Лекцияның жоспары : Тазалау әдістері мен жуу құралдары Кептіру


Жуу үшін концентрлі күкірт қышқылын қолдану



бет5/20
Дата26.12.2021
өлшемі132,88 Kb.
#105754
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
МХЭЖА лек 1-4
Физика 10 сынып ЖМБ өзгерген 2019-2020, алтын күз, Методичка ENS8 2, Викториналық сұрақтар.doc, Ðåöåïò 1 Àë Ãåêñàìåòèëåíòåòðàìèí (ìåòåíàìèíà) 2,0 Öèíêà îêñèä³
Жуу үшін концентрлі күкірт қышқылын қолдану. Барийдің сульфатымен ластанған ыдысты күкірт қышқылымен өңдегенде барийдің гидросульфаты, яғни суда еритін қосылыс түзіледі.

BaSO4 + H2SO4 --- Ba(HSO4)2


Жуу үшін аммиакты қолдану. Күмістің хлоридімен ластанған ыдысты аммиактың судағы ерітіндісімен өңдегенде суда ерімейтін тұз комплекстік суда еритін күміс аммикатының хлоридіне айналады.

AgCl + NH3 ---- [AgNH3]Cl


Хром қоспасымен жұмыс жүргізу. Хромның қоспасын бірнеше тәсілдермен әзірлейді:

А) 458 мл суға 92 г натрийдің хроматының дигидратын ерітеді және соңынан 800 мл күкірт қышқылын (концентрлі) қосып араластырады. Осындай жолмен әзірленген қоспаны оның түсі жасыл түске боялғанша бірнеше рет қолдануға болады.

Б) 100 мл концентрлік күкірт қышқылына 9,9 г калийдің бихроматын қосады және араластырады.

В) 100 мл концентрлік күкірт қышқылына 10 г 50 %-тік натрийдің бихроматының сулы ерітіндісін қосады және араластырады.

Г) Ұнтақталған 15 г калийдің бихроматын 100 мл ыстық суда ерітеді. Ерітіндіні суытып соңынан араластыра отырып 100 мл концентрлі күкірт қышқылын қосады.

Д) 200 г ұнтақталған калийдің бихроматын 1 литр концентрлік азот қышқылында ерітеді. Азот қышқылды хром қоспасы әдеттегі қоспалардан тұрақты және жуғыш қасиеті жағынан олардан асып түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет