Лекцияның жоспары : Тазалау әдістері мен жуу құралдары Кептіру



бет7/20
Дата26.12.2021
өлшемі132,88 Kb.
#105754
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
МХЭЖА лек 1-4
Физика 10 сынып ЖМБ өзгерген 2019-2020, алтын күз, Методичка ENS8 2, Викториналық сұрақтар.doc, Ðåöåïò 1 Àë Ãåêñàìåòèëåíòåòðàìèí (ìåòåíàìèíà) 2,0 Öèíêà îêñèä³
Өлшемді ыдысты жуу

Өлшемді ыдысты жуу әдісі мен құралдары ГОСТ 8.234-77 бойынша жүргізіледі.

Бюреткаларды және шыны тетіктері бар басқа да қондырғыларды жуудың алдында олардың муфталарын босатып, майланған бөліктерін диэтил эфирімен (немесе петролейлік эфирмен) жұқпадан тазартады. Соңынан тетікті муфтаға орналастырып, оны резеңкемен бекітеді. Ыдысқа 2 %-тік сабын ерітінідісін құйып, оның ішіне қағаз кесіктерін салып шайқайды. Бюреткаларды сабын ерітіндісін құйып ершпен немесе резеңке түтіктің кесіндісі кигізілген ұзын шыны таяқшамен жууға болады. Сабынныңерітіндісін төгіп алдымен бюретканы ағын сумен, соыңынан дистилденген сумен шаяды. Егер мұндай тазалау жолы жеткіліксіз болса, онда ыдысты 15-20 минут конц. Н24 немесе хромдық қоспамен өңдейді. Соңынан ағын су және дистилденген сумен шаяды.

Бюреткаларды этанол мен конц. НNО3 қоспасымен тазалау қолайлы. Ол үшін бюретканы ауа тартатын сөренің астына орнатып, 3 мл спирт және ақырындап түтіктің қабырғасының бойымен 4 мл конц. НNО3 қосады да бюретканы төңкерілген пробиркамен жауып қояды. Бөлініп жатқан азоттың тотықтары ыдыстың қабырғасын жақсытазалайды. Аңын және дистилденген сумен жуу сөренің астында жүргізіледі.

Өлшемді ыдыс қатты ластанған жағдайда оған қышқыл немесе сілті қосылған КMnО4-тің ерітіндісін құйып 1 тәулік өңдеуге қояды. Соңынан ерітіндіні төгіп, қабырғада пайда болған МnО2-нің қоңырқай дақтарын конц. НСІ-мен тазалайды да сумен шаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет