Тоғызқұмалақ үйренейік! 1 сабақ



бет1/14
Дата20.01.2022
өлшемі67,86 Kb.
#129543
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Тоғызқұмалақ үйренейік
То санды жиынты ба алауды спецификациясы 9-сынып Н р-С лтан , То санды жиынты ба алауды спецификациясы 9-сынып Н р-С лтан , Қорғаныста ойнау., 17., ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР

Тоғызқұмалақ үйренейік! 1 сабақ

    Құрметті сайт пайдаланушылар! Сіздерге арнап ұлттық спорт – тоғызқұмалақ ойынының ерекшелігі мен оның ойналу ережелері жайлы арнайы сабақтарды жариялауды жөн көрдік. Тоғызқұмалақ ойының үйрену – үлкен математикалық мектепті меңгергенмен тең дейді спорт мамандары. Өзінің жаңғыру кезеңін бастан кешіп жатқан түріктің төл ойыны ата-бабамыздан бері келе жатқан игі дәстүр. Ал оны қазіргі қоғам арасында кеңінен насихаттау мен ұрпақ сабақтастығында жалғастыру – сіздер мен біздердің еншімізде. Бұл ойынды меңгеріп кетсеңіздер ұтылмайтындарыңызға кепіл бола аламыз. Жалпы тоғызқұмалақ ойыны өте тартысты да қызықты ойын. Әсіресе жасөспірімдердің зейіні мен ес-қабілетін арттыруда оған тең келетін спорт түрі жоқ десе де болады.

 

    Тоғызқұмалақтың тарихына үңілсек...



    Тоғызқұмалақ ойынының сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай 4 мың жылдық тарихы бар. Оны түркі тілдес халықтардың ішінде қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрік және Алтай елдерінде ойнайды.

    «Тоғызқұмалақ» ойыны көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол – тірі тарих.

    Тарихты білу тектілікке саналады. Бабаларымыз ұрпағының білекті де, жүректі болуымен қатар ақылды болуына да қатты алаң болған. Сол себепті де осы өнерді дүниеге келтірген.

    Қазіргі уақытта  тоғызқұмалақ ойынын тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар  Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Монғолия, Түркия және Германия мемлекеттерінде де ойналады. Мемлекетіміздің спорт мектептерінде тоғызқұмалақ  бөлімшелері ашылып, мектептерде тоғызқұмалақ үйірмелері жүргізіледі. Павлодар облысында  тоғызқұмалақ ойыны революцияға дейін де кең тараған.

    Облыстық өлкетану музейінде Павлодар облысы Успенка ауданы Тобыл аулында туған  Әбікәрім  Есалиновтың (1870-1965 жж.) өз  қолымен жасап шығарған тоғызқұмалақ тақтасы сақталған.

    Павлодар  қаласында 1967 жылы тоғызқұмалақ  ойынынан «Еңбек» атты тұңғыш чемпионат өтті.  Сайысты ұйымдастырған «Қызыл ту» (қазіргі облыстық «Сарыарқа самалы») газетінің жұмыскері еді.

    1987 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде тоғызқұмалақ ойыны қолға алына бастады. 1987 жылы  оқушылар мен жасөспірімдер арасында  жарыстар өткізіле бастады. 

    Тоғызқұмалақ ойыны тек Павлодар қаласында ғана емес, сонымен қатар облысқа қарасты аудандарда да қарқынды дамыды. Атап айтар болсақ, Лебяжі, Баянауыл, Ертіс, Қашыр, Успенка, Май аудандары.

    Лебяжі ауданында тоғызқұмалақ ойынының жаттықтырушысы әрі дамытушысы Қарақала ауылының тұрғыны Исатай Капаев (1940-1985 жж.) ұлттық ойынды қайта жаңғыртуға көп үлес қосты. Ол тек қана аудан көлемінде ғана емес, республикалық жарыстарға да қатысып отырды.  1985 жылы оның шәкірті Серік Махмұтов республика деңгейіндегі үздік ойыншы жүлдесіне ие болды.

    1999 жылдан бастап №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды. Үйірменің сол бір құрылғанынан бергі уақытта осы мектептен үш спорт шебері және он бес спорт шеберлігінен үміткер шықты. Мектеп оқушылары республикалық және халықаралық  жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

    Павлодар қаласындағы тоғызқұмалақ үйірмесінің шәкірттері республикадағы ең мықты деген ойыншылардың қатарына енді.  

    Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газеті соңғы 3 жыл қатарынан басылым жүлдесіне тоғызқұмалақтан облыстық ашық жарыс өткзіп келеді. Оған жыл сайын 160-тан 200-ге дейін бала қатысады.

 

 Тоғызқұмалақ үйренушілерге толықтырма сабақ



    Тоғызқұмалақтың жалпы сипаты мен оның қандай ойын екендігі жайында сөз қозғалғанда алдымен тоғызқұмалаққа нендей құралдар қажет екендігі ауызға оралады. Қарапайым тілмен сипаттасақ, оның арнаулы тақтасы болады. Оны тең екіге бөліп, ағаштан ойып немесе пластмассадан құйып жасайды. Әр жағында құмалақ салатын тоғыз-тоғыздан отаулары (кейде оны “ұя” деп те атап жүр), бір-бірден көлдеңен орналасқан құмалақ жинайтын орындары – қазандары бар. Әр жағының отаулары солдан оңға қарай бірден тоғызға дейінгі рет сандарымен белгіленеді. Әрбір ойыншының қазаны тақтаның өз бөлігіндегі ішкі жағында емес, қарсыласы жағында орналасқан. Әр отаудың өз аты бар: 1 – арт, 2 – тектұрмас, 3 – ат өтпес, 4 – атсыратар, 5 – бел, 6 – белбасар, 7 – қандықақпан, 8 – көкмойын, 9 – маңдай. Отаулардың әрқайсысына тоғыздан құмалақ салынады, екі ойыншы сонда жалпы жиыны 162 құмалақпен ойын өрбітеді. Құмалақтар ертеде сүйектен ойылып жасалып келген екен. Бүгінде ол пластмассадан шар пішіндес болып құйылады.

 

Төменде тоғызқұмалақтың ойын тақтасы берілген:



 

                                 ҚАЗАН

    9       8      7      6        5       4       3       2     1

о

т

а

у

л

а

р

 

 

о

т

а

у

л

а

р

 

 

  1       2       3       4       5        6       7       8      9

 ҚАЗАН

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет