МоөЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет1/2
Дата20.04.2020
өлшемі20.99 Kb.
түріНұсқаулар
  1   2


МОӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Қазақ тілінің ғылыми грамматикасы пәнінің негізгі мақсаты – қазақ тіл білімі грамматикасының жалпы табиғатын терең ашу және түсіне білу, грамматика құрылымы мен функциясы қағидаларын, грамматикалық тұжырымдарды салыстыра білу, морфология мен синтаксистің бір-біріне әсер ету заңдылықтарымен, өзара тығыз байланысын нақты айқындай білу, тіл білімі салаларын меңгерту, практика мен теорияны ұштастыруға дағдыландыру, фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксиситік талдаулар жасауға үйрету.

Магистрант осы пәнді оқу барысында келесі іскерлік дағдыларын меңгеретін болады. Болашақ маманға тән негізгі іскерліктерге мыналар жатады: 



  • қазақ және орыс лингвистикасы категорияларын салғастыра талдай білу және орынды қолдана білу;

  • қоғамның әртүрлі саласында грамматикалық ережелер негізінде әртүрлі мәтіндерге сараптама жасауы тиіс;

  • магистранттар мәтін лингвистикасы теориясының зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білуі керек.

Бұған қоса, магистрант гуманитарлық пәндер сабақтарында тәжірибе жасау, оның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан талдай білу, мәтіндерді талдау бойынша қалыптасқан практикалық машықтарды жан-жақты қолдана білу іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс.

МОӨЖ орындау барысында магистрант грамматикалық теория жөнінде білім және түсініктері болуы, грамматикалық тұрғыда талдауда білім және түсініктерін қолдана білу, лингвистикалық талдай білуді қалыптастыру, академиялық грамматикаға сыни баға берудегі коммуникация, академиялық грамматикалық ерекшеліктерді айқындай білудегі оқу дағдылары осы курс барысында қалыптастырады.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет