жеңу, балаларда мейірімділік, сүйіспеншілік, әділеттілік, қарым-қатынасқа түсу тәрбиеленеді.

  2. Еңбек тәрбиесі – бейнелеу іс-әрекеті барысында ақыл-ой мен физикалық белсенділік ұштасады. Суретті салу үшін еңбек әрекеттеріне, белгіленген икемділіктері мен іскерліктерге

(қарындашпен қимылдар жасау) ие болуы қажет. Сурет сабағында балалар қолының, саусақатрының бұлшық еттері дамиды, келесі құралдарды қолданады: қарындаштар, қыл қаламдар, қайшылар, олардың специкасымен тансыады; түрлі материалдардың қасиеттерімен танысады: бояулар және т.б. олармен жұмыс жасау ерекшелігімен және мүмкіндіктерімен танысады. Тұлғаның еркіндік қасиеттері дамиды: зейіні, шыдамдылығы, еңбек ету іскерлігі тәрбиеленеді, нәтижесіне жетуге деген ынтасы, өзіне-өзі қызмет етуі, жұмыс орнын жинақтау тәрбиеленеді.

  1. Эстетикалық тәрбие- бейнелеу іс-әрекеті барысында эстетикалық қабылдау мен эмоциялардың дамуы жүреді, кейіннен олар эстетикалық ұайымдау, сезімталдыққа ауысады. Заттардың қасиеттерін анықтау балаларда келесі сезімдердің пайда болуына әкеледі: пішінің, түсін, ритмді, бөлшектердің пропорциясын сезінуге, сұлулық сезімін, бейнелі салыстыруды дамытады. Бейнеленетін заттың үйлесімділігі, түстердің байлығы, бейнелеу өнерімен танысу, суреттердегі бейнелердің ашықтығы балалардвн әстетикалық сезімталдығын дамытады.

Сонымен, бейнелеу іс-әрекетінің балаларда эстетикалық тәрбие, бейнелі ойлау, елестету және бейнелеуге қажетті дағдылар мен икемділіктері дамыған ғана жағдайда шығармашылық қасиетке ие болатындығы мәлім.

  1. Көмекші мектептегі бейнелеу өнері сабағында дидактикалық принциптердің жүзеге асырылуы.

Арнайы (түзету)жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнері бойынша бағдарлама сабақтың төрт түрін қарастырады: сәндік сурет салу, тақырыпқа сурет салу, затқа қарап сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгімелеу. Бұл сабақтырдың әр түрі эстетикалық тәрбиелеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, көзқарасын қалыптастыруға өз үлесін қосады, басқаша айтқанда тұлғаны жан-жақты дамытады.

Сурет салудың барлық түрінің ерекше міндеті – кемақылды (дамуында ауытқуы бар) балалардың даму кемшіліктерін түзету.

Бейнелеу өнеріне оқытудың негізгі сарамандық (практикалық) міндеті болып реалистикалық суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың тәсілдері мен дағдыларын меңгеру болып саналады. Мұғалім қарындашты қолда қалай дұрыс ұстау керектігін, сызықтарды қалай жүргізу керектігін көрнекі көрсетеді. Балалар түрлі сурет салатын материалдар мен құрал-саймандармен танысады, әдістемелік бірізділігін сақтай отырып суретті салуға үйренеді. Сурет салу сабағында бала қыл қаламмен және бояулармен жұмыс жасауға, қажетті түсті алу үшін бояуларды араластыруға үйренуі қажет.

Бейнелеу өнері сабақтары өздерінің мақсаты етіп балаларда басқада қасиеттерді дамытуды: жинақтылығын, жұмыс тәртібін ойлау іскерлігін, жоспар бойынша еңбек етуін көздейді.

Арнайы (түзете) жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу іс-әрекетіне оқыту жалпы мектептердегідей дидактиканың негізгі принциптеріне сүйенеді. Тек олар өзгертіліп кемақылды балалардың танымдық іс-әрекетін есепке алып өзгеше қолданылады. Адамдармен жинақталған көптің ішінен балалар меңгеретіндігін ғана таңдаймыз. Балаларға берілетін мәліметтердің, қалыптастыратын іскерліктердің ғылымилық принципі осыдан тұрады

Бейнелеу өнері бойынша бағдарламаны өту барысында балаларға берілетін барлық білімдер тәжірибелік бейнелеу іс-әрекетінің жетілуіне, оған кіретін іскерліктер мен дағдыларға ие болуына бағытталған.



Түсініктілік принципі оқу материалының балар жас ерекшелігіне сәйкес болуында көрінеді. Саналылық принципі балалармен алынатын білімдер мен іскерліктердің қызығушылықпен

игеруін, ал тек механикалық игеру болмауын көздейді.



Жүйелілік пен бірізділік принципі бейнелеу іс-әрекетінің тәрбие жұмысының барлық жақтарымен байланысын көздейді, бұл жерде жаңа іскерліктер мен дағдыларды игеруі меңгергенге сүйенуі қажет.

Көрнекілік принципі, көрнекілік барлық жағдайда нақты түсіндірумен бірге бірлесуі қажет Сонымен қоса сабақ барысында жеке ықпал ету де жүргізілуі қажет.

Сурет сабағында жалпы білім беретін міндеттердің шешілуінен басқа, ең алдымен оқушыларды оқыту барысында олардың психика кемістіктерін түзетуге зейін қойылады. Ол үшін арнайы мақсатталған дидактикалық әдіс – тәсілдер қолдану қажет, оларсыз түзету жұмысының нәтижелі болуы мүмкін емес. Сондықтанда арнайы мектептің дидактикасында спецификалық принцип – түзетуге бағытталған оқыту принципі бар. Ол оқушылардың танымдық іс-әрекетінің кемістіктерін жеңуге өз үлесін қосады, заттың пішінін, құрылысын, түсін, ұқсастығын, айырмашшылығын, кеңістікте орналасуын дұрыс қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі. Бұл принцип оқушылардың ақыл-ой операцияларын, талдауды, синтезді, салыстыруды, жұмысын жоспарлауды, сурет салудың бірізділігін табуын белсенді дамытады. Осы принципті жүзеге сәтті асыру барысында балалардың көру-моторлық бағдар етуі жетіледі, эмоциялық-еркін және қимыл-қозғалыс аумағында да белгіленген жылжу байқалынады.



  1. Арнайы (түзете) жалпы білім беретін мектептердегі бейнелеу өнері сабағы.

Арнайы (түзете) жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнеріне оқытудың мақсаттары. Бейнелеу әрекеті сезім мүшелерін дамытады және ойлаудың, бақылау, талдау, есте сақтау іскерлігінің дамуына негізделген көру арқылы қабылдауын дамытады; жігерлі қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік көзқарасты, қабылдауды тәрбиелейді, көркемдік тілдің ерекшеліктерімен таныстырады, өнерді түсінуге қажетті, эстетикалық сезімді (пішіндердің, қимыл-қозғалыстың, пропорциялардың, түстердің, түс қосындыларының сұлулығын көре білу іскерлігін) дамытады, қоршаған дүниені тануға, үйлесімді дамыған тұлға болуына көмектеседі.

Бейнелеу өнері сабақтары кемақылды балалардың даму кемшіліктерін түзетуге үлкен мүмкіншіліктер береді. Сабақтардың түзету бағыты – оқу процесінің міндетті шарты.

Бейнелеу өнерінің мектептегі курсы өз мақсатына келесіні кіргізеді:


  • тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызу;



  • жүйелі және мақсатталған тәрбие мен балаларда пішінді, құрылысын, көлемін, заттар түсін, олардың кеңістіктегі орнын дұрыс қабылдауын дамыту арқылы оқушылардың танымдық әрекетінің кемшіліктерін түзетуге мүмкіндікті туғызу; бейнеленетін заттың негізгі белгілерін анықтап, ұқсастығы мен айырмашылығын белгілеу іскерлігін дамыту;

  • оқушыларда талдау, синтез, салыстыру, жалпылау процестерін дамытуға көмек беру, оларда өз еңбектерін жоспарлау, суретті орындау бірізділігін белгілеу іскерліктерін (икемділіктерін) тәрбиелеу;



  • қимыл-қозғалыс аумағының кемшіліктерін түзету;

  • балаларды эстетикалық тәрбиелеу, олардың көркемдік көзқарасын дамыту;



  • оқушыларға қоршаған дүниені тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту;



  • оқушыларға реалистикалық суреттің қарапайым негіздері туралы білім беру; бейнелеу өнеріндегі іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру, жұмыстың негізгі техникалық тәсілдерімен таныстыру; еңбекке деген сүйіспеншілікті дамыту, ұқыптылыққа, еңбектегі дербестікке тәрбиелеу;



  • кеңістіктегі ойлау қабілетін дамыту, образды көзқарас пен елестетуді дамыту;



  • оқушыларды дүниелік бейнелеу өнерінің атақты еңбектерімен таныстыру; оларға деген белсенді эмоционалды – эстетикалық қатынасты тәрбиелеу; бейнелеу әрекетіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамыту;



Бейнелеу өнеріне мектепте оқыту, ең алдымен, жалпы білім беру мақсаттарын көздейді. Негізгі міндет – оқушылардың білім шеңберін кеңейту. Сурет салу баланың ақыл-ойын және эстетикалы дамытады, айналадағы дүниені тануға көмектеседі, зейін қойып бақылауға үйретеді және заттардың пішінің талдауға көмектеседі. Сонымен коса көз қаперін, кеңістіктегі ойлауын және образды елестету қабілеттерін дамытады.

Бейнелеу өнері бойынша сабақ түрлері. Арнайы (түзету)жалпы білім беретін мектептегі бейнелеу өнері бойынша бағдарлама сабақтың төрт түрін қарастырады: сәндік сурет салу,

тақырыпқа сурет салу, затқа қарап сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгімелеу. Бұл сабақтырдың әр түрі эстетикалық тәрбиелеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, көзқарасын қалыптастыруға өз үлесін қосады, басқаша айтқанда тұлғаны жан-жақты дамытады.

Сурет салудың барлық түрінің ерекше міндеті – кемақылды (дамуында ауытқуы бар) балалардың даму кемшіліктерін түзету.

Бейнелеу өнеріне оқытудың негізгі сарамандық (практикалық) міндеті болып реалистикалық суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың тәсілдері мен дағдыларын меңгеру болып саналады. Мұғалім қарындашты қолда қалай дұрыс ұстау керектігін, сызықтарды қалай жүргізу керектігін көрнекі көрсетеді. Балалар түрлі сурет салатын материалдар мен құрал-саймандармен танысады, әдістемелік бірізділігін сақтай отырып суретті салуға үйренеді. Сурет салу сабағында бала қыл қаламмен және бояулармен жұмыс жасауға, қажетті түсті алу үшін бояуларды араластыруға үйренуі қажет.

Бейнелеу өнері сабақтары өздерінің мақсаты етіп балаларда басқада қасиеттерді дамытуды көздейді: жинақтылығын, жұмыс тәртібін ойлау іскерлігін, жоспар бойынша еңбек етуін.

Сәндік сурет салу, затқа қарап сурет салу, тақырыпқа сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгімелесу сабақтарына кірісер алдында, оқушыларды оларға дайындау қажет.



Дайындық сабақтары. Дайындық сабақтарының мақсаты - балаларда мұғалімді тындау мен белгілі бір тапсырмаларды орындау іскерліктерін, икемділіктерін қалыптастыру, қарындашты (үлкен саусақ пен ортанғы саусақ арасында, үстінен сұқ саусағымен ұстап) және дәптерді (үстелдің шетіне параллельді, жазуда сияқты қисайтып емес) дурыс ұстауға үйрету, өшіргішті қолдануға үйрету (қағаз умаждалып қалмау үшін, қарындаш сызығын бір бағытта өшіру), түстерді атап жіктеуге үйрету, қолдан жіңішке және жуан сызықтарды жүргізу, түрлі геометриялық фигураларды және күрделі емес суреттерді салу, оларды шетінен шығармай бояуға үйрету.

Оқытудың дайындық кезеңінде мұғалім оқушылардың зейінің, қабылдауын, елестетуін, түсініктерін дамытуға, заттардың пішіні, көлемі, түсі, бөлшектерінің саңдары мен олардың бір біріне деген қатынасы бойынша орын алуы сияқты қасиеттерін көрсете білу іскерлігін, икемділігін дамытуға бағытталған жұмысты жүргізеді. Бұндай сабақтар көбіне оқушылардың ойын әрекетімен байланыстырылады. Ол үшін құрылысшы конструкторлар, геометриялық фигуралар және әр көлемді денелер, әр ұзындықтағы және еңді түсті картонның жолақшалары, суреттің үлгілері бар таблицалар (кестелер), геометриялық мозаика, сонымен қоса ұсақ заттар жиынтығы қажет.

Дайындық сабақтарында қимыл-қозғалыс аумағын түзетуге, саусақтар мен қол басының ұсақ қимылдарын, моторикасын жетілдіруге бағытталған жаттығуларды өткізу өте қажет. Оқушылар берілген бағытта қарындашпен қимылдарды саналы орындай алуға, қимылдың бағытын өзгерте алуға, қажетті нүктеде қимылды тоқтата алуға жетуді көздеу қажет.

Дайындық кезеңінде бірінші сынып оқушыларын қолдан тік, көлденең, тігінен сызықтарды салуға үйрету өте маңызды. Бастауыш сынып оқушыларын суретті дұрыс бояуға үйрету қиын. Бірінші сынып оқушыларымен сызықтар (штрихтар) қатты, түрлі бағытта шашыранды қимылдармен жасалады, бұл жерде түсті қарындаш нұсқаның, пішіннің сыртына шығып кетеді, ал суреттің өзінде көп ақ таңбалар қалады. Түс ажырату (түспен байланысты) сабақтары маңызды түзету-дамыту рольді атқарады және түсті айыруымен, түсті материалды таңдауымен, түс пен түстің әр алуан түрін талдаумен суретін салуымен байланысты кемшіліктерді жеңуге бағытталған. Сонымен, дайындық сабақтары өзіне, заттарды пішіні, көлемі, түсі, кеңістікте орналасуы бойынша ажыратуға бағытталған ойындар мен жаттығуларды, қол басы мен саусақтарға арналған гимнастикалық жаттығуларды, графикалық жаттығуларды жүргізуін, шаблондарды, трафареттерді, сүйеніш нуктелерді, ашық түсті үзілмелі сызықтарды, пішінді ауада көрсетуді және т.б. кіргізеді. Белгілі бір дайындықтан кейін, 1 сынып оқушылары кейбір білімдер мен іскерліктерге, икемділіктерге ие болған соң, пішіні мен құрылысы бойынша балаларға жақсы таныс және негізгі геометриялық формалармен ұқсастығы бойынша таңдалған күрделі заттарды бейнелеуге ауысуға болады. Сәндік сурет салу. Сәндік сурет салу көмекші мектеп оқушыларына түсінуге оңай түрі. Бұл оқу-тәрбиелік міндеттерін шешу үшін және балаларды эстетикалық тәрбиелеу үшін едәуір құндылық болып саналады. Сәндік сурет салу сабақтарында оқушылар сәндік-қолданбалы өнердің жақсы үлгілерімен жүйелі танысады. Халық шеберлерінің туындысын (еңбектерін) көрсету балаларға бұйымдардың әсемділігін, әдемілігін және оларды тұрмыста қолданудың пайдалылығын түсінуге көмектеседі. Сабақ барысында оқушылар кілемдерде, маталарда, ыдыстарда, қағаз бетінде өрнектерді, оюларды қолдану туралы мәліметтер алады, ағаш, сүйек, керамика, ойыншық бетіндегі көркемдік оюлармен және басқада тұрмыс заттарымен танысады.

Сәндік-қолданбалы өнер туралы қысқаша әңгімелерді халық шеберлерінің бұйымдарын, оқулық кестелерді (таблицаларды), репродукциялар мен фотосуреттерді көрсетуімен үйлестіріп белгілі бір дәрежеде оқушыларда эстетикалық сезімді қалыптастыруға көмектеседі.

Көмекші мектептегі сәндік сурет салу мазмұнына түрлі тұрмыста қолданылатын заттарды әшекейлеуге арналған жолақшаның, шеңбердің, төрт бұрыштың ішіне түрлі өрнектерді құрастыру кіреді, сонымен қоса мейрамдық ашық хаттарды, плакаттарды, шақыру билеттерін әшекейлеу, карнавалдық маскаларды салу және т.б. кіреді.

Сәндік сурет салу міндеттерінің біреуі- оқушыларды бояулармен және олардың қасиеттерімен таныстыру болып саналады. Сабақ барысында түстерді үйлесімді біріктіру іскерлігі, ою-өрнектердің элементтерін ырғақпен қайталау іскерлігі жасалып отырылатындығы кемақылды балаларға ерекше маңызды. Сәндік сурет салу сабақтарында үлкен орынды көрсету әдісіне бөлу қажет. Көрнекі көрсету – қандай әрекет жасаудың түсіндіруінің нәтижелі әдісі. Сәндік сурет салу сабақтары затқа қарап сурет салудың алдында өткізілуі қажет, өйткені олар оқушылардың техникалық және бейнелеу іскерліктерін, икемділіктерін қалыптастырады.

Затқа (натураға) қарап сурет салу. Затқа қарап сурет салу алдында бейнелеу объектісін бақылап, оның пішінің, түсін, құрылысын, бөлек детальдерінің (бөлшектерінің) өлшемдерін және олардың өзара орналасуын белгілеу, анықтау қажет. Затты жан-жақты зерттегеннен кейін оқушылар оны суретте, өз орнынан оны қалай көреді, солай салады. Сабаққа қажетті жабдықтар мен модельдерді дұрыс іріктеу (тандау) өте маңызды. Модельдерді іріктеу барысында әр сурет сабағының түзету және оқу-тәрбиелік міндеттерімен жетекшілену қажет және оқушылардың жасы мен бейнелеу ерекшеліктерін есепке алу қажет. Бейнелеу объектілерінің барлығы көру деңгейінен (көз қаперінен) кішкене төмен орналасуы қажет. Жұмыс барысында 2-3 ұқсас қойылым болуы керек. Ол барлық оқушыларға заттың жақсы көрушілігін қамтиды. Бастауыш сыныптардағы затқа қарап сурет салуға оқытудың негізгі міндеті – суретте еңі мен биіктігі, бөлшектері мен тұтастың сәйкестігін және заттардың конструкциясын (құрылысын) көрсетіп, балаларды сурет салуға үйрету.

Тақырыптарға сурет салу. Тақырыптарға сурет салу сабақтарының мазмұны болып қоршаған өмір құбылыстарын бейнелеу мен әдеби шығармаларының үзінділерін бейнелеу саналады. Тақырыптарға салынған

суреттерде түсті қарындаштармен қоса акварель және гуашь бояуларын қолдану қажет. Түзету мақсатында бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесі, оқушылардың сөйлеу тілі белсендігін күшейткен жағдайда, жоғарлай түседі.



Бейнелеу өнері туралы әңгімелер. Өнер туралы әңгімелер – оқушылардың идеялық және көркемдік тәрбиеленуінің маңызды құралы. Олар едәуір дәрежеде балалардың эстетикалық тәрбиеленуіне көмектеседі, олардағы түсініктер мен ұғымдарды анықтауға көмектеседі, оларды жаңа білімдермен және мәліметтермен қамтиды, сөйлеу тілінің және ойлаудың дамуына үлкен көмек береді. Мысалы, суретшілермен күз көрінісін бейнелеуі, бұл сабақтың мақсаты: оқушыларға суретшілердің куз көрінісін бейнелеген суреттеріне талдау жасату. Әрбір туындының шынайы да нанымды бейнелеуі әрі табиғи өзгерістердің әсерлі көріністерін табуы оқушыларға ықпал жасайды. Бұл жерде балаларға берілетін тапсырма болып әр түрлі иллюстрациялық

материалдар үйлестіру арқылы талдау жүргізу саналады. Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге жаттықтыру, тілін дамыту, сөздік қорын кеңейту. Қысқаша өздеріне түсінікті дәрежеде мазмұндама жазғызу арқылы оқушылардың өзіндік көз қарасын аңғару. Сабақ барысында келесі көркем шығармаларды пайдалануға болады (бағдарлама бойынша) И.Левитанның «Алтын күзі», Г.Алиевтің «Күмістелген кең даласы», Ү.Әжиевтің «Күзі», П.Поповтың «Жауынөшашынды күні», В.Власюктің «Күз ырғақтары», О.Таңсықбаевтың «Күңгірт қызыл күзі», т.б.



Әр сабақ қуаныш пен шаттыққа, эстетикалық ләззатқа толы, қызықты да әсерлі болуға тиіс. Ұстаз әрдайым шәкіртті ынталандырып отыруы үшін шығармашылық ізденіс үстінде болуы қажет. Шәкірт бойындағы кейбір жаттанды, құрғақ білім алу дағдысын жоятын жағдай туғызу қажет. Әрбір оқушының жеке көзқарасына, дүниетанымына тікелей әсер ету керек. Көркемөнерге деген ләзаттық сезім шәкірт жүрегінде терең ұялауы тиіс. Сонда ғана оқушылар зерделі түрде білім алады.

Бейнелеу өнері бойынша оқу сағаттарының бөлінуі


Сабақ түрлері

Сыныптар бойынша жылдағы сағат саны




Барлы







1

2

3




4













ғы

Дайындық

15

























15

жаттығулары































Сәндік сурет салу

5

14

14

10




8

8

8

8

75





































Затқа

(натураға)

7

15

15

15




5

5

2

2

106

қарап сурет салу.
































































Тақырыптарға

5

5

5

5




6

5

7

7

45

сурет салу































Бейнелеу

өнері

Тоқса

Тоқс

Тоқс

4




5

6

7

7

29

туралы әңгімелер

нда2

анда

анда




























рет

2 рет

2 рет


























































Итого:




32

34

34

34




4

4

4

4

270

. Көмекші мектептегі сабақ оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың негізі түрі

(формасы) ретінде сақталады. Сабақтар көбіне қиыстырылған (құрастырылған, комбинированный) типте жүргізіледі, бұл жерде бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі (өткенді қайталау, жаңа материалды түсіндіру, алынған білімдер мен іскерліктерді бекіту).

Сабақтың түріне тәуелсіз затқа қарап сурет салу ма немесе сәндік сурет салу ма жақсы ұйымдастырылған сабақтың нақты негізгі кезеңдерін анықтауға болады.

Арнайы (түзете) жалпы білім беретін мектептегі сурет сабағының жалпы ұйымдастырылатын құрылымы келесі түрде берілуі мүмкін:


  1. Дайындық бөлімі



  1. Ұйымдастыру кезеңі (балаларды жалпы ұйымдастыру, қажетті оқу жабдықтарын дайындау).

  2. Кіріспе әңгіме (зейіндерін мобилизациялау, эмоциялық қызығушылықты туғызу, оқушылардың бейнелеу іс-әрекетінің мотивациясын жоғарлату).

  1. Негізгі бөлім



  1. Бейнелеу объектісін талдау (натураны немесе үлгіні) пішіні, көлемі, құрылысы, түсі, кеңістікте орналасуы бойынша немесе сурет сюжетін анықтау бойынша (тақырыптық сурет салуда).



  1. Сурет салудың бірізділігін анықтау (іс-әрекетін жоспарлау).



  1. Жұмыс басындағы нұсқаулар (сурет композициясы және оны орындау техникасы бойынша, жіберілетін қателіктерді алдын ала айту).

  2. Оқушылардың сурет салуы мен бейнелеу іс-әрекеттері процестерін жетекшілік ету

(фронтальді, дифференциалды және жеке жетекшілік ету; балалардың назарын бейнелеу объектісіне қайта аудару; көріністерін өзектілеу, оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен стимуляциялау; сурет салу техникалық тәсілдерін қосымша көрсету және т.б.).

  1. Қорытынды бөлім



  1. Сабақ қорытындысын жасау (оқушылардың іс-әрекетін жалпылау; жұмыстарын қойылған міндеттер тарапынан қарастыру және талдау; балалардың зейінін жіберілген қателіктерге және сурет жетістіктеріне аудару; оларды оқушылармен және мұғаліммен бағалау)

  1. Үйге тапсырма.



  1. Сабақтың ұйымдастырылып аяқталуы.

Осындай сабақ жүйесі мен уақыттың бөлінуі сурет салу барысында оқушылардың іс-әрекетін үнемді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді.

  1. Сурет салу сабағында танымдық процестерді белсендіру үшін сөйлеу тілінің маңыздылығы.

Танымдық процестерге сөйлеу тілін қатыстыру (қабылдау, елестету және т.б.) бала тұлғасының дамуына жағымды әсер етеді, онсыз бейнелеу іс-әрекетінің дамуы мүмкін емес.

Сөйлеу тілі (мұғалімнің және оқушының) оқушының ойлауын ұйымдастырады, белсендіреді, қабылданатын материалдың бөлшектері арасындағы байланыстарды көруге көмектеседі және әрекетінің бірізділігін анықтауға көмектеседі.

Сөйлеу тілі графикалық іскерліктер мен дағдылардың қалыптасуына, балалардың сөйлеу тілінің дамуына, іс-әрекетке деген қосымша түрткі ролін орындайды.


  1. Сурет сабағындағы түзете-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің атқаратын ролі.

Көмекші мектептегі жетекші тұлға болып мұғалім саналады, ол кемақылды оқушылармен жұмыс жасау мазмұны мен спецификасын білуі қажет. Мұғалім-оқытушы оқушыларды оқу материалын саналы игеруге дайындауда негізгі орынды алады. Арнайы (түзете) жалпы білім беретін мектептің оқушылары мұғалімнің көмегісіз көптеген білімдерді, іскерлік пен дағдыларды игере алмайды.

Мұғалімге көмекші мектептің арнайы міндеттерін жүзеге асыруда, б.а. балалардың танымдық іс-әрекетін түзетуде шешуші роль атқарады. Бұл міндеттер жан-жақты тәрбиелік әсер ету барысында шешіледі. Жүргізілетін жұмыстың нәтижелігі тұтасынан мұғалімге тәуелді.



      • 5 лекция тақырыбы: Бейнелеу әрекетіне оқытудағы пропедевтикалық кезеңіндегі



    1. Бейнелеу әрекетіне оқытудағы пропедевтикалық кезеңіндегі түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Жүйелі сурет салу сабақтары басқа оқу пәндері сияқты арнайы дайндық жұмысын талап етеді, онсыз оқу процесін үнемді жүргізу мүмкін емес.

Бейнелеу өнері сабағындағы түзете –тәрбиелеу жұмысының дұрыс жоспарлауын қамтамасыз ету, тек егер мұғалім нақты оқушының іс-әрекетінің ерекшеліктерін біліп және оның оқуға деген даярлығы туралы көрінісі болса ғана мүмкін. Сондықтанда сурет салу пропедевтикасының ең алғашқы міндеті әр оқушының сипаттамалы ерекшеліктерін анықтау болып саналады.

Пропедевтикалық кезеңдегі сурет салуға үйрету қиын және күрделі әдістемелік міндет, өйткені кемақылды оқушыларды дамудың кешенді бұзылуы бар.

Дайындық кезеңі көпжоспарлы жұмыс. Осы кезеңнің негізгі мақсаты – сезімталдық тәжірибесін (көрі, есту, сезіну іскерлігін) қалыптастыру мен толықтыру саналады, бұл оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қажетті алғышарты болып саналады.



Сурет салу сабағында маңызды міндеттердің біреуі болып заттарды қабылдау мен оларды көлемі, пішіні, түсі, кеңістікте орналасуы бойынша ажырату іскерлігің қалыптастыру және сурет салу техникасын игеру іскерлігі саналады.

Пропедевтикалық кезеңінде оқушылар бірізділікпен бейнелеуге берілген заттарды, үлгілерді мақсатты бақылау іскерлігіне ие болады. Заттарды пішіні, көлемі, түсі тағы басқа қасиеттері бойынша ажыратуды түсінеде және дұрыс сәйкестіреді. Түрлі жаттығуларды орындау барысында ұсақ моторикасы дами түседі. Түсті қарындаштармен жұмыс жасау барысында өз қимылдарын реттеуге үйренеді, олардың бағытын, шапшандығын реттейді. Қимылдары үйлесімді, икемді бола түседі. Оқушылар мұғалімнің нұсқауларын орындауға үйренеді. Олардың іс-әрекеті ұйымдастырыла бастайды. Бұнын барлығы сәндік сурет салу, тақырыптарға сурет салу жүйелі сабақтарына ауысуға мүмкіндік береді.



  • 6 лекция тақырыбы: Қолданбалы сәндік өнері және оның ерекшелігі. Түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Лекция тезистері

  1. Қолданбалы сәндік өнері және оның ерекшелігі. Қолданбалы сәндік өнері сабағындағы түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Сәндік сурет салу (латын сөзінен аударғанда «декор» - «өрнек») – бұл тұрмыста қолданылатын түрлі заттарды әшекейлеуге арналған ою-өрнектерді салу, түрлі плакаттарды және т.б. әшекейлеу. Кемақылды баланың дамуында сәндік сурет салудың маңызы өте зор. Халық сәндік-қолданбалы өнермен байланысты бейнелеу іәрекетінің бұл түрі оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне өз үлесін қосады. Ол көмекші мектеп оқушыларына басқаларға қарағанда түсінікті болғандықтан сурет салуға жүйелі оқытуды осы жұмыс түрінен бастайды.

Сәндік сурет салу объектілердің нақты пішіні, құрылымы туралы білімдерді дәл білуді мұқтаж етпейді, мысалы олар затқа қарап сурет салуда өте қажет. Ою-өрнектерді құрастыру барысында оқушылар қарапайым бейнелеу элементтерін және қарапйым детальдерді қолданады, оларды кезектеп не қайталап отырады.

Түсі, пішіні, көлемі бойынша кезектестіру оқушылармен көптеген элементтер санын туғызуға көмектеседі.

Композиция, б.а. бөлшектердің орналасуы мен өзара байланысы сәндік-қолданбалы сурет салуда қарапайым болуы мүмкін. Ою-өрнектің кеңістікте ұйымдастырылуы, балаларға дайын геометриялық кескінді (шеңбер, жолақша, шаршы) беріп оны сәйкесті суретпен толтыруы арқылы

жеңілдетіледі Басқа жұмыстар кемақылды оқушылардан қағаз бетіне бейнені дұрыс орналастыруын дербес шешуді талап етеді.

Сәндік сурет салуға үйрету барысында келесі әдістерді қолданады: әңгіме, түсіндіру мен көрсету (көрнекі көрсету), мұғаліммен бірізділікпен сурет салуын көрсетуі, сабаққа даярланған үлгілерді қолдануы.

Сәндік сурет салу сабақтарында ақ қағаз бен түсті қарындаштардан, акварель бояунан басқа түсті қағаздар мен гуашьты кеңінен қолдануға болады.

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1-9, 24, 25, 29.

Қосымша әдебиеттер: 30-32, 34, 39, 41-43.

Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 44-50.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 51-54.

Интернет көздері: 55-60.



  • 7 лекция тақырыбы: Затқа қарап (натурадан) сурет салу және оның өзгешелігі. Түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Лекция тезистері

  1. Затқа қарап (натурадан) сурет салу және оның өзгешелігі. Затқа қарап (натурадан) сурет салу сабағындағы түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Зиятында ауытқуы бар балаларға арналған арнайы (түзете) жалпы білім беретін мектеп оқушыларына затқа қарап бейнелеу белгілі бір қиындықты туғызады, өйткені олар бейнелеу объектісін дербес, мақсатталған бақылау мен талдауды жүргізе алмайды (оның пішінің, құрылысын, бөлшектерінің көлемін, олардың өзара орналасуын және түсін айыра алмайды). Затты қарастыра отырып оқушылар жалпы затты тануымен шектеледі, оның бөлшектеріне көңіл аудармайды. Сондықтанда затқка қарап бейнелеу көбіне еске сақтап бейнелеумен, еске түсіру арқылы бейнелеуге алмасады.

Мұғалім баланы затты «көруге» үйретеді, затты бақылау мен зерттеу іскерлігін қалыптастыруға асығады, бірақ кемақылды балалар өздерінің жас және психикалық-физикалық ерекшеліктеріне байланысты еске түсіру арқылы бейнелейді, оның ішінде объектінің тек жалпы, негізгі белгілерін ғана бейнелейді.

Сонымен, алғашқы міндет болып оқушыларды табиғи затты (натураны) бірізділікпен және мақсатталған бақылауға үйрету саналады, ал кейінгі кезеңдерде бейнеленетін затты дұрыс қабылдап графикалық түрде бейнелеу іскерлігін қалыптастыру саналады.

Кемақылды балалардың жеткіліксіз белсенділігі мен қабылдау процесінің әлсіз мақсатталғандығы мұғалімнен затқа қарап сурет салу сабақтарындағы олардың әрекеттерінінің ерекше ұйымдастырылуын талап етеді. Бұған сабақты өткізуге дейін кірісу керек. Ең алдымен мұғалімге қажетті жабдықтарды дайындау қажет.

Үлкен рольді модельдерді дұрыс таңдау (іріктеу) атқарады. Бұл жерде әр сурет сабағының оқу-тәрбиелік міндеттерімен жетекшілену қажет және оқушылардың жас және бейнелеу ерекшеліктерін есепке алу қажет. Модельдердің құрылысы нақты (дәл) және күрделі талдау мен синтезді талап етпейтін болуы қажет. Бейнеленетін зат оқушыларға қызықты болуы -өте маңызды№ Сонымен қоса заттың түсі де негізгі роль атқарады. Түсті заттар пішінді жақсы қабылдауға көмектеседі, өйткені оқушылардың көңілдерін, түссіздерге қарағанда, өздеріне аударады.

Оқушылардың көру деңгейінен кішкене төмен бейнелеу объектілерін орналастыру, 2-3 ұқсас қойылым болу қажет. Бұл барлық оқушыларға затты жақсы көруін қамтамасыз етеді. Көлемдері кішкентай модельдерді (тал жапырақтары, көбелек және т.б.) әр оқушыға таратады.

1-4 сыныптарда оқушылар затқа қарап бейнелеуде көбіне жазық, еңдері кішкентай ғана заттарды салады, олар бейнелеу үшін жеңіл жағдайда орналастырылады (фронтальді, папка, кітап).

Көлемді заттар, оқу бағдарламасымен ұсынылып, өзіне бір пішінді кіргізіп құрылысы күрделі емес болуы қажет (ұшатын шар, доп, алма, алмұрт және т.б.). Өзіне бірнеше пішінді біріктіретін бейнелеу объектілері оқушыларға жақсы таныс болуы қажет (грузовик, трактор және т.б.).

Тік сызыққа (осьқа) тәуелді өзгерген жағдайда орналасқан заттарды қабылдаудағы қиыншылықтар тууымен байланысты, кейде модельдерді қисық орналастыру қажет (тауға көтеріліп бара жатқан машина).

Затқа қарап бейнелеу сабақтарында оқушыларда өз суретін натурамен –табиғи затпен салыстыруды және суреттің жеке детальдерін өзара ыңғай салыстырудың қажеттілігін қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін балаларда ортанғы остьк линияны (сызықшаны) қолдану іскерлігін дамыту қажет

Сонымен қоса қосымша жеңіл сызықшаларды қолданып дұрыстығын тексеру іскерліктерін де дамыту қажет. Бұған назарды 3-4 сыныптарда аудару қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет