Үлгілі ауылындағы орта мектеп Ақдала бастауыш мектебімен кмм бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ отырысы


Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру



бет12/16
Дата11.12.2021
өлшемі206 Kb.
#99156
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін белсендендірудің педагогикалық жағдайлары
көрнекі қралдарды пайдалану, көрнекі қралдарды пайдалану, Туынды. Натурал көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы, Туынды. Натурал көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы, Туынды. Натурал көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы, Сабақтың конспектісін құруда әдіс – тәсілдерін пайдалану., Қозғалысқа берілген есептер шығаруды пысықтау, Қозғалысқа берілген есептер шығаруды пысықтау, Рунге кутта схемасы
2.4. Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру

Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.


Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.

Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі: Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.


Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет